Skip to main content

ХОР МУЗЫКАСЫНЫҢ КОНЦЕРТІ

ХОР МУЗЫКАСЫНЫҢ КОНЦЕРТІ

Халықаралық байқаулардың лауреаттары

Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының

КАМЕРАЛЫҚ ХОРЫ

КОНЦЕРТ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІНДЕ ӨТЕДІ

Ұзақтығы 1 сағат 20 минут

Жас шектеуі 10+ екендігіне назар аударуды сұраймыз

Дирекция орындаушылар мен орындалатын шығармаларды ауыстыру құқығын өзіне қалдырады

Хор музыкасы кешінің бағдарламасында хор өнерінің сан түрлі қырын: рухани тереңдігін мен лирикалық сыршылдығын және дүнияуи көркем поэзияны айқын көрсететін С.Рахманинов, Ф.Пуленк және И.Брамс шығармалары ұсынылады.

С.Рахманиновтың «Фортепианоның сүйемелдеуіндегі алты хоры», шығ. 15, Ф.Пуленктің әсерлі Litanies à la Vierge Noire («Қара Дева Марияға арналған литаниялар») және И.Брамстың Liebeslieder-Walzer («Махаббат әндері» вальстері) таңдаулы топтамасы шырқалады.

Концерт орындаушысы Қазақстанда да, шетелде де жақсы танымал кәсіби ұжым Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық хоры. Хордың бай репертуары әлемдік және ұлттық хор классикасының шығармаларын қамтиды. Көптеген гастрольдік сапарлар, беделді концерттік алаңдарда өнер көрсету, сондай-ақ республикалық және халықаралық байқаулардағы жеңістері ұжымның орындаушылық шеберлігі мен көркемдік мәдениетінің жоғары деңгейін айғақтайды.

БАҒДАРЛАМА

С.Рахманинов. Фортепианоның сүйемелдеуіндегі алты хор, шығ.15

Ф.Пуленк. Litanies a la Vierge Noire, FP 82

И.Брамс. Liebeslieder Walzer, оp.52

ОРЫНДАУШЫЛАР:

Халықаралық байқаулардың лауреаттары

Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының КАМЕРАЛЫҚ ХОРЫ

Көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира ҚҰТТЫБАДАМОВА

Бас хормейстер Данара ТАШАТОВА

Фортепиано партиясы Роза ШОТҚАЛИЕВА, Гүлден БАЗЫКЕН

«Астана Опера» МОБТ-дан сатып алынған билеттер спектакльдің өткізілмеуі немесе басқа күнге ауыстырылуы кезінде ғана айырбасталуға және қайтарылуға тиіс. Өзге жағдайларда қайтару мен айырбастау жүргізілмейді.


  • Күні:

    Сәуір 09, 2026
  • Басталуы:

    19:00