Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония тыңдармандарын
«Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты танымдық дәріс-концертке шақырады. Шара 27 қыркүйек күні сағат 12:00-де Камералық залда өтеді.
Концертті «Сарыарқа» халық музыка ансамблі ұсынады. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі – мәдениет саласының үздігі, күйші-композитор Тоғжан Жахин.
Кеш барысында көрермендер қазақ халқының ұлттық аспаптарымен танысып, олардың ерекшелігі мен үнін тамашалайды. Сондай-ақ кез келген халық аспабында ойнап көру мүмкіндігі ұсынылады.
Өтетін орны: Астана қаласы, Абая даңғылы, 29,
Филармонияның Камералық залы.
Қосымша ақпарат: +7 (7172) 75-23-83, +7 (747) 363-96-85