2025 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында жаңа концерттік маусымның салтанатты ашылуы өтеді.
Кештің басты қонағы – Қазақстанның кәсіби камералық музыка өнеріндегі бірегей ұжымдардың бірі, «Kazakh Quartet».
Концертте классикалық және ұлттық музыка жауһарлары орындалады:
• В.А. Моцарт – Струнный квартет KV 387
• С. Барбер – Струнный квартет соч. 11
• К. Ахмедьяров – «Хаман толғау» (А. Сагимбаевтың струнды квартетке арналған өңдеуі)
«Kazakh Quartet» ұжымы биыл өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Әрбір өнер кешінде квартет орындаушылық шеберлігімен, музыкалық үйлесімділігімен және ұлттық бояуы қанық репертуарымен тыңдарманын тәнті етіп келеді.
Бұл концерт тыңдармандарға Еуропа классикалық музыкасының жауһарлары мен қазақ композиторларының сазды туындыларын тамашалауға мүмкіндік береді.
📍 Өтетін орны: Астана қ., Абай даңғылы, 29,
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Камералық зал
📞 Байланыс телефондары: +7 (7172) 75 23 83, +7 776 534 16 19
🎫 Билеттер Freedom Ticket және Halyk Bank жүйелерінде қолжетімді.