Skip to main content

Артистер

Амантай Жұмашев

Амантай Жұмашев

Секен Сыздық

Секен Сыздық

Гүлзира Бөкейхан

Гүлзира Бөкейхан

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Нұрай Танабаев

Нұрай Танабаев

Мәдениет саласының үздігі
Айгүл Қосанова

Айгүл Қосанова

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Данияр Мұқан

Данияр Мұқан

Халықаралық байқаулардың лауреаты
Жақсыкелді Маясаров

Жақсыкелді Маясаров

Халықаралық байқаулардың лауреаты
Берік Омаров

Берік Омаров

Сәулежан Тақзия

Сәулежан Тақзия

Айнұр Қонысбаева

Айнұр Қонысбаева

Республикалық конкурстардың лауреаты
Нұржан Мейрхан

Нұржан Мейрхан

Халықаралық байқаулардың лауреаты
Алуа Қалымбекова

Алуа Қалымбекова

Республикалық байқаулардың лауреаты
Айдос Оңғарбай

Айдос Оңғарбай

Республикалық байқаулардың лауреаты
Өзгеріс Шерікбай

Өзгеріс Шерікбай

Нұржамал Үсенбаева

Нұржамал Үсенбаева

Қазақстан Республикасының халық әртісі
Сүндет Байғожин

Сүндет Байғожин

Азамат Жылтыркөзов

Азамат Жылтыркөзов

Бибігүл Жанұзақ

Бибігүл Жанұзақ

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
Саида Калыкова

Саида Калыкова

Музыка академигі, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты
Әйгерім Аманжолова

Әйгерім Аманжолова

«Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Классикалық вокал» бөлімінің жетекші солисі, Қазақстан Республикасының «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, халықаралық және республикалық вокалистер байқауының жеңімпазы, «Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» стипендиясының иегері, «Astana opera» Халықаралық опера академиясының алғашқы түлегі
Шахризада Тыныштық

Шахризада Тыныштық

Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты
Арыстанбек Алтынбек

Арыстанбек Алтынбек

Классикалық вокал бөлімінің солисі. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты
Фируза Рахметова

Фируза Рахметова

Нұрсәт Алмас

Нұрсәт Алмас

Классикалық вокал бөлімінің солисі. Лирикалық баритон. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі.
Майра Ильясова

Майра Ильясова

Қазақстанның Халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, "Парасат", "Құрмет" орденінің иегері.
Естай Мұқашев

Естай Мұқашев

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Алтынай Жорабаева

Алтынай Жорабаева

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет"орденінің иегері.
Гүлнұр Оразымбетова

Гүлнұр Оразымбетова

Светлана Айтбаева

Светлана Айтбаева

Ұлықпан Жолдасов

Ұлықпан Жолдасов

Диана Май

Диана Май

Алтыншаш Мұқатаева

Алтыншаш Мұқатаева

Мұратбек Хайролда

Мұратбек Хайролда

Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты
Айдын Жұмабай

Айдын Жұмабай

Эстрадалық вокал бөлімінің солисті. Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты
Фарида Жолдасова

Фарида Жолдасова

Эстрадалық вокал бөлімінің солисті
Әкімхан Мәженов

Әкімхан Мәженов

Әкімхан Мәженов 1995 жылы 13 қыркүйекте Узбекистан Республикасы Учкудук қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Астана қаласы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің колледжіне қабылданып ,2016 жылы тәмәмдаған. Қазақ Ұлттық өнер университеті түлегі. Белгілі әнші,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сембек Жұмағалиевтің шәкірті.Өнер ордасында жүріп түрлі мемлекеттік іс-шараларға белсенді ат салысқан. 2019 жылы Астана қаласы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филормониясының классикалық және эстрадалық бөліміне солисть болып қабылданды.
Парасат Отан

Парасат Отан

Анель Смаилова

Анель Смаилова

Эстрадалық вокал бөлімінің солисті
Құралай Мейрамбек

Құралай Мейрамбек

Эстрадалық вокал бөлімінің солисті. Мейрамбек Құралай Қызылорда облысы, Амангелді ауылында өнерлі отбасында дүниеге келген. 2014-2019 жылдары дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатында білім алып, оны сәтті аяқтаған. 2019-2023 жылдары Қазақ Ұлттық Өнер университетінде «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін тәмамдады.
  • Амантай Жұмашев
  • Секен Сыздық
  • Гүлзира Бөкейхан
  • Нұрай Танабаев
  • Айгүл Қосанова
  • Данияр Мұқан
  • Жақсыкелді Маясаров
  • Берік Омаров
  • Сәулежан Тақзия
  • Айнұр Қонысбаева
  • Нұржан Мейрхан
  • Алуа Қалымбекова
  • Айдос Оңғарбай
  • Өзгеріс Шерікбай
  • Нұржамал Үсенбаева
  • Сүндет Байғожин
  • Азамат Жылтыркөзов
  • Бибігүл Жанұзақ
  • Саида Калыкова
  • Әйгерім Аманжолова
  • Шахризада Тыныштық
  • Арыстанбек Алтынбек
  • Фируза Рахметова
  • Нұрсәт Алмас
  • Майра Ильясова
  • Естай Мұқашев
  • Алтынай Жорабаева
  • Гүлнұр Оразымбетова
  • Светлана Айтбаева
  • Ұлықпан Жолдасов
  • Диана Май
  • Алтыншаш Мұқатаева
  • Мұратбек Хайролда
  • Айдын Жұмабай
  • Фарида Жолдасова
  • Әкімхан Мәженов
  • Парасат Отан
  • Анель Смаилова
  • Құралай Мейрамбек
  • Амантай Жұмашев

  • Секен Сыздық

  • Гүлзира Бөкейхан

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Нұрай Танабаев

    Мәдениет саласының үздігі
  • Айгүл Қосанова

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Данияр Мұқан

    Халықаралық байқаулардың лауреаты
  • Жақсыкелді Маясаров

    Халықаралық байқаулардың лауреаты
  • Берік Омаров

  • Сәулежан Тақзия

  • Айнұр Қонысбаева

    Республикалық конкурстардың лауреаты
  • Нұржан Мейрхан

    Халықаралық байқаулардың лауреаты
  • Алуа Қалымбекова

    Республикалық байқаулардың лауреаты
  • Айдос Оңғарбай

    Республикалық байқаулардың лауреаты
  • Өзгеріс Шерікбай

  • Нұржамал Үсенбаева

    Нұржамал Үсенбаева, қазақтың аса көрнекті опера әншісі (сопрано), Қазақстан Республикасының халық әртісі, Татарстан Республикасының халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері, көркемөнер және мәдени қызмет саласындағы «Golden Europea» сыйлығының иегері.

    Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі (профессор Бекен Жылысбаевтың жеке ән айту класы, 1979 – 1984 жж.). Алғаш рет сахнаға Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Қыз Жібек» ұлттық операсының басты партиясын орындап шыққан. Аталған театрдың солисі ретінде 1997 жылға дейін қызмет еткен. 1991 жылы Швейцарияда атақты опера әншісі Элизабет Шварцкопфтың тағылымдамасынан өткен. Нұржамал Үсенбаева – Барселонадағы Франциско Виньяс атындағы халықаралық байқаудың лауреаты (Испания), Глинка атындағы Халықаралық вокалистер байқауының арнайы сыйлығының иегері.

    Қазақстандағы № 1 сопрано Нұржамал Үсенбаеваның талантын бүкіл әлем мойындаған: ол Ресейдегі Үлкен театрда, Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театры (Қазан, Татарстан) және т.б. сынды үздік опера сахналарында сәтті өнер көрсеткен. 2013 жылы ашылған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының премьералық спектаклі «Біржан – Сара» операсындағы басты рөлді Нұржамал Үсенбаева орындады. Операның қоюшы-режиссері Юрий Александров, әншінің серіктесі Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның халық әртісі Амед Агади болды.

    Әншінің бай репертуарына Дж. Вердидің «Травиата» операсында Виолеттаның, «Риголетто» операсында Джильданың, «Фальстаф» операсында Алисаның рөлін, Дж. Пуччинидің «Богема» операсында Мимидің, «Турандот» операсында Лиудың рөлін, Г. Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур» операсында Лючияның, Дж. Россинидің «Севиль шаштаразы» операсында Розинаның рөлін, В. Моцарттың «Фигароның үйленуі» операсында графиняның рөлін, Ш. Гуноның «Фауст» операсында Маргаританың, К.-М. Вебердің «Еркін атқыш» операсында Агатаның рөлін, Ж. Бизенің «Маржан іздеушілер» операсында Лейланың, «Кармен» операсында Микаэланың рөлін, Ж. Оффенбахтың «Гофманның ертегілері» операсында Антонианың, И. Штраустың «Жарқанат» операсында Розалинданың рөлін, М. Глинканың «Жизнь за царя» операсында Антониданың, А. фон Цемлинскийдің «Ергежейлі» Операсында Инфантаның, «Ақшақар» операсында Ақшақардың рөлін, Н. Римский-Корсаковтың «Патшаның қалыңдығы» операсында Марфаның, «Сервилия» операсында Сервилияның, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсында Ажардың, М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсында Сараның, Е. Рахмадиевтың «Алпамыс» операсында Гүлбаршынның, Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында Жібектің, «Ер Тарғын» операсында Дананың рөлін және тағы басқа көптеген рөлдерді сомдады.

    Америкалық «Daily News» басылымы әнші туралы былай деп жазған: «...Нұржамал Үсенбаева өз халқының бұлбұлы атанған». Ресейлік «Известия» газеті Нұржамал Үсенбаеваға еуропалық шыңдалған дауысы бар Алматыдан шыққан ғажайып әнші және үздік Виолетта деген баға берген.

    Нұржамал Үсенбаеваның әлемдік деңгейдегі мәртебелі музыкант екенін «Carnegie Hal» (Нью-Йорк, АҚШ), Cortot (Париж, Франция), Conzertgebaum және Care (Амстердам, Нидерланды), Coliseum (Лиссабон, Португалия), Париждағы ЮНЕСКО бас пәтерінің концерт залы, Мәскеу консерваториясының Үлкен және Рахманинов залдары (Мәскеу, Ресей), Филармонияның үлкен залы (Санкт-Петербург, Ресей) және т.б. әлемнің ең танымал сахналарында берген жеке концерттері дәлелдейді.

    1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның жетекші солисі болып қызмет атқарып келеді.

    «Мен – әртіспін, менің қолымнан бәрі келуі керек! Үнемі өзімді шыңдауға, ізденуге және тоқтамауға тырысамын» -дейтін Нұржамал Үсенбаева өнердегі ұстанымын осылайша үнемі шығармашылығымен дәлелдеп келеді.

  • Сүндет Байғожин

  • Азамат Жылтыркөзов

  • Бибігүл Жанұзақ

    Білімі:

    - 2002-2007 жж. - Қазақ ұлттық музыка академиясы, «Опера ән салу» мамандығы бойынша (Р.Тленчиева сыныбы)

    Халықаралық тәжірибе алмасулардан өткен:

    - 2010 ж.- Италия, Йеси қаласы;

    - Associazione Opera Italiana di Bologna театрында (Болонья, Италия);

    - ACCADEMIA Teatro alla Skala (Мирелла Френнимен мастер-классы, Милан),

    - 2018 ж. Ф.Лист атындағы консерваториясында (Ева Мартон мастер-классы, Венгрия, Будапешт қ.)

    Кәсіби қызметі: Қазақ ұлттық өнер университеті « Вокалдық өнер» кафедрасының доценті

    Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының солисі

    Жетістіктері:

    - 2012 жыл – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

    - 2015 жыл – «Құрмет» дипломы

    - 2018 ж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты

    - XII Республикалық жас орындаушылар байқауының лауреаты (Астана, 2001 ж.)

