×
Басты бет Афишалар
Тарихы Басшылық Серіктестер Байланысу Вопросы противодействия коррупции Комплаенс-служба Құжаттар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Комплаенс-служба
Ұжымдар Жетекшілер Дирижерлер Әртістер
Жаңалықтар Галерея
×
Іздеу нәтижесі
Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Комплаенс-тренинг өтті

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бөлім жетекшілері және әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-тренинг өтті.

Іс-шарада Бас директордың орынбасары - Ж.Айбеков, офицер-комплаенс – Ж.Сулейменов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау туралы ақпараттармен бөлісті. Тренингте 25 адам қамтылып, сұрақтарға жауап берілді.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы хабарлаңыз. 

«Жемқорлықсыз қоғамға!» семинары өтті

Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында 27 наурыз күні «Жемқорлықсыз қоғамға!» тақырыбында  қызметкерлерге арналған семинар өткізілді.  

Семинардың кіріспесінде филармонияның Бас директоры Ерлан Ерғазыұлы мен Астана қаласы Мәдениет басқармасының «Экономикалық жоспарлау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің» бас маманы Нұрбек Әлібекұлы алғысөз сөйледі. Ал филармонияның офицер-комплаенсы Жандаулет Отарбайұлы іс-шарада модератор болды.

Семинардың негізгі спикері ретінде «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің» аға офицері Гүлназ Слямовна шақырылып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты дәріс оқып, слайд көрсетті.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта түсірілген «Вакцина от коррупции» көркем фильмі көрсетілді.

Іс-шарада 94 тыңдаушы қамтылды.

Жанды тербеткен әуендер

ркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның камералық хоры «Астана Опера» театрын­да қазақ композиторларының шығармашылығына және халық ән мұрасына негізделген «Жанымды тербеткен әуен» атты концерт өткізді.

Бұл концерттік бағдарлама бірнеше жыл бұрын үлкен сахнада қойылды. Осы жолы Ерболат Абылай аталмыш жобаға өңдеген жаңа туындылар енгізілді. Камералық хордың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлмира Құттыбадамованың айтуынша, концерттің идеясы – жүректі тебірентетін ретро әндерді, ата-анамыздың жастық шағы, өзіміздің балалық шағымыз, халқымыз шырқайтын әндерді еске алу.

Кеш бағдарламасына ХХ ғасырдың танымал әндеріне айналған Т.Ізтаевтың «Нұрикамал», Н.Тілендиевтің «Куә бол», И.Жақановтың «Жайлаукөл кештері», М.Омаровтың «Анашым», Ә.Бейсеуовтің «Мұңайма» және «Ауылым», Ш.Қалдаяқов әндерінен және «Дос-Мұқасан» ансамблінің репертуарынан попурри, А.Зацепиннің «Мама», «Гүл Алматым» әндерінің хор өңдеулері еніп, алғаш рет орындалды.

Елордада Нұржамал Үсенбаеваның шығармашылық кеші өтті
«Еліме тағзым» концерті Мемлекеттік рәміздер күніне арналды.
Бүгін Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония сахнасында Қазақстан мен Татарстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаеваның бүгінгі 65 жасқа толған туған күнінде шығармашылық кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Еліме тағзым» концерті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне, ұстазы Бекен Жылысбаевтың 100 жылдығына арналды.

Кеште Нұржамал Үсенбаева өзінің бай, әр алуан репертуарын көрерменге паш етті. 

«Еліме тағзым» концертінде Татарстанның Халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның құрметті профессоры, шақырылған маэстро Ренат Салаватовтың жетекшілігімен, филармонияның симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ұйымдастырылды. 

Елорда және қала қонақтарын таңқалдырған тамаша концертте елорда филармониясының камералық хоры  өнер көрсетті. Астана сахнасында әлемдік және отандық операның майталмандары, өнер жұлдыздары ән шырқап, мемлекеттік рәміздер мерекесі күнінің көрігін қыздыра түсті.

