15 маусым күні елорда тұрғындары мен қонақтарын ерекше музыкалық кеш — «Gelato Con Caffé!» атты италиялық шоу-концерт күтеді. Кеште әйгілі италиялық композиторлардың шығармалары орындалып, шынайы еуропалық атмосфера қалыптасады.
Сахна төрінде — Қ.Жұмакенов атындағы үрмелі оркестр мен Е.Рахмадиев атындағы филармонияның солистері. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық байқаулардың лауреаттары қатысады. Шараның көркемдік жетекшісі — Никита Почиталин, дирижер — Дархан Рахымғалиев.
Кеш шеңберінде көрермендер классикалық музыка мен қазіргі заман әуендерінің үндестігін тамашалап, әйгілі Лучано Паваротти, Тото Кутуньо, Адриано Челентано, Эрос Рамазотти сынды әртістердің шығармаларынан шабыт алған интерпретацияларды тыңдайды.
15 маусым 2025 жыл, 17:00 Өтетін орны: Астана қ., Кенесары көшесі, 32 — Филармонияның Концерт залы
Билеттер: Freedom Ticket сайтында
Байланыс: +7 (7172) 75 23 83 | +7 (702) 303 47 24