    - Ғ.Жұбанова атындағы Республикалық байқауының I-орын иегері (Астана қ., 2004 ж.)

    - Халықаралық «Романсиада» байқауының II-орын иегері (Шымкент қ., 2005 ж.)

    - Халықаралық «Шабыт» фестивалінің I-орын иегері (Астана қ., 2007 ж.)

    - VII Халықаралық Н.Сабитова атындағы вокалистер байқауының лауреаты (Уфа, 2008 ж.)

    - Ф.Шаляпин атындағы ««Голоса над Плесом» атты I Халықаралық байқаудың дипломанты (Плес қ., Ресей, 2010 ж.)

    - Б.Төлегенова атындағы V Халықаралық байқауының I-орын иегері (Астана, 2011 ж.)

    - М.Биешу атындағы I Халықаралық вокалистер байқауының дипломанты және М.Биешу атындағы арнайы сыйлықтың иегері.(Кишинев, 2012 ж.)

  • Саида Калыкова

    Калыкова Саида Тұрарбекқызы – Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі
    Саида 1.04.1985 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Анасы 25 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Ал әкесі – инженер-энергетик.

    Саида 6 жасында №11 С.Сейфуллин атындағы қазақ мектебіне барды. 2002 жылы №21 орта мектепті және №3 музыкалық мектептті үздік аяқтады. Мектепті тәмамдаған соң, Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық колледжге түсті. Мұны да үздік бітіріп, 2006 жылы Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түсіп, оны 2010 жылы үздік бітірген. 2011-2014 ж. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Италияның Флоренсия қаласында магистратураны «Loude» белгісімен аяқтап, музыка академигі дәрежесін алып шығады. Қазіргі кезде Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының солисі.

    Саида үшінші сыныпқа барған кезінде әке-шешесіне айтпай-ақ музыка мектебіне жазылады. Ол аз уақыттың ішінде фартопианода еркін ойнайтын дәрежеге жетті. Бірақ 1994 жылғы операциядан кейін үздік оқушы көру қабілетінен айырылды.
    Басына түскен қиындыққа қарамастан, Саида музыкамен айналысуды жалғастыра берді. 13 жасында өзінің алғашқы жеке концертін береді. 15 жасында алғашқы музыкалық шығармаларын жазған еді.

    Университет қабырғасында жүріп, ол Италияның Киоджи қаласындағы шеберлік сыныбына қатысқан еді. Сан-Бартоломедағы конкурсқа қатысып екінші орын алады. Осы жарыстан кейін Кёльн консерваториясының профессорі Саиданы жабық конкурсқа қатысуға шақырады. Бұл конкурста пианист-композиторлар өзі жазған туындысын алып шығатын еді. Бүгінгі таңда Саиданың 28 жеке шығармалары бар.

    2011 жылы Саида «Болашақ» бағдарламасының стипендиасын ұтып алады. Одан кейін Флоренция қаласындағы Л.Керубини атындағы консерваторияға Италия министрліктің және ректордың шақыртуымен магистратураға түседі

    Саида қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерінде еркін сөйлейді. Бүгінгі таңда ол қоғамдық өмірге белсене қатысып, бүкіл әлемдік қайырымдылық шараларына қатысады.
    - республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты: «Джованни Таленти» Италия-2008ж., «Шаг навстречу» - Ресей-2009ж .; Конкурс пианист-композиторларға арналған. К. Филча - Румыния (2009ж.).
    - Қазақстан, Ресей, Түркия, Италиядағы жеке концерттерін өткізген.
    - Оркестрмен концерт: - Санкт-Петербург 2009 ж. Юрий Темиркановтың басшылығымен симфониялық оркестр.
    - Флоренция (Италия) - 2014ж. «Пергола» театрының симфониялық оркестрі - дирижер Алессандро Пинсаути.
    - Астана 2014ж. - Мемлекеттік филармонияның симфониялық оркестрі, жетекшісі Ерлан Бақтыгерей.
    - Астана 2016ж. - қазақ халқының әйгілі аспаптары, дирижер Нұрлан Хамзин.
    Санкт-Петербург 2016ж. Академиялық, симфониялық оркестр, дирижер Александр Дмитриев.
    Астана 2017ж. Мемлекеттік, филармонияның симфониялық оркестр, жетекшісі Берік Батырхан.
    Алматы 2019ж. Мемлекеттік, академиялық, симфониялық оркестр, дирижер Қанат Омаров.

    - 116 концерттің, соның ішінде 21 жеке концерттер, 22 қайырымдылық шарасына қатысқан.
    2024 ж. Өзінің шығармашылық жолына 25 жыл орайына, мерейлік жеке концертін өткізеді: Дарынды пианист Саида Калыкова 2014ж. Музыка Академигі ғылыми тәжірибесін алды, 2016ж. Санкт-Петербург Академиялық филармониясының "Персона" жоғарыатағына ие болды, 2016ж. Қазақстан Республикасының мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін "Жан Шуақ" сыйлығының иегері атанды, 2017 жылы Саида Калыкова, "Қазақстанның 100 жаңа Есімі" жобасының жеңімпазы атанған Қазақстан жастарының үздік өкілдерінің тобына енді.
  • Әйгерім Аманжолова

    Аманжолова Айгерім Меңдібайқызы 1993 жылдың 6 тамызында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2009 жылдан бастап А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне оқуға түсіп, үздік бітірді. 2013 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне оқуға түсті. Осы кезеңнен бастап академиялық ән салу бойынша көптеген жетістіктерге жетеді. 2012 жылы ҚазКСР Халық әртісі, Профессор Н.А. Шарипова І Республикалық вокалистер байқауының І орын лауреаты. 2013 жылы Мұқан Төлебаев атындағы І Республикалық вокалистер байқауының І орын лауреаты атанды. 2014 жылы Ахмет және Ғазиза Жұбановалар атындағы І Республикалық вокалистер байқауының І орын лауреаты атанады. Осы жылы Қазақстанның Х Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының ІІ орын лауреаты «Күміс медаль» иегері, І Халықаралық «Salve Regina» вокалистер байқауының І орын иегері атанып, вокал өнеріндегі өз шеберлігін көрсетті. Қазақстан Республикасының мәдени күндеріне арналған шараларда әлемдік деңгейдегі үлкен сахналарда өнер көрсетті.

