Skip to main content

«По мотивам Данте»

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония тыңдармандарын

«По мотивам Данте» атты ерекше концертке шақырады. Шара Камералық залда 28 қыркүйек күні сағат 17:00-де өтеді.

Көрермендерге К. Жұмакенов атындағы үрмелі оркестр өнер көрсетеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин.

Бағдарламада әлемдік музыка классикасының жауһарлары орындалады:
• Robert W. Smith – Into the Storm
• F. Cesarini – Mosaici Bizantini
• Robert W. Smith – The Divine Comedy

Бұл кеш – мәңгілік өнер мен классикалық музыка әуесқойлары үшін үлкен мәдени оқиға болмақ.

Өтетін орны: Астана қаласы, Абая даңғылы, 29, Филармонияның Камералық залы.
Билеттер: Freedom Ticket және кассаларда.
Қосымша ақпарат: +7 (7172) 75-23-83, +7 702 303 47 24


  • Күні:

    Қыркүйек 28, 2025
  • Басталуы:

    17:00