Нұржамал Үсенбаеваның орындауындағы Мұқан Төлебаевтың «Бақыт вальсі», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан Ажар ариясы қазақ ұлттық операсының жауhарына айналған туындылар. 

Нұржамал Үсенбаева - еліміздің Ұлттық опера өнерінің болашағына талмай еңбек еткен ерек өнер иесі. Осы бенефисінде ол М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсынан әйгілі «Айтысты» әнші концерттің арнайы қонағы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері тенор дауысты Медет Шотабаевпен дуэтте шырқап, көрерменнің зор ықыласына ие болды, зал толы халық шебер орындалған керемет дуэтті ду қол шапалағымен құрметтеп отырды. Жоғары мәртебелі музыка салтанат құрған кеш әлемдік және қазақ опера маэстроларының өнерін, өлшеусіз еңбегін тағы бір жарқыратып көрсетті. Залда ине шаншар орын қалмай, кеш қонақтары, көрермендер музыканттарды гүлмен көмкеріп, шексіз алғысын білдірді. Концерт аншлагпен өтті. 

«Музыкада шекара жоқ» дегендей, Чех опера әншісі, Еуропа өнер одағының көркемдік және мәдени қызмет саласындағы ең жоғары марапаты – «Алтын Еуропа» (Golden Europea) иегері Филип Банджак салған әуен адамзат тудырған тамаша опера туындыларының ғұмыры ұзақ боларын тағы бір дәлелдеді, маэстроның  елорда  сахнасында өнер көрсетуі астаналықтардың биік талғамын, мықты таңдауын көрсетті, ерекше әсер етті. 

Ақиқаттың алдаспаны

Өз заманында ноқтаға басы сыймай өткен күрескер ақын, әнші, халық композиторы Иманжүсіп Құтпанұлының туғанына биыл – 160 жыл. Өр рухты тұлға жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде бірталай қуғын көріп, «халық жауы» атанды. Жетпіске таянған жасында Әулие ата жерінде атылды. Арада алпыс жыл өткенде ғана ақталды. Бірақ әлі күнге дейін ән мұрасы елге толығымен жетпей жатыр. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония­ның «Халық әні» бөлімі мен «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы халық композиторының мерейтойына арнап «Иманжүсіптің әні» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Онда тұлғалық қасиеттері айшықталып, ел әлі ести қоймаған бірнеше әні ұсынылды.

Кешті Астананың Музыкалық жас көрермен театрының әртістері сахналық қойылыммен ашып, Иманжүсіптің дүниеге келіп, өмірден өткенге дейінгі маңызды кезеңдерді қамтыды. Даңқты балуан Қажымұқан Иманжүсіпті аға тұтып, алдынан кесе-көлденең өтпеген. Иманжүсіптен бір жас қана кіші халық композиторы Балуан Шолақ та сөзін тыңдаған. Әсіресе, осы үш кейіпкердің қатысуымен өткен көрініс әсерлі шықты.

Иманжүсіптің немересі, атасының мұрасы мен тұлғасын отыз жыл бойы зерттеп келе жатқан философия ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Раушан Иманжүсіп кешке құрметті қонақ болып қатысты. Тұлғаның ұрпағы мен астаналық филармонияның «Халық әні» бөлімінің көркемдік жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Тельман Нұркенов арасында сұхбат өрбіп, бірталай мәліметтер айтылды.

– 1992 жылы біздің үйге бір хат келді. Онда «үш әріптің» хабары бар екен. Әкеме жазылған бұл хатта: «Сіздің әкеңіз Иманжүсіп Құтпанұлы 1931 жылы 2 наурызда «халық жауы» атанып, Мойынқұм көтерілісінің басшысы болып атылған. Сүйегі Таразда жатыр. Егер басқа да мәліметтер керек болса, сол жақтан білесіздер» деп жазылған» деген Раушан Иманжүсіп әкесі Нұрхан содан кейін жасы ұлғайғандықтан, атасының жатқан жерін және мұрасын іздеуді өзіне аманаттағанын айтты.

