Skip to main content

Көркемдік жетекшілер

Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы

Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы

Қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің иегері, профессор.
Құттыбадамова Гүлмира Қазиқызы

Құттыбадамова Гүлмира Қазиқызы

Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Есекеев Абдрасул Нажимадинұлы

Есекеев Абдрасул Нажимадинұлы

"Шалқыма" халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, "Құрмет" орденінің иегері, Мәдениет қайраткері.
Жахин Тоғжан Серікұлы

Жахин Тоғжан Серікұлы

"Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, республикалық байқаулардың лауреаты
Қорғанбек Шолпан Ділдәбекқызы

Қорғанбек Шолпан Ділдәбекқызы

"Қорқыт" этно ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет қайраткері
Мыңтаев Ернар Әзімқұлұлы

Мыңтаев Ернар Әзімқұлұлы

Ішекті квартеттің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Рахым Арайлым Рахымқызы

Рахым Арайлым Рахымқызы

Классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сыздықов Сейсенбай Жолдыбайұлы

Сыздықов Сейсенбай Жолдыбайұлы

Тажинов Бахыт Рахымгалиевич

Тажинов Бахыт Рахымгалиевич

"Alem" заманауи би балетінің көркемдік жетекшісі
Почиталин Никита Николаевич

Почиталин Никита Николаевич

Шотқалиева Роза Ендібайқызы

Шотқалиева Роза Ендібайқызы

Мұхитдин Абзал Мирасбекұлы

Мұхитдин Абзал Мирасбекұлы

ҚР Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері
  • Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы
  • Құттыбадамова Гүлмира Қазиқызы
  • Есекеев Абдрасул Нажимадинұлы
  • Жахин Тоғжан Серікұлы
  • Қорғанбек Шолпан Ділдәбекқызы
  • Мыңтаев Ернар Әзімқұлұлы
  • Рахым Арайлым Рахымқызы
  • Сыздықов Сейсенбай Жолдыбайұлы
  • Тажинов Бахыт Рахымгалиевич
  • Почиталин Никита Николаевич
  • Шотқалиева Роза Ендібайқызы
  • Мұхитдин Абзал Мирасбекұлы
  • Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы

    Айтқали Жайымов – көрнекті дирижер, композитор, ұстаз, еліміздің кәсіби музыка өнерінің өркендеп, дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ірі мәдениет өкілі.

    1947 жылдың мамыры. Атырау облысының даласында ауыл еңбеккерлерінің отбасында он үш баланың үшіншісі ұл бала дүниеге келді. Ата-анасы музыкант болмаса да, әнді жақсы айтып, домбыра шертетін еді. Ал, әкесінің ағасы Қуаныш – өңірге белгілі күйші, сал-сері болған. Айтқали: «Менің бүкіл өмірім домбырамен байланысты. Ол маған әлемді көру мүмкіндігін берді. Қарапайым болып көрінетін екі ішекті домбыраның арқасында осындай деңгейге жеттім», - дейді. Айтқали Жайымов тоғызыншы сынып оқып жүргенде мектеп жанынан өзінің алғашқы домбырашылар ансамблін ұйымдастырды. Ал оныншы сыныпта музыка пәнінің мұғалімі болды. Содан бері ол байқауларда жүлделі орындарға ие болған түрлі музыкалық ансамбльдерді басқарды. Сол кездерден бастап оның алғашқы әндері мен күйлері орындала бастады.

    Қазіргі Атырау, бұрынғы Гурьев қаласы облыстың мәдени орталығы болатын. Айтқали Жайымовтың өнерін байқаулардан көріп жүрген, қазіргі танымал музыкант Еділ Құсайыновтың әкесі, сол кездегі Гурьев музыкалық колледжінің директоры Сейілхан Құсайынов оқуға түсу емтихандарының уақыты өтіп кетсе де, жас дарынға арнайы қабылдау комиссиясын құрды. Осылайша Жайымов студент атанды. Оқу кезінде дирижерлық қызметін Педагогикалық институттың оркестрінде жалғастырды. 1969 жылы училищеге Латиф Хамиди келіп, Айтқалидың күйлерін тыңдап, өз батасын берді. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның профессоры Болат Сарыбаев училищеге мемлекеттік емтиханға төраға болып келген кезде, Айтқалидың өнеріне риза болып, консерваторияға оқуға түсуге кеңес берген болатын.

