Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын ASTANA FILARMONIA FEST 2025 аясында өтетін ерекше өнер кешіне шақырамыз!
2025 жылғы 25 маусым күні, сағат 20:00-де Парк Астана амфитеатрында қазақ музыкасының көрнекті өкілі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған «Әнім сен едің» атты музыкалық кеш өтеді.
Бұл кеш – ұлт жүрегінен орын алған сазгердің шығармашылығына арналған музыкалық тағзым. Әуезге толы әсерлі кеште Шәмші әндері жаңаша өңделіп, симфониялық, этно және заманауи бағытта ұсынылады.
Кешке қатысушылар:
• Филармония солистері
• Қазақ оркестрі
• Үрлемелі оркестр
• «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі
• «Шалқыма» халық би ансамблі
• «Қорқыт» этно ансамблі
• «ALEM» заманауи би балеті
Байланыс телефондары:
📞 +7 (7172) 75 23 83
📞 +7 707 222 12 41
📸 Instagram: @astana_filarmoniasy
⸻
Бүкіл қазақ жұрты сүйіп тыңдайтын Шәмші әндерін бір сахнада тыңдауға мүмкіндік жіберіп алмаңыз!