18 қыркүйек 2025 ж.
19:00
ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы (Республика, 2)
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі жаңа маусымының шымылдығын “Құлақтан кіріп бойды алар” атты ерекше концертпен ашады. Бұл кеш қазақтың ұлы ойшылы,ақын,философ, композитор, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналады.
Концерт бағдарламасында Абайдың әндері, шығармалары және ұлттық музыкалық туындылар орындалады.
🎤 Концертке қатысатындар:
• Айтқали Жайымов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
• Нұрлан Бекенов – ҚР Мәдениет қайраткері
• Асылзат Нұғыманова – Халықаралық байқаулардың лауреаты
• Нұрқанат Тапиев – Халықаралық байқаулардың лауреаты
Бұл концерт тыңдарман жүрегінен орын алатын, терең мазмұнды туындылар арқылы ұлттық рухты оятатын кеш болмақ.
Байланыс телефондары:
+7 (7172) 75 23 83
+7 707 222 12 41
Билеттер: Freedom Ticket және Halyk Bank платформаларында
Жас шектеуі: 7+
Instagram: @astana_filarmoniasy