    Консерваторияда Айтқали Жайымов А.Жұбановтың шәкірттері Құбыш Мұхитов, Хабиболла Тастанов, Алтын Кетегенова және гармония пәнінің белгілі мұғалімі Людмила Быкова сынды тамаша ұстаздардан дәріс алды. Алғашқы күннен-ақ Айтқали Жайымов консерваториядағы концерттерде солист болып өнер көрсетті. Сол жылдардағы композиция кафедрасының меңгерушісі, профессор Құддыс Қожамияров оны халық факультетінің негізгі курсымен қатар композицияның дайындық сыныбына қабылдады. Оқу кезінде ән мен күй ғана емес, домбыра мен фортепианоға арналған алғашқы шығармалар да жазылды. Танымал композиторлар Мәкәлім Қойшыбаев, Базарбай Жұманиязов, Кенжебек Күмісбековпен қарым-қатынас үлкен рөл атқарды. 1978 жылы консерваторияны бітіргеннен кейін А.Жайымов домбыра пәнінің мұғалімі болып қызметке қалдырылды.

    Ол кезде консерваторияның ректоры композитор, КСРО халық әртісі Ғазиза Жұбанова болатын. Ол Айтқали Жайымовқа КСРО Мәдениет министрлігінің жолдамасымен Моңғолия астанасына баруды ұсынды. Музыкант үш жыл бойы Ұлан-Баторда моңғол халық аспаптар оркестрі, хор және би ансамблінен құралған ұжымды басқарды, онда моңғол оркестріне көптеген шығармаларды лайықтап, жергілікті халық ауыз әдебиеті негізінде музыка жазды. Атамекеніне оралған ол моңғолдардың ұлттық аспабы моринхурдың жетілу тарихынан шабыт алып, қазақ ұлттық аспаптарына тәжірибе жасай бастады және консерватория базасында студенттер мен оқытушылардан «Әсем қоңыр» оркестрін ұйымдастырды, «Шертер», «Сыбызғы», «Сазсырнай», «Жетіген», «Дәстүрлі ән» сыныптарын ашуға атсалысты.

    1991 жылы Айтқали Жайымов Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры болды. Ол құрамы азайып қалған оркестрді қайтадан толықтырып құрамға алғаш рет қылқобыз және шертер тобын енгізді.

    Айтқали Жайымов 2008 жылдан бері оның жетекшілігімен кәсіби деңгейі жоғары ұжымға айналған Астанадағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры қызметін атқарып келеді. Концерттік бағдарламалар жетекшінің асқан көркемдік талғамын, ұстаздың тамаша білімі мен дирижер шеберлігін көрсетеді. Оркестр отандық және шетелдік көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. Оның гастрольдік сапарларының географиясы өте кең - АҚШ, Жапония, Италия, Германия, Австрия, Франция, Норвегия, Куба, Шығыс Еуропа, Қытай, Түркия, Ресей және т.б. қамтиды.

    Композитор Айтқали Жайымов «Бейбарыс» операсы, «Төле би» театрландырылған қойылымына арналған музыка, «Ереулі атқа ер салмай», «Шаттық елі», «Күй Анасы-Дина», «Думанды Тобыл», Желдірме Қосбасар», «Әзіл Ақжелең», «Желдірме», «Жошы хан», «Қалдыбай батырдың толғауы», «Ерен толғау» және т.б халық оркестріне арналған поэмалар мен күйлер, «Шалқыма», «Отпан тау», «Қазақстан» атты халық оркестрімен домбыраға арналған концерттік күйлер, «Балдәурен» фортепианомен домбыраға арналған 3-бөлімді концерт, «Мен сәлем жазамын», «Кемеңгер Құрманғазы», ​​«Махаббат оты сөнбейді», «Аққулар» және т.б. романстары мен әндері, жеке домбыраға арналған 30-дан астам күй, түрлі аспаптарға арналған пьесалар жазып, халық және Қазақстан композиторларының 100-ден астам шығармаларын оркестрге түсірді.

