Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы МКҚК мен Новосибирск мемлекеттік филармониясы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Келісімге «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы» МКҚК Бас директоры Мади Тайпин мен Новосибирск мемлекеттік филармониясының Бас директоры Анна Терешкова қол қойды.
Меморандумға қол қою рәсімі Транссібірлік өнер фестивалі аясында өткен «Ленинград - Новосибирск: мост через время. 1941-2026» халықаралық форумы барысында өтті.
Ынтымақтастық екі филармония арасындағы мәдени және кәсіби байланысты нығайтуға, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар алмасуын дамытуға бағытталған.
