Skip to main content

Ата – мұра Жошыхан

«АТА-МҰРА ЖОШЫХАН»: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫНА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ

Өтетін күні: 2026 жылғы 8 желтоқсан

Басталу уақыты: 19:00

Өтетін орны: Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залы, Кенесары, 32.

2026 жылғы 8 желтоқсанда сағат 19:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің «Ата-мұра Жошыхан» атты концерті өтеді.

Концерттің басты мақсаты - қазақ халқының бай музыкалық мұрасын дәріптеу, ұлы дала тарихын күй мен жыр арқылы таныту және ұлттық өнердің құндылықтарын көрерменге жеткізу.

Концерттік бағдарламада қазақтың дәстүрлі музыкасы мен жыраулық өнерінің көрнекті үлгілері ұсынылады. Көрермен Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» және «Махамбет» шығармаларын, Қорқыттың «Қобызым» толғауы мен «Қоңыр» күйін, Қазтуған жыраудың «Қайран Еділ», Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп» туындыларын тыңдай алады. Сонымен қатар бағдарламада «Ақсақ құлан», «Ел айырылған», «Бозінген», «Шанды жорық» және басқа да ұлттық музыка жауһарлары орындалады.

Концертке «Сарыарқа» халық музыка ансамблімен қатар, «Шалқыма» халық би ансамблі және жеке орындаушылар қатысады. Бағдарламада дәстүрлі күй өнері, жыр-дастандар, халық әндері мен хореографиялық қойылымдар өзара сабақтасып, қазақ халқының тарихи жадын, рухани дүниесін және мәдени сабақтастығын бейнелейді.

«Ата-мұра Жошыхан» концерті - ұлттық өнерді насихаттап, ата-бабадан жеткен рухани мұраны келер ұрпаққа жеткізуге бағытталған мәдени шара.


  • Күні:

    Желтоқсан 08, 2026
  • Басталуы:

    19:00