Иманжүсіптің немересі сол күннен бастап бұл істі қолға алып, міне, отыз жыл бойы сонымен айналысып келе жатыр. Атасының зиратын да, суретін де тапты. Отызға тарта кітап жазып, докторлық диссертация қорғады. Бір сөзбен айтқанда, әке аманатын орындады. – Тоқсаныншы жылдардың басында Ақмола қаласына келдім. Сол уақытта осы қалада Иманжүсіптің көзін көрген жиырма шақты адам болды. Менің бір бақытым – сол. Жалпы Иманжүсіп осы Астананың сал-серісі, бала жастан қазіргі Аршалы ауданына қарайтын Жібек жолы ауылында өсті. Сондағы ақсақалдарға Иманжүсіп десем, олар жылап қоя берді. Сөйтсем, сол заманда қандай жағдай болса да Иманжүсіп көмектесіп, елге пана болады екен. 1913 жылы Иманжүсіпті «Тұрғанбай датқаның немересісің, елге кел» деп Сыр бойы­на шақырған. Сонда оны осы жердің халқы қимаған екен. 2000 жылы Астанада Иманжүсіпті еске алу кеші өтіп, Сыр бойынан, Есіл бойынан ағайындар келіп, көрісті. Сонда ақсақалдар сахнаға шығып: «Иманжүсіп неге кеткенін енді түсіндік. Ол ел мен елді біріктіру үшін кеткен екен» деп сөйледі, – деген Раушан Иманжүсіп атасының «Сарыарқа» әнінің тарихын айтып берді.

Оның айтуынша, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары елге Қытайдан Әмина Бапина (Нұғманова) деген әнші келіп, осы жақта Иманжүсіптің әндері айтылмайтынына таңқалған. Ал Қытайда әр отырыста Құтпанұлының туындылары шырқалады екен. Қазақстанда бір тойда «Сарыарқаны» салғанда Сәбит Мұқанов пен Әлкей Марғұланды елең еткізген. Олар Иманжүсіптің әнін таныған. Сәбит пен Әлкейдің қолқалауымен осы ән радиоға жазылған. Қазір бұл ән Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы. Кеште бұл әнді республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Жақсыгелді Маясаров шырқады.

Ал Иманжүсіптің «Ел қайда» әні Александр Затаевичтің 1925 жылы шыққан қазақ әндері жинағына енгізілген. Алайда ол қазақ тілін білмегендіктен, сөзін жазбай нотасын ғана енгізген. Бұл әнді музыкатанушы Қостанай облысынан келген 15 жасар екі қыздан жазып алған екен. Раушан Иманжүсіп кейін бұл ән мәтінін іздегенде Қостанайдың Глазуновка ауылынан тапқан. Осы туындыны республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Айдос Оңғарбай қобызбен орындады.

Затаевичтің жинағынан Иманжүсіп жас кезінде жазған, шығармашылығында махаббат тақырыбын қозғайтын жалғыз лирикалық туынды «Сейфіл-Мәлік» әні де табылған. Раушан Иманжүсіптің айтуынша, бұл әнді атасы алғашқы әйелі Зейнепке арнаған. Мұны мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаевтың орындауында естідік.

Ал Иманжүсіптің «Сары мойын» әнін Евгений Брусиловский «Қыз Жібек» операсында (Бекежанның ариясы) пайдаланған. Әйгілі «Қыз Жібек» фильмінде Шегенің әні болып айтылды. Осы әнді талантты әнші Өзгеріс Шерікбай шырқады.

Халық композиторы Нартай Бекежановтың ағасы, қуғын-сүргін құрбандарының бірі, ақын Мансұр Бекежанов кезінде Иманжүсіпке хат жазған. Кейін бұл туынды жырға түсірілді. Осы шығарманы республикалық байқаулардың лауреаты Айнұр Қонысбаева ұсынды.

