УАҚЫТ КЛАССИКАСЫ
25 сәуір күні сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында (Абая даңғылы, 29) бірегей камералық музыка концерті өтеді. Концертте Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті мен канадалық пианист-импровизатор Дэвид Брейд бір сахнада өнер көрсетеді.
Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті Қазақстандағы жетекші камералық ансамбльдердің бірегейі. Музыканттардың жоғары кәсіби деңгейі лауреаттық атақтармен, сыйлықтармен және мемлекеттік марапаттармен бірнеше рет расталған. Ұжым «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және «Ерен еңбегі үшін» үкіметтік наградасының иегері.
Кеш қонағы Дэвид Брейд (Канада) әлемдік деңгейдегі композитор және пианист-импровизатор, Канаданың ең жоғары музыкалық марапаты Juno Award сыйлығын үш рет иеленген. Музыкант өз шығармаларында түрлі музыкалық жанрлар мен стильдерді нәзік әрі табиғи түрде үйлестіруімен танымал, академиялық дәстүр джаз және импровизация элементтерімен астасып жатады. Пианист белгілі қазақстандық ұжым Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетімен шығармашылық ынтымақтастықты ерекше қызығушылықпен және асқан құрметпен баяндайды.
Концерт классикалық және заманауи камералық музыканы тоғыстырады. Кеш бағдарламасында Франц Шуберттің ре минордағы №13 ішекті квартеті «Rosamunde» D 804 шығармасы орындалады. Бұл композитордың ең поэтикалық туындыларының бірі. Бағдарламаның заманауи бөлігінде канадалық композитор Гленн Бурдің «Great Bear River Blues» және италиялық автор Джованни Соллиманың «Semi» атты фортепианолық квинтеттері ұсынылады.
Бұл концерт елорда мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, танымал камералық орындаушылардың орындауында классикалық және заманауи камералық музыканың ерекше диалогын тыңдауға тың мүмкіндік береді.
Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті
Ұжымның көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мынтаев.
Квартет құрамында:
Бірінші скрипкада Айдар Тоқталиев,
Екінші скрипкада Алексей Лебедев,
Альт орындаушы Бекзат Сайлаубайұлы,
Виолончельде Ернар Мынтаев
Фортепианода кеш қонағы Дэвид Брейд (Канада)