Skip to main content

«Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі филармонияда орындалады

 

2025 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 12:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында Сергей Прокофьевтің әйгілі «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі ұсынылмақ.

Бұл шығармашылық жоба балалар мен жасөспірімдерге классикалық музыканы жақындату мақсатында ұйымдастырылып отыр. Әлемдік музыка өнерінің үздік үлгілерінің бірі саналатын «Петя мен қасқыр» жас тыңдарманға қызықты сюжет пен әр кейіпкерге арналған музыкалық сипаттамалар арқылы классиканы жаңа қырынан танытады.

Көркемдік жетекші – Абзал Мұхитдин.
Солистер: Гүлназ Жолданова, Ильмира Ардашева, Альфия Мұқан, Ксения Хахлова, Татьяна Штогрина.

Көрермендер бұл кеште музыка мен әдебиеттің тоғысқан ерекше қойылымына куә болып, балаларға арналған симфониялық ертегінің ғажайып әлеміне саяхат жасайды.

Филармония ұжымы өнерсүйер қауымды осы тамаша музыкалық оқиғаға шақырады.


  • Күні:

    Қыркүйек 20, 2025
  • Басталуы:

    12:00