    Жайымов шәкірттерімен бірлесе отырып «Шалқыма», «Шаттанамын», «Домбыра ойнау өнері», «Домбыра үйрену мектебі», «Музыка» оқулықтарын жазды. Маэстроның көптеген шәкірттері бүгінде танымал әртістер мен ғалымдар. Олардың ішінде Е. Нұрымбетов – Батыс Қазақстан облысы Дәулеткерей атындағы оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, А. Шоқанбаев – Қарағанды облысы «Тәттімбет» оркестрінің дирижеры, Р. Мадреев – Маңғыстау облысы Абыл Тарақұлы атындағы оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, М. Әмзе – Алматы қаласы Мемлекеттік симфониялық оркестрдің дирижеры, Н.Бекенов – Астана қаласы оркестрінің дирижеры, А. Тілепберген – Құрманғазы атындағы Ұлттық оркестрдің бас дирижеры, сондай-ақ А.Үлкенбаева, Б. Ысқақов, Ж. Еңсепов, Е. Тұңғышұлы – Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры және т.б.

    Айтқали Жайымов КСРО халық әртісі Н.Тілендиев және КСРО халық әртісі, профессор Ш.Қажығалиев атындағы халықаралық дирижерлар байқауының тұрақты төрағасы, республикада өткізілетін жас дирижерлар мен орындаушылар байқауларының қазылар алқасының мүшесі, сонымен қатар шеберлік сыныптарын да өткізіп жүр.

    Кезінде көрнекті дирижер Фуат Мансұров Айтқали Жайымовтың шығармашылық әлеуеті сарқылмайтынын айтып, оны тек аспаптық орындау саласында ғана емес, дирижерлық ету саласында да Қазақстанның жетекші маманы деп атады.

  • Құттыбадамова Гүлмира Қазиқызы

    Камералық хордың көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
  • Есекеев Абдрасул Нажимадинұлы

    "Шалқыма" халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі, "Құрмет" орденінің иегері, Мәдениет қайраткері.
  • Жахин Тоғжан Серікұлы

    Жахин Тоғжан Серікұлы 1982 жылдың 24 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы,Уәлиханов ауданы, Кишкенекөл кентінде (бұрынғы Көкшетау облысы, Қызылту ауданында) дүниеге келген.

    1997-2001 жылдары Петропавл өнер колледжінде, домбыра мамандығы бойынша ұстаз Тойкен Күдеровада оқыды.

    2001-2005 жылдары Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында профессор Тұрар Әліпбаевтан дәріс алды.

    2004 жылдан бастап Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық филармониясының Қазақ халық аспаптар оркестірінің әртісі.

    2012 жылы III Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» байқауында «Жалын» күйі үшін 1 жүлдеге ие болды.

    2013 жылы Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған «Мағжан көктемі» II Республикалық өнер фестивалінің Мағжан өлеңдеріне жазылған жаңа әндер байқауы бойынша I орын иегері.

    2016 жылы «Елім менің» XIII Республикалық Патриоттық Әндер Конкурсы, «Мәңгілік ел» номинациясы бойынша «Туған елім» әні 1 орын иегері.

    Қазақ халық аспаптар оркестріне «Оспан Батыр», «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Өмір - Дала», «Еділ патша», «Түнгі аспан» атты, фольклорлық ансамбльге «Бабалар мекені-Алтай», «Алатау аясында» , «Думанды Сарыарқа», «Кенен ата ізімен», «Шәмшіге арнау», «Күзгі сезім», «Мұңды дала»,«Батырхан жүрегі». «Сақ патшайымы Зарина» қойылымына арнайы жазылған 11 шығарманың авторы.

    «Тұранның бір бауында», «Зайсанкөл аққулары» , «Бұлбұл», «Сұлу бейне», «Туған елім», «Абыз бабам» атты әндері және т.б. шығармалары бар.

    2018 жылдан Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық филармониясының «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі.

    2020 жылы «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болды.

    2021 жылы «Көңіл ырғағы» атты фольклорлық аспаптарға арналған авторлық жоба жасады.Соның аясында тұңғыш рет саз сырнайдың түрлері : уілдек, тастауық, үскірік, құссайрауық және шыңырау аспаптарына шығармалар жазды. Сонымен қатар нар қобызбен қобызға,жетігенмен адырнаға,домбыра,сыбызғы аспаптарына жаңа туындылар жарыққа шықты.

