Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы барлық өнерсүйер қауымды «СІЗ БІЛЕТІН ЕСТІ ӘН…» атты ерекше камералық музыка кешіне шақырады. Бұл кеш классикалық вокалдың сұлулығы мен тереңдігіне арналады.
Төрт талантты вокалист Әділ СҰЛТАН, Нұрсәт АЛМАС, Ринат НҰРМҰХАН және Алтынбек АРЫСТАНБЕК өздерінің ерекше дауыстарымен және кәсіби шеберліктерімен көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлайды.
Кештің көркін кіргізіп, әншілерге фортепианода шебер сүйемелдеу жасайтын Назерке Махметова және Аяжан Шынболат.