Skip to main content

“Ән-Майра, Әнші Майра, Ару Майра” — сахна сәні мен саз әлемінің сиқыры

2025 жылдың 11 мамыр күні «Қазақконцерт» залында Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші, дәстүрлі өнердің ұлағатты өкілі Майра Ілиясованың жеке шығармашылық кеші өтті. «Ән-Майра, Әнші Майра, Ару Майра» деп аталған концерт көрермендерге рухани ләззат сыйлап, өнердің биік мәнін тағы бір мәрте айқындады.

Сахна төрінде сырлы сазбен көмкерілген халық әндері, қазақ композиторларының классикалық туындылары және Майра Ілиясованың репертуарындағы сүйікті әндер шырқалды. Әрбір ән, әрбір әуез көрерменнің жүрегіне жол тауып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті еселеді.Концертте танымал өнер майталмандары мен жас таланттар да әншіге құрмет көрсетіп, ортақ өнер мерекесіне айналды.

Майра Ілиясованың орындау мәнері мен сахна мәдениеті көрерменді тәнті етіп, залда ерекше әсерлі атмосфера орнады.Бұл кеш — қазақтың әншілік дәстүрін жаңғыртып, бүгінгі буынмен сабақтастыруға арналған тағылымды өнер мерекесі болды.