Skip to main content

Сольный концерт Азамата Жылтыркозова

2026 жылғы 6 желтоқсанда сағат 18:00-де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Азамат Жылтыркөзовтің жеке концерті өтеді. Музыкалық кеш КСРО халық әртісі, Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, профессор Ермек Серкебаевтың және көрнекті композитор Александр Зацепиннің 100 жылдығына, сондай-ақ Азамат Жылтыркөзовтің кәсіби сахнадағы шығармашылық жолының 20 жылдығына арналады.

Концерт Астана қаласы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Камералық залында өтеді.

Ермек Серкебаев — қазақ опера өнерінің тарихында өшпес із қалдырған, ұлттық вокал мектебінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлға. Оның қайталанбас дауысы, жоғары орындаушылық шеберлігі мен бай шығармашылық мұрасы қазақ музыка өнерінің алтын қорынан ерекше орын алады.

Александр Зацепин — кино және эстрада музыкасы саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған әйгілі композитор. Оның бірнеше буын тыңдарманына жақсы таныс әндері бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай, музыкалық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды.

Азамат Жылтыркөзовтің жеке концерті қос өнер майталманының шығармашылық мұрасына құрмет көрсетіп, әншінің 20 жылдық кәсіби шығармашылық жолындағы жетістіктерін айшықтайтын ерекше музыкалық кеш болмақ.

Концерт бағдарламасында әлемдік опера классикасының жауһарлары, шетел композиторларының камералық-вокалдық шығармалары, сондай-ақ қазақ композиторларының кеңінен танымал әндері орындалады.

Кеш барысында Джоаккино Россинидің «Севиль шаштаразы» операсынан Фигароның каватинасы, Шарль Гуноның «Фауст» операсынан Валентиннің ариясы, Петр Чайковскийдің «Нерон» операсынан Виндекстің эпиталамасы, Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан Абайдың ариясы шырқалады.

Сонымен қатар Петр Чайковский, Сергей Рахманинов, Эдвард Григ және Рустем Яхиннің лирикалық романстары тыңдарман назарына ұсынылады.

Бағдарламаның келесі бөлімінде Ескендір Хасанғалиев, Сейдолла Бәйтереков, Серік Еркімбеков шығармалары мен Александр Зацепиннің көпшілікке танымал әндері орындалады.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ, халықаралық байқаулардың лауреаты Саят Сақитжан және республикалық байқаулардың лауреаты Диас Рафаэль қатысады.

Фортепиано партиясында — Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Роза Шоткалиева.


  • Күні:

    Желтоқсан 06, 2026
  • Басталуы:

    18:00