Skip to main content

Сол бір кез

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблі сәуір айының 17 жұлдызында «Сол бір кез» атты ретро концертін көрермен назарына ұсынады.Филармония концерт залы, басталуы 19.00.

Ұмытылмас кездерден сыр шертетін ескірмейтін есті әндер қашанда тыңдарман көңілін тербететіні ақиқат. Сағымға айналған сонау жылдарды еске салатын әуендер жүректерден жоғалмайды. Адам жастық шағын аңсайды, кейде өткен күндерге қайта оралуын армандайды. Ондай шақта, ерке кездерден естелік болған әндерді тыңдап, ойша жастық дәуренге сапар шегеді. Кеш аясында «Гүл Алматы», «Анаға сәлем», «Маралдым», «Шақырады көктем» сынды баяғының баянды әндерімен қатар, «Тақиялы періште», «Служебный роман», «Кавказская пленница», «Махаббат бекеті» сынды т.б сүйікті фильмдердің әндері орындалады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Арайлым Рахым, Естай Мұқашев,және Халықаралық байқаулардың лауреаттары Әкімхан Мәженов, Шахризада Тыныштық, Қымбат Жамбылбек , сонымен қатар "Шалқыма" халық би ансамблі, «ALEM» заманауи би балеті қатысады.

«Сарыарқа» халық музыка ансамблі көркемдік жетекшісі - Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Хамзин


  • Күні:

    Сәуір 17, 2026
  • Басталуы:

    19:00