Skip to main content

«Арқауы – өнер, өрнегі – күй» атты жеке концерт өтеді

 

2025 жылдың 24 қыркүйек күні сағат 19:00-де Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның Концерт залында «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіпованың жеке концерті өтеді.

Кеште дәстүрлі өнердің жауһарлары — шоқтығы биік күйлер мен классикалық туындылар орындалып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйланады.

Филармония ұжымы өнерсүйер қауымды қазақ күй өнерінің әсем әлеміне саяхат жасауға шақырады.


  • Күні:

    Қыркүйек 24, 2025
  • Басталуы:

    19:00