Кеште көп айтылмайтын ­Иманжүсіптің «Әкем Құтпан» әнін Берік Омаров, «Қараөткелді» мәдениет саласының үздігі Данияр Мұқан, «Болған жастанды» талантты әнші Сырым Мұхаметжанов салды. Елге белгілі «Иманжүсіптің әні» туындысын танымал әнші ­Секен Сыздық әуелетті. «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы бірнеше күйді тарту етті. Кербез, сұлу Көкшеден арнайы келген Ақмола облыстық «Әдебиет және өнер» музейінің директоры Нұрбек Нұралин, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Кенжебай Мұқышев Иманжүсіптің немересі Раушан Иманжүсіпке жылы лебіздерін жеткізіп, сый-сыяпат жасады. Ақын, жазушы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Ерболат Баят «Иманжүсіптің рухына» атты өлеңін оқыды.

Амангелді Имановқа 150 жыл

Күні кеше Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы Амангелді Имановтың 150 жылдық мерейтойына арналған концерт ұсынды. 

Амангелді Иманов – XIX-XX ғасырлар тоғысында ұлттық сананың дамуында маңызды рөл атқарған тарихи тұлға. 1916 жылғы Орта Азиядағы империялық билікке қарсы көтеріліс жетекшілерінің бірі, Торғай мен Торғай облысында Кеңес өкіметінің орнауына қатысушы, Әліби Жангелдиннің серігі, Азамат соғысына қатысушы. Ол 1919 жылы тарихшылардың бір нұсқасы бойынша ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты.

Биыл Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл. Оның тұлғасы тарихымыздың кеңестік кезеңінде ұлт-азаттық қозғалыстың қаһарманы ретінде ел аузында қалды. Осы уақытқа дейін Қазақстан қалаларындағы көптеген көшелер оның есімімен аталады, Қостанай облысында қоғам және саяси қайраткерге арналған мұражай жұмыс істейтін Амангелді ауылы бар. 1938 жылы режиссер Моисей Левиннің «Амангелді» кинофильмі экранғы шықты, сценаристер қатарында қазақ жазушылары Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов те болды. Халық қаһарманы туралы көрнекті жазушылар пьесалар мен поэмалар жазды, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеев өзінің ең танымал туындыларының бірі – Амангелді Имановтың портретін салды.

Танымал композиторлар халық қаһарманы Амангелді Имановқа музыка арнады, соның ішінде ХХ ғасырдың ортасында классикалық композиторлар Мұқан Төлебаев пен Евгений Брусиловскийдің «Амангелді» операсы, қытай композиторы Си Синхайдың «Амангелді» симфониясы шықты. Сондай-ақ Қазақ радиосының алтын қорында Аблахат Есбаев, Латиф Хамиди, Борис Ерзакович, Дмитрий Мацуцин, атақты күйші Сүгір сынды композиторлардың шығармалары бар. Ал Амангелдінің арияларын қазақ операсының негізін салушылар Манарбек Ержанов, Мүсілім мен Ришад Абдуллиндер, Ермек Серкебаев, Суат Әбусейітов, Рашит Мұсабаев, Кәукен Кенжетаев және т.б. орындады.

«Дала дауылпазы» концерті Амангелді Имановқа арналған музыкалық мұраны бір арнаға тоғыстырды. Және көрермендер шығармашылық эксперименттің куәсі болды. Себебі филармония сахнасында алғаш рет симфониялық оркестр мен «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблінің әртістері бірге өнер көрсетті.

Сонымен қатар концертке үрлемелі оркестр, «Наз» мемлекеттік би театры, жеке орындаушылар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші Анар Мұздаханова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Әбілда, халықаралық байқаулардың лауреаттары Талғат Аллабиринов, Алтынбек Арыстанбек, Нұрсәт Алмас, Жандос Иманбай, Айдос Оңғарбай, Нұржан Мейірхан, Парасат Отан, Мұратбек Хайролда қатысты.

