2026 жылғы 23 сәуір күні сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының концерт залында «Alem» заманауи би балеті «Полотна музыканта» атты музыкалық-пластикалық спектаклін көрермен назарына ұсынады. Қойылым - адамның ішкі жолы, өмірлік таңдау және рухани өсу тақырыптарын арқау ететін философиялық сахналық туынды.
Спектакльдің негізгі кейіпкері жас музыкант Данте. Ол өз жолын табу, «сол бір маңызды музыканы» жазу арманымен түрлі елдерді аралап, күмән мен шабыт, үнсіздік пен ішкі диалог арқылы рухани кемелдену кезеңдерінен өтеді. Қойылымда музыка мен пластика кейіпкердің ішкі әлемін ашатын басты драматургиялық құралға айналмақ.
Қойылым құрылымы бірізді көріністерден тұрады. Әрбір сахналық картина әлемдік классикалық музыка туындыларына негізделіп, кейіпкер жолының белгілі бір кезеңін бейнелейді. Спектакль барысында Эдвард Григ, Клод Дебюсси, Вольфганг Амадей Моцарт, Фредерик Шопен, Камиль Сен-Санс және Людвиг ван Бетховеннің шығармалары қолданылады.
Қойылымда барлық мәтін кадр сыртында оқылып, жаңаша форматта көрерменге ішкі монолог пен терең философиялық ой кеңістігін қалыптастырады. Минималистік сценография, жарық шешімдері мен пластикалық қимылдар спектакльдің идеялық мазмұнын толықтыратын маңызды көркемдік құрал.
«Полотна музыканта» музыкалық-пластикалық спектаклінің басты мақсаты көрерменді өз өмір жолы, таңдауы және ішкі үнін тыңдау қажеттілігі туралы ойландыру.
Жобаның авторы Анель Ислямова.