Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы 2025 жылдың 4 маусымында көрермендерді ерекше музыкалық кеш — «Нұр-Zhamal» симфониялық концертіне шақырады.
Кештің көрнекті қонақтары қатарында — Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, атақты опера әншісі Нұржамал Үсенбаева және Чехиядан арнайы шақырылған баритон Филип Банджжак өнер көрсетеді. Концерттің дирижері — АҚШ-тан келген маэстро, Солтүстік Айдахо филармониясының көркемдік жетекшісі Ян Пеллант.
Концертті ҚР халық әртісі, филармонияның көркемдік жетекшісі Абзал Мұхитдин басқарады. Бұл музыкалық кеште классикалық және заманауи туындылар симфониялық оркестрдің жоғары деңгейдегі орындауында шырқалады.
Күні: 2025 жылғы 4 маусым
Уақыты: 19:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 32. Филармония концерт залы
Байланыс телефоны:
+7 (7172) 75 23 83
+7 701 472 51 07
Жас шектеуі: 7+
Билеттер: Freedom Ticket