    2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Республикалық вокалистер байқауының І орын лауреаты атанды, сонымен қатар Челябинск қаласында өткен ІІ Халықаралық «Орфей» жас опера әншілерінің байқауында үздік танылып І дәрежелі лауреат және «Арнайы жүлде» иегері атанды.

    Осы жылы Қазақстанның ХІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарында ІІ орын «Күміс медаль» иегері атанды.

    2016 жылы КСРО Халық артисі Бибігүл Төлегенованың VIII Халықаралық вокалистер байқауында ІІ дәрежелі лауреат атанып, арнайы төсбелгімен марапатталды.

    Башқұртстанда өткен КСРО Халық артисі, З.Исмагилов атындағы ІІІ Халықаралық вокалистер байқауының дипломанты атанды.

    Айгерім Аманжолова - Халықаралық және Республикалық байқауларда жеткен жетістіктері және оқуда жеткен жетістіктері үшін – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры стипендиясының иегері атанды.

    ХІХ Халықаралық «Романсиада» вокалистер байқауында І дәрежелі лауреат атанды.

    2017 жылы КСРО Халық артисі, Халық Қаһарманы Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» V Халықаралық вокалистер байқауында үздік деп танылып «БАС ЖҮЛДЕ» иегері атанды.

    Сонымен қатар КСРО Халық артисі, Халық Қаһарманы Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» V Халықаралық вокалистер байқауының басты сыйлығы «ӘКІМ КУБОГЫ» иегері атанып, вокал өнеріндегі өз шеберлігін көрсетті.

    2017 жылы ХХ Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің І орын лауреаты атанды.

    2019 жылы КСРО Халық артисі, Күләш Байсейітова атындағы ІХ Республикалық вокалистер байқауының ІІ орын лауреаты атанды.

    2019 жылы «Халықаралық Білім, Экология, Инженерия және Педагогика» академиясының шешімімен (За вклад в развитие культуры и воспитания подрастающего поколения) - «Абай Құнанбаев» атындағы төсбелгімен марапатталды.

    2020 жылы Францияның Тайти қаласында өткен Халықаралық «Le concurse Roi Louis XIV» вокалистер байқауында жеңіске жетіп, Гран-при иегері атанды.

    2020 Халықаралық академияның шешімімен «Д.Қонаев» атындағы орденмен наградталды.

    2020 жылы Мәскеу қаласында өткен Р.М. Глиэр атындағы ІV Халықаралық музыка байқауының Гран-при иегері атанды.

    2020 жылы Қазақстан жастарының «Алтын кітабы» атты Республикалық байқауында І орын иегері атанып, «Алтын» төсбелгімен марапатталды

    2021 жылы (За вклад в развитие образования) «Алтын қанат» медалімен марапатталды.

    2021 жылы «Қазақстан музыка қайраткерлері Одағының» мүшесі атанды.

    2021 - Қазақстанда тұңғыш ашылған «Astana opera» Халықаралық опера академиясына Милан консерваториясының профессоры, опералық ән салу маэстросы Анатолий Гусевтың сыныбына қабылданды.

    Украинадағы Одесса опера театрының солисті, Э.Р. Погосовтың мастер класына қатысты.

    Барокко дәуірі ән салу мектебінің оқытушысы Ф. Опа Маэстроның (Италия) мастер класына қатысты.

    Ресейдің Еңбек сіңірген артисі, Санкт – Петербург консерваториясының профессоры, Тамара Новеченконың шеберлік сыныбына қатысты.

    Милан университетінің профессоры, режиссері және «Giacosa di Ivrea» театрының көркемдік жетекшісі Paolo Bosisio -ның «Оперная драматургия: история и особенности» «Интерпретация оперных персонажей Giuseppe Verdi» шеберлік сыныбына қатысты.

    Совет Кеңесінің және Ресейдің опера қайраткері, вокал педагогы, Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген қайраткері Дмитрий Вдовиннің шеберлік сыныбына қатысты.

    Ресейлік опера әншісі, Ресейдің Еңбек сіңірген артисі, М.И Мещерякованың шеберлік сыныбына қатысты.

    2022 жылы - КСРО Халық артисі, М. Төлебаев атындағы VI Халықаралық «Кестелі орамал» вокалистер байқауында үздік танылып «БАС ЖҮЛДЕ» иегері атанды.

    2022 жылы – «Алтын глобус» Халықаралық академиясының шешімімен (Мәдениет саласында жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметі үшін) «А.Жұбанов атындағы» медальмен марапатталды.

    2023 жылы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері М.Әйтімов атындағы ІІ Республикалық вокалистер байқауының «БАС ЖҮЛДЕ» иегері атанды.

    Қазақстанның Халық артисі Бекен Жылысбаев атындағы І Республикалық вокалистер байқауының І орын лауреаты.

    2023 жылы – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының қолынан мәдениет саласында жеткен жетістіктері мен қызметі үшін - Қазақстан Республикасының «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атағымен марапатталды.

    Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсында Дүрия, В.Моцарт «Дон Жуан» операсында Донна Эльвира партияларымен дебют жасады.

    2023 жылы П.Чайковскийдің «Иоланта» операсында басты кейіпкер Иоланта рөлін жоғары деңгейде орындап, көрермен қошеметіне бөленді.

    Маусым айының 29,30 күндері Дж. Россинидің «Итальянка в Алжире» операсының премьерасында Зульма партиясымен дебют жасады.

    2023 жылы «Astana opera» Халықаралық опера академиясын ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жылтыркөзов А.Қ сыныбынан бітірді.

