Skip to main content

Филармонияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған жиын өтті

2026 жылғы 16 наурыз күні филармония қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын нығайту және құқықтық сананы арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жиыны өтті. 

Жиын барысында филармония директоры М.Тайпин сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – тек заң талаптарын сақтау ғана емес, сонымен қатар әрбір қызметкердің ішкі құндылығы мен жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті. Ол адал еңбек, әділ шешім және ашықтық қағидаттары ұйым жұмысының негізі болуы тиіс екенін жеткізді.

Сонымен қатар, комплаенс-офицер Ж.Сулейменов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі бағыттары, оның ішінде алдын алу шаралары, қызметтік этика нормалары және құқық бұзушылықтарға жол бермеу тетіктері туралы кеңінен ақпарат берді. Ұжым ішінде сенім мен ашықтықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, өз ұсыныстарын білдірді. Қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамытуға белсенді қатысып, адал әрі жауапты қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.

Аталған іс-шара филармония ұжымында жоғары адамгершілік құндылықтарды орнықтыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты күшейтуге ықпал етеді.