Астаналық көрермендерге керемет жаңалық! Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше музыкалық кешке шақырады – “TV SERIES EVOLUTION” концерті!
Бұл кеш — сіздің сүйікті сериалдарыңыздың музыкасын тірі оркестр орындауында тыңдайтын мүмкіндік. Кино және телесериал әлемінде өз орнын алған, бірнеше буын көрерменнің жүрегінен орын тапқан туындыларды еске түсіруге дайын болыңыз!
Концертте шырқалатын сериал саундтректері қатарында:
• Friends
• Santa Barbara
• Game of Thrones
• Hélène et les garçons
• Великолепный век
және тағы басқа танымал телетуындылардың музыкалары.
Әрбір шығарма — оркестрдің жаңа аранжировкада, көркемдік өңдеумен, ерекше сахналық атмосферада орындалатын музыкалық сапары.
12 қыркүйек 2025 жыл
🕖 19:00
📍 Астана қаласы, Кенесары көшесі, 32 (Филармонияның концерт залы)
Билеттер Freedom Ticket және Halyk Bank платформаларында қолжетімді.
📞 Байланыс нөмірлері:
+7 (7172) 75 23 83
+7 702 303 47 24
Жас шектеуі: 7+
📍 Instagram: @astana_filarmoniasy