    2023 жылы «ASTANA OPERA» Мемлекеттік опера және балет театры Опера труппасының солисі.

    Айгерім Меңдібайқызы опералық қойылымдарда, концерттерде әлемге әйгілі дирижерлар – Алан Бөрібаев, Джузеппе Аквавива (Италия), Крестиан Делисо (Италия), Артем Макаров (Беларусь), режиссерлар Алла Симонашвили (Италия), және т.б бірігіп жұмыс жасады.

    Мемлекеттік, Республикалық деңгейдегі үлкен концерттерде өнер көрсетті.

    Қазақстанның мәдениеті күндеріне арналған концерттермен Қазақстанның барлық қалалары сахналарында симфониялық және қазақ оркестрлерімен Ресей, Словакия, Братислава, Венгрияның Будапешт, Шопрон, Австрия, Вена, Францияның Тайти, сахналарында ән шырқады.

  • Шахризада Тыныштық

    Тыныштық Шаһризада Қайратқызы 1992 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласында туылған. Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық Филармониясының солисті (2014 жылдың қыркүйек айынан бастап). 2013/2014 – Санта Чечилия Консерваториясында “академиялық мобильділік” мемлекеттік бағдарламасы бойынша Италияның Рим қаласында білімін жетілдірді. Қазақ Ұлттық Өнер Университеті “вокалдық өнер” кафедрасында профессор Р.Р.Тленчиеваның сыныбынан 2016 жылы бітірді. 2018 жылы Қазақ Ұлттық Өнер университеті «Вокалдық өнер» кафедрасында өнертану ғылымдарының магистрі атанды. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Дауыс классификациясы – толық диапазондағы лирикалық сопрано. Жетістіктері: 2010 жыл – VI Республикалық Дельфийлік ойындары (Павлодар, Қазақстан, ІІ орын, күміс медаль) 2011 жыл – XXXII Республикалық жас орындаушылар байқауы (Алматы, Қазақстан, І орын) 2012 жыл – І Халықаралық оперетта жас орындаушыларының байқауы (Қарағанды, Қазақстан, арнайы диплом) 2013 жыл – Республикалық студенттер олимпиадасы (Алматы, Қазақстан ІІ орын) 2013 жыл – ІІІ Халықаралық Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» саз фестивалі (Астана, Қазақстан, І орын) 2014 жыл – V Халықаралық Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» байқауы (Астана, Қазақстан, І орын) 2015 жыл – V Халықаралық Ахмет Жұбанов атындағы «Жұбанов көктемі» фестивалі (Ақтөбе, Қазақстан, Бас-жүлде) 2015 жыл – XVIII Халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауы ( Шымкент, Қазақстан, II орын) 2015 жыл – XVIII Халықаралық «Шабыт» фестивалі ( Астана, Қазақстан, Бас-жүлде) 2017 жыл – IV Респуликалық М.Төлебаев атындағы «Кестелі орамал» вокалистер байқауы (Талдықорған, Қазақстан, I орын) 2019 жыл – IX Республикалық К.Байсеитова атындағы вокалистер байқауы (Алматы, Қазақстан, ІІ орын) 2019 жыл – VI Халықаралық Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» саз фестивалі (Астана, Қазақстан, Бас жүлде және әкім кубогы) 2019 жыл-Б.Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауы (Алматы,Қазақстан,ІІ орын) «Қыз Жібек пен Сансызбай» музыкалық- театрландырылған койылымында Жібектің рөлін сомдады. Ғ. Жұбанованың «Құрманғазы» операсының концерттік қойылымында Әуес партиясын және Ж. Оффенбахтың «Сказки Гофмана» операсында Антония партиясын орындады. Мастер-класстар: 2014 жыл – Милан консерваториясының профессоры, Милан қаласы “Giacosa di Ivrea” театрының көркемдік жетекшісі және қоюшы-режиссері Паоло Бозизионың 2-9 қыркүйек аралығында “Опералық драматургияның тарихы және өзгешелігі”, “Джузеппе Верди опералық персонаждарын интерпретациялау” тақырыбында өткізген мастер-классына қатысты.
  • Арыстанбек Алтынбек

    Арыстанбек Алтынбек Ерланұлы 1999 жылдың 7 тамызында Қызылорда қаласында дүниеге келген.
    2014 жылы орта мектептің 9-сыныбын бітіргеннен кейін, Қазанғап атындағы музыкалық колледждің “Ән салу” бөліміне оқуға түсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Перуза Аманкелдіқызы Арғынбаеваның сыныбында білім алды. Дауысы – тенор. Колледж қабырғасында облыстық және қалалық деңгейдегі концерттер мен іс-шараларға белсенді қатысып, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты атанды. 2018 жылы колледжді үздік дипломмен тәмамдады.
    Сол жылы ҚазҰӨУ-дің “Вокалдық өнер” кафедрасына түсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Қанат Нұрмұхамедұлы Омарбаевтың сыныбында білім алды. 2021 жылдан бері Арыстанбек Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда солист ретінде қызмет атқарып келеді.
    Жетістіктері:
    • 2017 жылы Астана қаласында музыкалық колледждер арасында өткен XXXVIII Республикалық конкурсының “Академиялық ән салу” номинациясы бойынша III орын иегері;
    • 2018 жылы Семей қаласында өткен М.Төлебаев атындағы II Республикалық конкурстың I орын иегері;
    • 2019 жылы Павлодар қаласында өткен Республикалық “Шелковый путь” конкурсының II орын иегері;
    • 2019 жылы Ресейдің Челябинск қаласында өткен Халықаралық “Орфей” әншілер конкурсының I орын иегері;
    • 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған “Абай арманы” атты Республикалық конкурстың III орын иегері;
    • 2024 жылы Түркістан қаласында өткен XXVI Халықаралық “Казакская Романсиада” байқауында “Русский романс” номинациясы бойынша I орын иегері.