    2022 жылы Қызылжар қаласында өзінің «Бабалар мекені -Алтай» атты тұңғыш шығармашылық кешін өткізді.

    2022 жылы «Балалар жылы» аясында фольклорлық аспаптарды насихаттайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» интерактивті жобасын жасады.Қазіргі уақытта ол елорда мектептерінде сәтті өтуде.

  • Қорғанбек Шолпан Ділдәбекқызы

    Шолпан Ділдәбекқызы Қорғанбек 1971 ж мамырдың 9-күні Қостанай облысы, бұрынғы Торғай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келді.

    ҚР Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшің «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ», Мәдениет қайраткері, «Қазақстан Музыка Қайраткерлері Одағының» мүшесі, Қазақстан композитор одағының мүшесі.

    2020 жылғы 3 шілдедегі Жарлығы бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мереклік медалімен наградталды

    2021жылғы 2 желтоқсан Жарлық бойынша Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен наградталған.

    2021 жылы «ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ» төс белгімен марапатталды.

    2024 жылы Ұрпаққа адамгершілік –рухани білім беру және тәрбиелеу жүйесін дамытуға қосқан ұлесі үшін «МЕЙІРІМ –ӘЛӘМГЕ МАХАБАТПЕН» медалімен марапатталды.

    Республикалық «Елім менің», Ұлттық «Астана-Бәйтерек», «Тәуелсіздік толғауы» «Елдің ері - Бауыржан» атты байкаулардың лауреаты

    «Әуен», «Батыр баба», «Әлқиса-Аманат», «Елім-ай!», «Шаттан, Елім!», «Сазды әлем» «Бала бақыты» әндер мен аспаптарға арнап туындылардың авторы.

    2013 ж.«Көк түріктер» ансамблінің негізгі қалаушысы. Шолпан Қорғанбек жетекшілігімен Көк түріктер ансамбілі шығармашыл жастар арасындағы «Шабыт» халықаралық фестивалінің Гран- при иегері . Ансамбль халықтың ұлттық музыкасын Франция, Біріккен Араб Әмірліктері, Венгрия, Ресей (Москва қ, Санкт-Петербург қ), Италия, Беларусь сияқты елдерде жоғары деңгейде насихаттады

    2015 ж. Астана қаласы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Қорқыт» этно-ансамблінің көркемдік жетекшісі. Ш.Д.Қорғанбектің жетекшілігімен ұжым көп деген байқаулардын лауреаты: Қытайдағы «Жібек жолы» халықаралық фестивалі, Тайваньдағы «Music stories from Mongolian, Eurasian, Tianshan steppes» халықаралық фестивалі, АҚШ-тағы «Қазақстан әлем фотографтардың көзімен» халықаралық фестивалі, «Шабыт» ХХ халықаралық шығармашыл жастар фестивалі ГРАН –ПРИ иегері,, Халықаралық «Jazz Bomond 2017» фестивалі, Kazakstan s folk music ensemble Korkyt to perform at Katara festival,

    І Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы «Көне Тараз күмбірі» I орын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төкен Елтебаев еске алу және Домбыра күні мерекесіне арналған Республикалық ұлт аспаптар ансамблінің байқауында Бас жүлде , Тюрксой (фестивалі) Изник Туркия.

    «Қорқыт» этно-ансамблінің Алтын Орда хандығының 750 жылдық мерейтойы қарсаңында 75 шығарманы үзіліссіз жатқа орындап , жаңа рекорд орнатты.

    2016 - Қытайдағы «Жібек жолы» халықаралық фестивалі

    2016 - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы Дала әуені» атты халықаралық этно-фольк-джаз фестивалі

    2016 - Қазақстан Республикасы тұнғыш Президенті- Елбасының қорының Алғыс хат

    2016 - Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 25 жылдығына Президенті Әкімшілігі ішкі саясат болімінің құттықтау хаты

    2017 - Халықаралық ЭКСПО – 2017 мамандандырылған көрмесіне арналған Қазақстан халқы достығының XVIII қалалық «Қазақстан –біздің ортақ үйіміз» фестивалі

    2017 - Тайваньдағы «Music stories from Mongolian, Eurasian, Tianshan steppes» халықаралық фестивалі

    2017 - «Қазақстан халқы Ассамблеясының этно-фольк-джаз» фестивалі

    2017 - «Шабыт» ХХ халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде ГРАН –ПРИ иеленді.