Мұқанның музыкасы
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфо­ния­лық оркестрі, Камералық хоры, «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы, классикалық вокал бөлімі мен филармонияның дәстүрлі әншілері көр­некті композитор Мұқан Төлебаевтың 110 жыл­дығына арналған «Мұқанның мәңгілік мұ­расы» атты сазды кешін ұсынды.
КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлы­ғы­ның лауреаты Мұқан Төлебаев қазақ музыка өне­­рінде өшпес із қалдырды. Оның мұрасы – қазақ кәсіби музыкасының биік шыңы. Композитордың шығар­машылық қоржынында түрлі жанрдағы жүз­ден аса шығарма бар: опералар, симфониялық оркестр­ге арналған увертюралар мен фантазия­лар, дра­малық спектакльдер мен фильмдерге ар­налған музыкалар, романстар, әндер, хор және фор­тепианолық шығармалар. Бұл туындылар музыка тілінің шынайылығымен, өзіндік қолтаңбасымен ерек­шеленеді. Шығармашылық мол мұра қалдырған композитордың рухына тағзым ету – маэстроның музыка саласындағы ізбасарларының ғана емес, ұлттың да үлкен борышы саналады.

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филар­мониясы Симфониялық оркестрінің кон­цертінде «Қазақстан» симфониялық поэмасы, «Менің Қазақ­станым», «Бақыт вальсі», «Тос мені тос», «Кестелі ора­­мал», «Толғау», «Мереке би», «Той» симфониялық кар­­тинасы, «Біржан сал» операсынан Сараның ариясы және басқа да туындылары орындалады. Кеш солистері – ха­лықаралық байқаулардың лауреаттары Шахризада Ты­ныштық, Қуаныш Біләл, Сәулежан Тағзия, Алмат Ізбам­бетов, Әйгерім Аманжолова, Алтынбек Арыс­танбек, Тал­ғат Аллабиринов, Азамат Жыл­тыргөзов. Кештің дирижері Сим­фониялық оркестр­дің көркемдік жетекшісі Әділ Бестембеков болды.

Әйел және өнер
1 наурыз – қазақ халқының татулық пен бірлікті, мейірімділік пен қонақжайлылықты бейнелейтін Алғыс айту күні. Осыған байланысты Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Алғыс айту күніне орай  және алда келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әйел және өнер» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырады. Аталған іс-шараға елорданың мәдениет саласының белгілі өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстанның мәдениеті мен өнерін дамытудағы әйелдердің рөлі туралы баяндамалар жасалып, қатысушылар арасында белсенді пікірталас өрбіді. 
Әйел бейнесі – әр түрлі өнер шеберлерінің шығармашылығындағы сүйікті тақырыптардың бірі. Тарихта қазақстандық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан көрнекті композитор, музыкант, әнші, биші әйелдердің жүздеген есімдері сақталған. Заманауи мәдениет қайраткерлері де өздерінің ұлы бастамашыларының ізін басып, биік мақсаттарды ұстанып, тамаша кәсіби шеберлікке ие.
Негізінен осы бір ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстел қазақстандық әйелдердің шығармашылық бастамасының символына айналатын, іс-шараға қатысушыларды біріктіретін және оларды «Ана жаулығы» халықаралық мәдени-танымдық жобаның бір бөлігіне айналдыратын перфомансты қамтиды. 
Мәселен, кездесуге қатысқан қазақстандық суретші Лейла Махат 2020 жылы әлемді карантин шарпыған кезде «Ана жаулығы» халықаралық жобасына бастамашы болды. Бүгінгі таңда бұл идея өз өзектілігін жоғалтқан емес. Лейла Махат – Қазақ ұлттық өнер университетінің “Кескіндеме және мүсін" кафедрасының профессоры, Бейнелеу өнері саласындағы философия докторы суретші, куратор, галерист. Kulanshi Art Center кураторлық кеңесінің төрайымы. Еуразия өнер академиясының президенті.
Дала өркениетінің ежелгі бесігі Қазақстанның жүрегінде дүниеге келген жоба бүкіл әлем бойынша бағыт алып, қарқындап келеді. Ендеше «Ана жаулығы» бүкіл жер шарын қамтып, ана қорғауы мен бейбітшілік символы ретінде Қазақстаннан тысқары жерлерде көрме ретінде өмір сүрмек.
Міне, сол Алғыс айту күні 1 наурызда «Ана жаулығы» халықаралық жобасына Е. Рахмадиев атындағы МАФ-ның «Әйел және Өнер» дөңгелек үстелінің қатысушылары қосылды. Олар әкелген орамалдар филармония фойесіне ілінетін кенепте өз орнын тапты. Орнату өлшемдері - ұзындығы 121 метр, ені 180 см.
Ақан серінің ән әлемі