    Арыстанбек Алтынбек өзінің кәсіби шеберлігімен және шығармашылық белсенділігімен қазақ музыка өнерінің дамуына үлкен үлес қосып келеді.
  • Фируза Рахметова

  • Нұрсәт Алмас

    Классикалық вокал бөлімінің солисі. Лирикалық баритон. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі.
  • Майра Ильясова

    Қазақстанның Халық әртісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі, "Парасат", "Құрмет" орденінің иегері.
  • Естай Мұқашев

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
  • Алтынай Жорабаева

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет"орденінің иегері.
  • Гүлнұр Оразымбетова

  • Светлана Айтбаева

  • Ұлықпан Жолдасов

  • Диана Май

  • Алтыншаш Мұқатаева

  • Мұратбек Хайролда

    Республикалық «Дельфилік ойындар-2010» байқауы, І-орын (алтын медаль) (Павлодар қаласы),
    Республикалық «Жас Қанат – 2011» байқауы – «Үміт» сыйлығы (Астана қаласы),
    Халықаралық «Кришталевый грона – 2011» байқауы, Бас жүлде (Украина),
    Халықаралық «Шабыт – 2011» байқауы, І-орын (алтын медаль) (Астана қаласы),
    Республикалық «Туған жер – 2012» К.Дүйсекеев байқауы, ІІ-орын (Қызылорда қаласы),
    Республикалық «Әлия – 2012» байқауы, І-орын (Ақтөбе қаласы),
    Халықаралық «Молода Галичина – 2012» байқауы, Бас жүлде (Украина),
    Халықаралық «Shining Star-2012» байқауы, I-орын (Түркия),
    Республикалық «Қазіргі заман қаһармандары – 2013» патриоттық байқауы, ІІІ-орын (Астана қаласы),
    Республикалық «Арай-2013» байқауында Оңтүстік Қазақстан обылысы әкімінің арнайы жүлдесі (Шымкент қаласы),
    Халықаралық «Mavi Akdeni – 2013» байқауының дипломанты (Түркия),
    Халықаралық «Менің Қазақстаным-2014» Ш.Қалдаяқов атындағы байқауы, І-орын (Астана қаласы),
    «Қазақстан дауысы – 2016» тележобасының ІІІ-маусымының жеңімпазы,
    Халықаралық «Жайық дауысы – 2016» байқауының Бас жүлде иегері (Атырау қаласы),
    Халықаралық «От ыры – 2018» байқауының Бас жүлде иегері (Хакасия, Россия)
    Республикалық «Патша сөздің Фаризасы – 2019» байқауы І-орын (Атырау қаласы),
    Республикалық «Жасай бер, Қазақ елі – 2021» Е.Әбдіхалықова атындағы байқауы Бас жүлде иегері (Қызылорда қаласы),
    Республикалық «Отан-Ана – 2022» Батырхан Шүкенов атындағы байқауы Диплом,
    Халықаралық «Елім менің – 2022» Б.Оралұлы байқауы ІІІ-орын (Ақтөбе қаласы),
    Халықаралық «Атамекен – 2022» Е.Хасанғалиев байқауы І-орын (Орал қаласы).
  • Айдын Жұмабай

    «Қазандағы Шығыс базары» Айдын Жұмабаевқа бағынды!

    Түркі және шығыс халықтарының ұлттық мәдениеттерінің «Ресей — Шығыс» халықаралық фестивалі жыл сайын Қазан қаласында Ресей СІМ, Татарстан Мәдениет министрлігі, Президенттік мәдени бастамалар қорының қолдауымен өткізіледі.

    Әлемге «Қазан қаласындағы Шығыс базары» атауымен танымал фестивальдің аясында түркі және шығыс халықтарының жас орындаушыларының байқауы өтуде, бұл жолы ол 30 елден, соның ішінде Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Вьетнам, Египет, Ауғанстан және Катар елдерінен 50-ден астам ұлттық мәдениет өкілдерін жинады.

    Біздің республикамыздан Қазан қаласындағы байқауға 18 өтінім жіберілді, олардың арасында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның солисі, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Айдын Жұмабаев та бар, ол бірнеше күнге созылған байқаулардан сүрінбей өтіп, қарсыластарынан оқ бойы оза шығып, бас жүлдені қанжығасына байлаған болатын!

    Осы байқау жайында, сонымен қатар, өнердегі шығармашылық жолы мен басқа да жетістіктері туралы дарынды отандасымызбен әңгіме өрбіттік.

    - Айдын, Сізді осындай маңызды байқаудағы жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Эстрада орындаушысы ретінде сіздің шығармашылық жолыңыз қалай басталғанын айтып өтсеңіз.

    - Мен 1992 жылы Атырау облысының Сарытоғай деген шағын ауылында дүниеге келдім. Біздің отбасымыз өнермен немесе шығармашылықпен ешқандай байланысы жоқ: менің әкем 40 жыл бойы жүргізуші болды, ал анам 30 жылдық балалар дәрігері болып жұмыс істеді, екеуі де қазір уақытта зейнеткер. Бала кезімде мен ән айтуға қызығушылық танытпадым. Мұның бәрі 2008 жылы, 9-сыныпта 8 наурыз күні мектеп концертінде Шәмші Қалдаяқовтың «Әлемнің жарығы» әнін орындаған кезде басталды. Сол кезде мен музыка мен сахнаға деген сүйіспеншілікті алғаш рет сезіндім. Көп ұзамай ауданымыздың атынан «Абай оқулары» байқауына қатысып, бірінші орынға ие болып, Атырау қаласындағы Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжіне шақырту алдым. Өкінішке орай, әкем менің бұл оқу орнына түсуіме қарсы болды, бұл ер жігітке тән жұмыс емес деп ойлады. 9-сыныптан кейін мен СПТУ лицейіне түсіп, кең бейінді механизатор дипломын алдым. Бірақ менің шығармашылыққа деген сүйіспеншілігім сөнген жоқ. Оқуды аяқтаған соң дипломды әкеме табыстап, өзім Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық колледжге түсуге шешім қабылдадым. Төрт жыл бойы академиялық вокалда оқыдым. Оқу барысында шыберлік сыныптарына, концерттер мен байқауларға қатыстым. Менің тәлімгерлерімнің бірі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Ғафиз Есімов болды. 2015 жылы колледжді бітіргеннен кейін музыка саласындағы жолымды жалғастырдым. Атырау қаласындағы алғашқы тәлімгерлерімнің бірі мені қазақстандық эстрада әлеміне бағыттаған белгілі композитор Болат Кохаманов болды. Кейінірек Астанаға келіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, қазақ эстрадасының жұлдызы Сембек Жұмағалиевтен білім алдым.

