Skip to main content

“Carmina Burana” – жазғы музыка кеші

Filarmonia Fest 2025 аясында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына әлемге әйгілі Карл Орфтың “Carmina Burana” вокалдық-симфониялық туындысы ұсынылады. Бұл кеш – өнер сүйер қауым үшін ерекше музыкалық оқиға болмақ.

Концерттің дирижері – Болгариядан арнайы шақырылған маэстро Диан Чобанов.
Солистер:
• Фируза Рахметова
• Азамат Жылтыркөзов
• Талғат Аллабиринов

Орындаушылар құрамында:
• Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі және камералық хоры
• Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының камералық хоры
• Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының камералық хоры

Орындаушылардың кәсіби шеберлігі мен Карл Орф музыкасының қуаты бірегей атмосфера сыйлап, көрерменге ұмытылмас әсер қалдырады.

Билеттер Freedom Ticket сайтында және Halyk Bank қосымшасында қолжетімді.
Қосымша ақпарат: +7 (7172) 75 23 83
Instagram: @astana_filarmoniasy

Өтетін уақыты: 26 маусым 2025 жыл, сағат 20:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Тұран даңғылы 2/6, Амфитеатр
Жас шектеуі: 7+


  • Күні:

    Маусым 26, 2025
  • Басталуы:

    20:00