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Халық әні» бөлімі Ақан серінің 180 жылдығына арналған «Дала дәстүрі» топтамасынан «Майда қоңыр» концертін ұсынды.
ХІХ ғасырды зерттеушілер қазақ өнерінің алтын ғасырына балайды. Қазақтың музыка өнерінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан ақын, халық композиторы Ақан сері Қорамсаұлы – сол заманның перзенті. Оның әр әні – тағдырлы туындылар. Кеш те әндері тарихының айтылуымен өрбіп отырды. Ақан – ит жүгіртіп, құс салған, жүйрік баптаған, сал-серіліктің үлгісіндей болған тұлға. Осы тұрғыдан концерт барысында сахнаға жеті қазынамызға жататын бүркіт пен тазы итті алып шығу жарасымды болды.
Ақанның «Майда қоңыр» әні Баянауылдағы Шорман бидің немересі Әмір-Темір мен оның жары Бадығұл-Жамалға арналған. Концерт халықаралық және рес­публикалық байқаулардың лауреаты Жақсыгелді Маясаровтың орындауында осы әнмен ашылды. Әрі қарай «Ақтоқтының аужары», «Алтыбасар», «Сырымбет», «Мақпал», «Балқадиша», «Құлагер», «Шырмауық», «Әудем жер», «Ләйлім шырақ» сынды көптеген ән шырқалды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Мәдениет қайраткері Секен Сыздық, мәдениет саласының үздіктері Нұрай Танабаев, Тельман Нүркенов, Арафат Ысқақов, Берік Омаров, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Жақсыкелді Маясаров, Сәулежан Тағзия, Әйгерім Нартүйе, Өзгеріс Шерікбай, Жандос Иманбай, Зинат Қасымова, Алуа Қалымбекова, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
Ақан серінің өмірінен музыкалық және әдеби шығармалар жазылды, театрда спектакльдер қойы­лып, кино түсірілді. Атап айтқанда, Ғабит Мүсірепов­тің либреттосына композитор Сыдық Мұхамеджанов «Ақан сері–Ақтоқты» операсын жазып, классик жазушының пьесасы негізінде осы атаумен қойылымдар қойылды. Арынды ақын Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, көрнекті қаламгер Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды. Кинорежиссер Болат Мансұров «Құлагер» фильмін түсірді. Ал композиторлық қырымен де танымал көр­некті ақын Кәкімбек Салықовтың «Ақан сері» атты әні бар. Мәдениет саласының үздігі ­Данияр Мұқан шырқаған осы ән концерттің жаңалығы болды.

