2025 жылғы 14 маусымда Астана қаласында еліміздің көрнекті композиторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбектің 70 жасқа толуына арналған «Өмір өнері мейрамы» атты шығармашылық кеш өтеді.
Кешке Қазақ оркестрі мен Симфониялық оркестр қатысып, дирижерлер ретінде Нұрлан Бекенов, Арман Жайым, Қалқаман Дүйсенбаев сынды тәжірибелі музыканттар өнер көрсетеді. Сонымен қатар, кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық байқаулардың лауреаттары сахнаға шығады.
Мерейтой иесінің құрметіне ұйымдастырылған бұл шара өнер сүйер қауым үшін үлкен рухани сый болмақ. Кешке Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан елдерінен арнайы қонақтар шақырылып отыр.
Күні: 2025 жылғы 14 маусым
Уақыты: 16:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 32. Филармония концерт залы
Кіру тегін.
Байланыс телефоны:
+7 (7172) 75 23 83
+7 778 124 07 94
Жас шектеуі: 7+
@astana_filarmoniyasi әлеуметтік желілерінде қосымша ақпарат қолжетімді.