Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Сарыарқа» халық музыка ансамблі 1 маусым күні ерекше танымдық концерт өткізеді. Кішкентай тыңдармандарға арналған «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты бұл концерт-дәріс ұлттық өнерге жақындатуды мақсат етеді.
Концертте ансамбльдің көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі, күйші-композитор Тоғжан Жахин жүргізуші әрі орындаушы ретінде қатысады. Көрермендер концерт барысында қазақтың дәстүрлі музыка аспаптарының шығу тарихы, құрылымы және үндік ерекшеліктерімен танысып, өз қолымен ойнап көру мүмкіндігіне ие болады.
Бұл шара жас буынды ұлттық музыкамен тереңірек таныстырып, олардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Басталуы.12:00
Өтетін орны: Астана қ., Абай даңғылы, 29 — Филармонияның Камералық залы
Жас шектеуі: 7+
Байланыс: +7 (7172) 75 23 83 | +7 (747) 363 96 85