Ардагерлерге – құрмет
Астана қаласы әкімдігінің Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның бас директоры Ерлан Дәкенов өнер ұжымы ардагерлеріне құрмет көрсетті. Көпті көрген тәжірибелі азаматтармен кеңесіп, мәдени ошақтың алдағы жоспарларын айтты.
– Елордамыздың музыкалық жүрегіне айналған филармония өздеріңіздің  сара еңбектеріңізбен құрылып, бүгінгі күні еліміздің беткеұстар мәдени ошағына айналды. Сіздер өрелі өнермен сусындатып, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек еттіңіздер. Содан бері жеткен жетістіктеріміз бен бағындырған белестеріміз көл-көсір. Небір дүлдүл жыршы-термешілер, күміс көмей әншілер, дәулескер күйшілер, саңлақ бишілер шыңдалып, өнер биігінен көрінді. Бүгінгі таңда Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы 13 шығармашылық ұжымнан тұрады. Сіздер өнегелі өшпес із қалдырған үлкен мәдениет ордасына 2021 жылы көрнекті композитор Еркеғали Рахмадиевтің есімі берілді, – деді филармония бас директоры.
Филармония ардагерлері қатарында бүгінде әлі де саптан шықпай, қазақ оркестріне жетекшілік етіп келе жатқан күйші-композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айтқали Жайымов, белгілі музыкант, Қаз ҚСР еңбек сіңірген әртісі Бекболат Байсағатов, белгілі биші, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тойған Ізім, әнші Қияқбай Асамбаев, т.б. бар.
Батыс пен шығысты үндестірді
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония және Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті «Батыс-Шығыс: музыкалық параллельдер» кешін ұсынды. Концерт «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында өтті.
Кеш бағдарламасы Йозеф Гайдн, Феликс Мендельсон, Арман Жайым өңдеген Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» шығармасынан тұрды. Йозеф Гайдн ішекті квартетке арналған 80-нен астам шығарма жазып, осы жанрдың негізін қалады, бүкіл шығармашылық жолын осы жанрға арнады.
Квартет жанры Феликс Мендельсонды да қызықтырып, 12 жасында ол квартетке фугалар жазды. Жиырма жасында №1 ішекті квартетті туындатты. Ал «Қыз Жібек» фильмінде аспандағы аққуды «Аққу» күйі­мен көлге қондырып, ойнақ салдырған Нұрғиса Тілендиевтің бұл шығармасы музыканың құдіретін паш етеді.
Ғ.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев (виолончель). Ұжым құрамында Айдар Тоқталиев (бірінші скрипка), Алексей Лебедев (екінші скрипка) және Бекзат Сайлаубайұлы (альт) бар.
Күй атасы – Құрманғазы
Жақында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі «Күй атасы –  Құрманғазы» атты Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған кешті ұсынды.
Құрманғазы қазақ музыкасының тарихына аңызға айналған тұлға ретінде енді. Музыкант бала кезінен алғырлығымен, өткір тілімен ерекшеленіп, қос ішекті домбыраны жанынан тастамады. Оның орындаушылық шеберлігіне Ұлы дала тәнті болды. Оның күйлерінде туған жерге деген сүйіспеншілік, заманының бейнесі суреттеледі. Ұлтының ұлы мінезін бойына сіңіріп өскен болмысы бөлек, дүниетанымы кең, тәуелсіздікке ұмтылған Құрманғазы қазақ елінің азаттығын, еркіндігін аңсап өткен. Оның шығармаларында терең философия, замандастары мен ұрпақтарына мол тағылым, рухани құдірет бар. 
Құрманғазы 1818 немесе 1823 жылдары тарихшылардың әртүрлі мәліметтері бойынша Бөкей ордасында дүниеге келген. Қазақстандықтар үшін ұлы күйшінің мерейтойын атап өту ерекше себеп. Бұл еліміздің рухани-мәдени кеңістігінде айтарлықтай маңызды оқиға. Мәңгілік мұра қалдырған күйші-композитордың есімін ұлықтау – елге аманат.  
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов жетекшілік ететін қазақ оркестрі күйшіні еске алу шараларының қатарына қосылды.
«Күй атасы – Құрманғазы» кешінде Құрманғазының «Ақбай», «Кішкентай», «Серпер», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Көбік шашқан», «Алатау», «Көк ала ат» т.б күйлері орындалды. Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Анар Мұздаханова, Мәдениет саласының үздігі Әмина Бошымова, республикалық байқаулардың лауреаттары Мұхит Салыбеков, Айым Бекбаева, Сұлтан Сәркенов, Қайрат Жұмағалиев қатысты. Дирижер – Мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.
 Ұлы бабамыздың өлмес күйлерін орындаушылық шеберлігі жоғары, ұлттық мәдени құндылықтарды бойына сіңірген қазақ оркестрінің музыканттары мен солистері орындады. 
Из Канады в Казахстан

Академическая филармонии имени Е. Рахмадиева совместно с Государственным струнным квартетом имени Г. Жубановой представили концертную программу, посвященную 30-летию дипломатических отношений между двумя странами. Гостем вечера стал канадский композитор и пианист Дэвид Брейд.

