Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония жаңа XXVII концерттік маусымының ашылуын ұсынады. Салтанатты концерт 1 қазан күні сағат 19:00-де Филармонияның Концерт залында (Кенесары көшесі, 32) өтеді.
Кеш бағдарламасында әлемдік классика жауһарлары орындалады:
• Густав Малер – Симфония №1, ре мажор («Титан»),
• Камиль Сен-Санс – Скрипка мен оркестрге арналған №3 концерт, си минор, op. 61,
• А. Серкебаев – «Променад».
Концерттің солисі – белгілі скрипкашы Багдат Әбілханов.
Дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин.
Бұл кеш – музыка сүйер қауымға жаңа маусымның жарқын бастауын паш етіп, классикалық өнердің шынайы сұлулығын сезінуге мүмкіндік береді.
Өтетін орны: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 32,
Филармонияның Концерт залы.
Қосымша ақпарат: +7 (7172) 75-23-83, +7 702 891 70 44