Skip to main content

«Арқадан Алатауға сазды сәлем»

2025 жылғы 6 қазан күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Қазақ оркестрі «Арқадан Алатауға сазды сәлем» атты концертін ұсынады.

Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов.
Дирижері – ҚР Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.

Бұл концерт көрермен қауымға дәстүрлі қазақ музыкасының әсем сазы мен оркестрдің жоғары кәсіби орындаушылық шеберлігін паш етеді.

Өтетін орны: Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы (Алматы қ.)


  • Күні:

    Қазан 06, 2025
  • Басталуы:

    19:00