2025 жылғы 11 қазан күні сағат 17:00-де Астана қаласындағы филармонияның Камералдық залында Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Сарыарқа» халық музыка ансамблі «Көне сарындар» атты концертін ұсынып, өзінің XXVIII концерттік маусымын ашады.
Көркемдік жетекшісі – Тоған Жахин.
Көрермендерге халқымыздың бай музыкалық мұрасын жаңғыртатын, көне дәуірден сыр шертер әуезді шығармалар орындалады.
Өтетін орны: Астана қ., Абай даңғылы, 29, Филармония, Камералдық зал.