Жемқорлыққа қарсы тұру — барлығымыздың ортақ міндетіміз!
Бүгін Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында арнайы жиын өтті. Жиын барысында пара алу мен берудің заңға қайшы екендігі жан-жақты талқыланды. Қатысушыларға жемқорлықтың теріс салдары мен оның қоғамға тигізетін зияны туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, заңды сақтаудың маңыздылығы мен адалдықтың құндылығы тағы бір мәрте атап өтілді.
Жемқорлыққа қарсы тұру — барлығымыздың ортақ міндетіміз!
#ЖемқорлыққаҚарсы #АдалҚызмет #Заң #ҚоғамдықСаналыҚадам