Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы 8 маусым күні күй өнерінің жас шебері, республикалық байқаулардың лауреаты Райымбек Тариховтың жеке шығармашылық кешіне шақырады. Кеш «Күй құдіреті» деп аталады және ұлттық рухты, ұлы дәстүрді дәріптейтін мазмұнымен ерекшеленеді.
Кеш барысында халық күйлері мен композиторлық шығармалар орындалып, домбыраның терең үні арқылы қазақтың тарихы мен болмысы тыңдарманға жеткізілмек.
Сахнада Райымбекпен бірге филармонияның «Сарыарқа» халық музыка ансамблі өнер көрсетеді.
Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин.
Бұл кеш — күй өнерін сүйетіндерге, қазақтың төл мәдениетіне жақын жандарға арналған рухани ләззат пен шабыт сыйлайтын әсерлі шара болмақ.
Күні: 2025 жылғы 8 маусым
Уақыты: 17:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Абай даңғылы, 29. Филармонияның Камералық залы
Жас шектеуі: 7+
Байланыс телефондары:
+7 (7172) 75 23 60
+7 702 788 99 99
Билеттер: Freedom Ticket
Әлеуметтік желілер:
@astana_filarmoniyasi