2025 жылғы 30 мамыр күні сағат 12:00 және 15:00-де Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында (Республика даңғылы, 2) Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Өнерлі ұрпақ» атты мерекелік концерт өтеді.
Концерттің мақсаты – жас дарындарды қолдау, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік беру және олардың өнерге деген құштарлығын арттыру.
Іс-шарада еліміздің әр өңірінен келген жас орындаушылар өнер көрсетеді. Олар вокал, аспаптық музыка және сахналық өнер саласында шеберліктерін ортаға салады. Концерт бағдарламасында симфониялық оркестр сүйемелдеуімен балалардың орындауындағы түрлі жанрдағы музыкалық шығармалар ұсынылады.
Концертке кіру 7+ жасқа ұсынылады.
Билеттерді Freedom Ticket және Halyk Bank қосымшалары арқылы алуға болады.
Қосымша ақпаратты мына байланыс нөмірлері арқылы білуге болады:
📞 +7 (7172) 75 23 83
📞 +7 702 891 70 44
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы, ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы.