×
Басты бет Афишалар
Тарихы Басшылық Серіктестер Байланысу Вопросы противодействия коррупции Комплаенс-служба Құжаттар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Комплаенс-служба
Ұжымдар Жетекшілер Дирижерлер Әртістер
Жаңалықтар Галерея
×
Іздеу нәтижесі
Басты бет / Орындаушылар / Көркемдік жетекшілер / Жахин Тоғжан Серікұлы

Жетекшілер

Көркемдік ЖЕТЕКШІЛЕР

Жахин Тоғжан Серікұлы

"Сарыарқа" фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, республикалық байқаулардың лауреаты

Жахин Тоғжан Серікұлы 1982 жылдың 24 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы,Уәлиханов ауданы, Кишкенекөл кентінде (бұрынғы Көкшетау облысы, Қызылту ауданында) дүниеге келген.

1997-2001 жылдары Петропавл өнер колледжінде, домбыра мамандығы бойынша ұстаз Тойкен Күдеровада оқыды.  

2001-2005 жылдары Қазақ Ұлттық Музыка Академиясында профессор Тұрар Әліпбаевтан дәріс алды.   

2004 жылдан бастап Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық филармониясының Қазақ  халық аспаптар оркестірінің  әртісі.

2012 жылы III Республикалық «Тәуелсіздік толғауы»    байқауында «Жалын» күйі үшін 1 жүлдеге ие болды.

2013 жылы  Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған «Мағжан көктемі» II Республикалық өнер фестивалінің Мағжан өлеңдеріне жазылған жаңа әндер байқауы бойынша I орын иегері.

2016 жылы «Елім менің» XIII Республикалық Патриоттық Әндер Конкурсы, «Мәңгілік ел» номинациясы бойынша «Туған елім» әні 1 орын иегері.

Қазақ халық аспаптар оркестріне «Оспан Батыр»«Еңсегей бойлы Ер Есім», «Өмір - Дала», «Еділ патша», «Түнгі аспан» атты, фольклорлық ансамбльге «Бабалар мекені-Алтай»«Алатау аясында» , «Думанды Сарыарқа», «Кенен ата ізімен», «Шәмшіге арнау», «Күзгі сезім», «Мұңды дала»,«Батырхан жүрегі»«Сақ патшайымы Зарина» қойылымына арнайы жазылған 11 шығарманың авторы.

«Тұранның бір бауында»«Зайсанкөл аққулары» , «Бұлбұл», «Сұлу бейне», «Туған елім», «Абыз бабам» атты әндері және т.б. шығармалары бар.

2018 жылдан Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық филармониясының  «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік  жетекшісі.

2020 жылы «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болды.

2021 жылы  «Көңіл ырғағы» атты фольклорлық аспаптарға арналған авторлық жоба жасады.Соның  аясында тұңғыш рет саз сырнайдың түрлері : уілдек, тастауық, үскірік, құссайрауық  және шыңырау аспаптарына шығармалар жазды. Сонымен қатар нар қобызбен қобызға,жетігенмен адырнаға,домбыра,сыбызғы аспаптарына жаңа туындылар жарыққа шықты.

2022 жылы  Қызылжар  қаласында өзінің «Бабалар мекені -Алтай» атты тұңғыш шығармашылық кешін өткізді.

2022 жылы «Балалар жылы» аясында фольклорлық аспаптарды насихаттайтын балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» интерактивті жобасын  жасады.Қазіргі уақытта  ол елорда мектептерінде сәтті өтуде.