    - Сіздің халықаралық байқауларға қатысу тәжірибеңіз жеткілікті деп ойлайсыз ба?

    - Қазан қаласында өткен Халықаралық байқау менің алғашқы шығармашылық байқауым емес еді. 2016 жылдан бастап мен Болгария, Чехия, Латвия, Ресей және Қазақстандағы көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы атандым. Мен үшін олардың әрқайсысы - үлкен бақыт әрі еңбегімнің көрсеткіші. «Шығыс базары» байқауы шығыс халықтарының мәдени бірлестігіне, олардың ұлттық музыкасы мен дәстүрлеріне арналды. Әр елден келген қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Мысалы, Сауд Арабиясынан келген қатысушы біздің домбырамызға ұқсас аспаптың сүйемелдеуімен халық әнін орындады. Мен бірінші турда әйгілі американдық композитор Хоги Кармайклдың «Georgia on My Mind"» («Джорджия менің ойымда») әнін, ал екінші турда қазақ музыкалық өнерінің інжу-маржаны, халық дәстүрлі әнінің кең әуезділігін қамтитын Үдебайдың «Дудар-ай» әнін ұсындым. Осы халықаралық деңгейде қазақ халық әнімен жеңіске жету мен үшін үлкен мәртебе болды.

    Менің жүрегімде ерекше орын алған сәт - байқаудың қазылар алқасын әйгілі «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировтің басқаруы. Қазақстандық тыңдармандар менің сүйікті шығармаларымның бірі және жиі орындалатын шығармалардың бірі композитор Алексей Рыбниковтың Рабиндранат Тагордың өлеңдеріне жазған «Пояледняя поэма» шығармасы екенін біледі. Өткен ғасырдың 80-жылдарында бұл ән «Ялла» ВАА орындауында миллиондаған адамның жүрегін жаулап, танымал болды... Ал мен «Қазандағы Шығыс базары» байқауының жеңімпазы атанғаннан кейін оны Фаррух Кәрімұлына орындап бердім, оның алғысы мен кәсіби мойындауы мен үшін тағы бір марапат болды...

    Мен 2019 жылы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның солисі болдым, содан бері өз шығармашылығымды елордалық көрерменге тарту етіп келемін. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның басшысы Дакенов Ерлан Ерғазыұлына және көркемдік жетекші Гүлмира Құттыбадамоваға сенім білдіріп, қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіргім келеді. Олардың көмегінің арқасында мен Қазақстанды лайықты түрде таныта алдым.

    Әңгімелесу соңын Айдын Жұмабаев қазақстандық көрерменге: «Қазақ өнері жасасын! Жаңа дүниелерді іздеуді жалғастырып, жаңа шыңдарды бағындырайық! – деп қорытындылады. Өнерпазға сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз!

  • Фарида Жолдасова

    Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұллтық өнер академиясы 2011-2015 жыл, мамандығы "Эстрада өнері"

    Қызметі: Қазіргі таңда Астана қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында эстрада артисі қызметін атқарады.

    Жетістіктері: Балалық шақтан бастап өнерге деген сүйіспеншілігінің арқасында, біршама елдер аралап, концерттік бағдарламаларда бой көрсетіп, байқауларға қатысып, біршама жүлделерге ие болды. Солардың бірі:

    1997 жылы 5 жасында «Әнші балапан» халықаралық ән байқау жобасының лауреаты атанды.

    2000 жылы Қазақстандағы жас балалар арасындағы алғаш рет «Бала тілегі» атты ән жинағы үнтаспа ретінде жарыққа шықты (7 жасында 1 альбом).

    2000 жылы «Бала тілегі-2» репертуары авторлық әндермен толыққан аудиодискісі жарық көрді.

    2000 жылы Ақтау қаласында елбасының алдында өнер көрсетіп, ҚР тұңғыш президентінің алғысына ие болды.

    2001 жылы ТРК Президентінің қолдауымен «Ағатайым» әнінің бейнебаянын жарыққа шығарды (бейнеқордан Елбасы мен Фариданың арнайы бейнематериалдары алынды).

    2001-2002 жж. Ф.Жолдасова өзінің авторлық әндерімен Қытай елінің біршама қалаларын аралап 14 тен астам концерт беріп үлгерді. Бүгінгі күнге дейін Қазақстаның әр аймағын аралап, біраз концерт өткізген.

    2002 жылы Алматы қаласының «Әуен» баспасынан «Бала тілегі» авторлық әндер жинағы атты кітабы жарық көрді.

    2006 жылы Алматы қаласының «Нұрлы әлем» баспасынан «Бала тілегі-2» авторлық әндер жинағы атты кітабы жарыққа шықты.

    2006 жылы Алматы қаласындағы Республика сарайында балалар арасындағы алғашқы «Бала тілегі» атты жеке концерті өтті (13 жас).

    2007 жылы Астана қаласындағы Конгресс-Холлда «Бала тілегі атты» екі концерт берді.

    Қытай Халық Республикасының 20 қаласында жеке концертін берді.

    2010 жылдан бастап жарық көрген «Өзін-өзі тану» атты жалпы орта білім беретін мектептің 1-11-сыныбына арналған оқулығына «Бала тілегі» атты (сөзі: С.Молдасанұлы, әні: Ф.Жолдасова) авторлық әні енгізілген.

