Skip to main content

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ішкі талдау жұмыстары бойынша жиын өткізілді

Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша жұмыс жиыны өткізілді.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мақсаты мен міндеттері қарастырылды. Филармония бас директоры М.Тайпин ұйым қызметіндегі ашықтық, заңдылық және адалдық қағидаттарын сақтау мәселелерінің маңыздылығын атап өтті.

Комплаенс-офицер Ж.Сулейменов ішкі талдау жүргізудің негізгі бағыттары туралы баяндап, талдау аясында құқықтық актілер, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет, кадрлық жұмыс, мемлекеттік сатып алу, қаржылық процестер және мүдделер қақтығысы мәселелері зерделеніп жатқанын жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру және ішкі талдау жұмыстарын бекітілген жоспарға сәйкес жүргізу туралы шешім қабылданды.

imad1d122ge1.jpegi22ff22f2fmage2.jpeg