    2017 - Халықаралық «Jazz Bomond 2017» фестивалі

    2018 - Kazakh ensemble Korkyt enthralls Katara audience

    2018 - Kazakstan s folk music ensemble Korkyt to perform at Katara festival

    2019 - Cultuural Diversity Ftstival Қатар

    2019 - Халықаралық фестиваль Татарстан Казань

    2019 - І Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы «Көне Тараз күмбірі» I орын

    2019 - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Төкен Елтебаев еске алу және Домбыра күні мерекесіне арналған Республикалық ұлт аспаптар ансамблінің байқауында Бас жүлдеге ие болды.

    2020 - Алтын Орда хандығының 750 жылдық мерейтойы қарсаңында 75 шығарманы үзіліссіз жатқа орындап , жаңа рекорд орнатты. КИнЭС -2020

    2020 - Алғыс хат Тюрксой группе «Қорқыт» за участие в международном проекте «Музыкальное содружество»

    2021 - Халықаралық фестивалі Түркменстан

    2021 - Халықаралық Тюрксой фестивалі Румыния (Бухарест)

    2021 - Дубай қаласында Экспо 2020

    2022 - Тюрксой (фестивалі) Изник, Туркия

    2023 - Халықаралық фольк фестивалі Испания

    2023 - «Жетісу сазы» атты бірінші Республикаллық фольклорлы-этнографиялық байқау фестивалінен топ жарып Бас жүлдеге ие болды

    2024 - Халықаралық фестиваль Испания, Франция, Швейцария

    2024 - Қытай «Silk road music legacy» Шанхай қаласы

    Бүгінде қазақ мәдени өмірінде композитор, педагог, балалардың халықтық ұлт аспаптар ұжымдарын және этнографиялық ансамбльдерді ұйымдастырушы кәсіби маман ретінде өзіндік орны бар. Халық музыкасын насихаттау, рухани, мәдени әлемді жаңғырту ісіне қызмет етуде.

  • Мыңтаев Ернар Әзімқұлұлы

    Ішекті квартеттің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
  • Рахым Арайлым Рахымқызы

    Классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Сыздықов Сейсенбай Жолдыбайұлы

  • Тажинов Бахыт Рахымгалиевич

    "Alem" заманауи би балетінің көркемдік жетекшісі
  • Почиталин Никита Николаевич

  • Шотқалиева Роза Ендібайқызы

  • Мұхитдин Абзал Мирасбекұлы

    Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі (1992 - хормейстер, 1996 - Симфониялық оркестр мен операның дирижері). Ұлыбританияның Йорк университетінің магистратурасында «Барокко дәуірінің ырғақты дәстүрлері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 2006 ж. – Италияның Анкона университетінде тағылымдамадан өтті.

    Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрін 1999 жылы көркемдік жетекші және Бас дирижер ретінде құрды.

    2000-2013 жылдары К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының Бас дирижері.

    2013-2015 жылдары - «Astana Opera» Мемлекеттік опера және балет театрының музыкалық жетекшісі және Бас дирижері.

    Дирижердің репертуарында вокалдық-симфониялық, симфониялық және камералық музыканың 1000-ден астам туындысы және 50-қа жуық опера және балет қойылымдары бар. Ол дирижер-продюсер ретінде 30-ға жуық спектакль қойды.

  • Жайымов Айтқали Тілепқалиұлы
  • Құттыбадамова Гүлмира Қазиқызы
  • Есекеев Абдрасул Нажимадинұлы
  • Жахин Тоғжан Серікұлы
  • Қорғанбек Шолпан Ділдәбекқызы
  • Мыңтаев Ернар Әзімқұлұлы
  • Рахым Арайлым Рахымқызы
  • Сыздықов Сейсенбай Жолдыбайұлы
  • Тажинов Бахыт Рахымгалиевич
  • Почиталин Никита Николаевич
  • Шотқалиева Роза Ендібайқызы
  • Мұхитдин Абзал Мирасбекұлы