Skip to main content

«Ғажайып арман» атты жеке концерт өтті

 

2025 жылғы 19 қазанда Астана қаласының Филармония камералық залында әнші Диана Май өз тыңдармандарына арналған «Ғажайып арман» атты жеке концертін өткізді.

Кеш барысында өнер иесі репертуарындағы ең үздік туындыларын орындап, көрерменге ерекше эмоция мен шабыт сыйлады.

Шара жылы атмосферада өтіп, тыңдармандар әншінің шынайы дауысы мен сахналық шеберлігіне тәнті болды.
Концерт соңында көрермендер Diana May-ге зор қошемет көрсетіп, алғыстарын білдірді.