Skip to main content

Өнерлі ұрпақ

«ӨНЕРЛІ ҰРПАҚ» – ЖАС ТАЛАНТТАР СИМФОНИЯЛЫҚ ОРКЕСТРМЕН БІР САХНАДА!

22 қарашада Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония жас орындаушылар мен кәсіби симфониялық оркестрді бір сахнада тоғыстыратын «Өнерлі ұрпақ» концертіне шақырады.

Бұл кеште филармонияның Симфониялық оркестрімен бірге К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы Мамандандырылған музыка мектебі мен колледжінің оқушылары өнер көрсетеді. Жас өнерпаздар үшін бұл – өз шеберлігін көрсетуге, шығармашылық әлеуетін ашуға және үлкен симфониялық ұжыммен бірге өнер көрсетудің ерекше қуанышын сезінуге мүмкіндік.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі – ҚР халық әртісі Абзал Мұхитдин.Бас дирижёр – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Жайым.

Концерт бағдарламасында – аспаптық орындаушылықтың жарқын палитрасы. Оркестрмен сұхбатта скрипка мен виолончельдің қалай ашылатынын, фортепианоның мәнерлік мүмкіндіктерінің байлығын, ал арфаның музыканы нәзік бояулармен толтыратынын естисіз. Ерекше орынды ұлттық аспаптар – прима-қобыз бен жетіген алады, олар да симфониялық оркестрмен бірге солист ретінде шығады.

Жас орындаушының симфониялық оркестрмен кездесуі – әрқашан ерекше шығармашылық сұхбат. Әр шығудың артында күнделікті еңбек, репетициялар және музыкаға деген шынайы сүйіспеншілік тұр. Бұл концерт жас орындаушылар үшін әдеттегі оқу сыныбының шеңберінен шығып, үлкен кәсіби сахнаға қарай тағы бір қадам жасаудың тамаша мүмкіндігі болмақ.

Жас өнерпаздарды қолдауға, оларға қошеметіңізді сыйлауға және бүгіннен-ақ үлкен өнер әлемінде өзін танытып жүрген жаңа есімдерді ашуға келіңіз!

22 қараша, 15:00Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залыАстана қ., Абай даңғылы, 29

«Өнерлі ұрпақ» – жас таланттар үлкен симфониялық үнмен кездескен кез!


  • Күні:

    Қараша 22, 2026
  • Басталуы:

    15:00