    «Саз әлемі» музыкалық байқауында Заман тобымен бірге орындаған «Сағынамын» әні үшін «Үздік ән-2012» номинациясына ие болды.

    «Саз әлемі» музыкалық байқауында «Неге солай?» әнімен «Үздік ән-2013» номинациясына ие болды.

    2014 жылы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Елбасының қатысуымен өткен Ақордада төрінде «Көктем шуағы» атты кездесуге қатысты.

    2014 жылы Ф.Жолдасова «Президент пен перзент» атты тарихи кітабының кейіпкеріне айналды және Ақорда төрінде ҚР Президентінің кеңесшісі-Баспасөз хатшысы Д.Абаев арнайы табыстады.

    2015 жылы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Эстрада өнері» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі бойынша дипломмен табысталды.

    2016 жылы Германия Федерациялық Республикасының Кельн қаласында өткен Еуропа қазақтарының құрылтайына қатысып, көрсеткен биік өнер үшін дипломмен марапатталды.

    Ф.Жолдасованың авторлық әні «Аяулы арманай», орындаушы Алтынай Жорабаева.

    «Тамаша» ойын-сауық бағдарламасының тұрақты бүлдіршін әншісі ретінде өнер көрсетті. Сонымен қатар «Тамаша» ойын-сауық бағдарламасының президенті Есенов Лұқпан Досжанұлының алғыс хатына ие болды.

    «Жыл әні-2019» номинациясының иегері Ф.Жолдасова мен И.Әлимұса.

    2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы “Қазақстан” ОКЗ да Ф.Жолдасованың «Мен жайлы...» атты жеке концерті жоғары деңгейде аншлагпен өтті.

    2024 жылдың 15 қазанында Алматы қаласы Республика сарайында өнерде жүргеніне 25 жыл толуына орай жеке шығармашылық кешін берді.

    2024 жылы ҚР Президентінің жарлығымен “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталды.

    Сонымен қатар тағы бір үлкен жеке кеші Астана қаласында өзі қызмет ететін Мемлекеттік филармонияның қолдауымен “Астана концерт залында” өтеді деп жоспарлануда.

    Қабілеті: адамдармен тез тіл табысады, жұмысқа жауапты, өз ісіне адал.

  • Әкімхан Мәженов

    2016 жылы 37 - Республикалық олимпиада байқауының Гран-при иегері
    2017 жылы Жұлдыз- 2017 байқауы 3 орын иегері
    Республикалық жоғары оқу арасындағы пәндік олимпиада 3 орын
    Халықаралық Яны мон (Россия, Уфа) тележобасының лауреаты

    Өнер ошағында жүріп көптеген:

    2015 - ХХХV Республикалық орындаушылар байқауы - Гран-при
    2017 -“Жұлдыз-2017” - 3 орын
    2018 - “Отан-ана”- дипломат
    2019 - Республиканский олимпиада - 3 орын
    2021 - “Түркістан дауысы” - 3 орын
    2022 - “Жақсыкелді Сейлов” - 2 орын
  • Парасат Отан

  • Анель Смаилова

    Эстрадалық вокал бөлімінің солисті
  • Құралай Мейрамбек

    • 2010 жылы XVIII «Бозторғай» республикалық байқауының бас жүлдегері атанды. • 2011 жылы Испанияның Льорет-де-Мар қаласында өткен «Опус» байқауында 1-орын иегері болды. • 2011 жылы Белоруссияның Витебск қаласында ұйымдастырылған халықаралық «Славянский базар» байқауында 1-орын иеленді. • 2013 жылы «Аялаған Астана» республикалық байқауында 2-орынға ие болды. • 2014 жылы Африканың Мозамбик қаласында өткен «IFLC Mozambique» фестивалінде өнер көрсетіп, арнайы марапатқа ие болды. • 2015 жылы Румынияның Бухарест қаласында өткен халықаралық «13. Uluslararası Türkçe Olimpiyatları» олимпиадасында 1-орын алды. • 2015 жылы «Bala Turkvizyon» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. • 2016 жылы XVI «Абай оқулары» республикалық байқауында 1-орын иегері болды. • 2016 жылы Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен «Colors of the World» фестивалінде өнер көрсетті. • 2018 жылы «Жарқын Болашақ» республикалық байқауында 1-орын алды. • 2018 жылы «Miss Innovation» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. • 2021 жылы «Қазақстан дауысы» жобасында жеңіске жетті. • 2023 жылы ХХХІІ халықаралық «Славянский базар» байқауында 3-орын иеленді. • 2023 жылы Болгарияның «Сарандев Добрич» байқауында гран-при иегері болды. • 2023 жылы «ҚР мәдениет және өнер саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
  • Амантай Жұмашев
  • Секен Сыздық
  • Гүлзира Бөкейхан
  • Нұрай Танабаев
  • Айгүл Қосанова
  • Данияр Мұқан
  • Жақсыкелді Маясаров
  • Берік Омаров
  • Сәулежан Тақзия
  • Айнұр Қонысбаева
  • Нұржан Мейрхан
  • Алуа Қалымбекова
  • Айдос Оңғарбай
  • Өзгеріс Шерікбай
  • Нұржамал Үсенбаева
  • Сүндет Байғожин
  • Азамат Жылтыркөзов
  • Бибігүл Жанұзақ
  • Саида Калыкова
  • Әйгерім Аманжолова
  • Шахризада Тыныштық
  • Арыстанбек Алтынбек
  • Фируза Рахметова
  • Нұрсәт Алмас
  • Майра Ильясова
  • Естай Мұқашев
  • Алтынай Жорабаева
  • Гүлнұр Оразымбетова
  • Светлана Айтбаева
  • Ұлықпан Жолдасов
  • Диана Май
  • Алтыншаш Мұқатаева
  • Мұратбек Хайролда
  • Айдын Жұмабай
  • Фарида Жолдасова
  • Әкімхан Мәженов
  • Парасат Отан
  • Анель Смаилова
  • Құралай Мейрамбек