Вечер открыл посол Канады в Казахстане Алан Уилфред Хэмсон.

Впервые на казахстанской сцене прозвучали произведения Дэвида Брейда – квинтеты Joya Variations («Джойя Вариации»), Great Bear River Blues («Блюз Великой медвежьей реки»), Liuyang Rhapsody («Люян Рапсодия»), Semi.  В этот вечер состоялась мировая премьера канадского композитора, написанная специально для казахстанского коллектива –  Государственного струнного квартета имени Газизы Жубановой.  Художественный руководитель, заслуженный деятель Республики Казахстан Ернар МЫНТАЕВ рассказал, что на вечере представлены редко исполняемые произведения Газизы  Жубановой в честь ее  95-летнего юбилея.

– Уверен, что программа произвела впечатление на публику своей необычностью: такая музыка не так часто звучит на наших сценах. Очень рад, что такой талантливый композитор, как Дэвид Брейд, написал специально для нашего коллектива Второй струнный квартет. Его музыка оригинальна и сочетает в себе микс джаза, кантри и современных композиторских техник. Этот вечер – подтверждение того, что у музыки нет границ. И наше сотрудничество с канадским композитором и пианистом Дэвидом Брэйдом, надеюсь, продолжится, –  отметил Ернар Мынтаев.

14/12/2022

Толығырақ
Теплое дыхание зимы

Концерт инструментальной и вокальной камерной музыки представило государственное трио РК FORTE TRIO в концертном зале Государственной академической филармонии имени Еркегали  Рахмадиева.

Публике подарили возможность услышать и сравнить разные версии воплощения в музыке темы нежности и надежды, примирения и всепрощения. В программе прозвучали  Ave Maria Джулио Каччини и Франца Шуберта, ария Sposa Son Disprezzata Антонио Вивальди. Во время вечера зрители насладились произведениями гения венской композиторской школы – фортепианного трио и фортепианного кварте Вольфганга Амадея Моцарта.

Солистка концерта – лауреат международных и республиканских конкурсов Айгерим АМАНЖОЛОВА (сопрано). Партию альта исполнила лауреат международных и республиканских конкурсов Акбопе МУХАМЕДЖАН.

Государственное трио РК FORTE TRIO является одним из самых известных камерно-инструментальных ансамблей не только в Казахстане, но и далеко за его пределами. FORTE TRIO – уникальный ансамбль, который в 2013 году создал заслуженный деятель Республики Казахстан, кавалер ордена «Құрмет», профессор Тимур УРМАНЧЕЕВ (фортепиано). Он соединил три инструмента – фортепиано, скрипку и виолончель. Никогда прежде в Казахстане коллективов с таким составом не было. В составе коллектива, кроме профессора Урманчеева, – лауреат премии Фонда Первого Президента РК Мурат НАРБЕКОВ (виолончель), лауреат международных конкурсов Максат ДЖУСУПОВ (скрипка).

Репертуар FORTE TRIO охватывает широкий спектр музыкальных произведений: от барочной музыки до джаза, от классических произведений до современных композиций.  Талантливые музыканты в своих концертных программах обращаются к вершинам исполнительского искусства, приобщая самую широкую публику к выдающимся шедеврам мировой музыкальной культуры. FORTE TRIO регулярно представляет казахстанское искусство на самых престижных мировых площадках, участвует во многих международных музыкальных фестивалях. Так, музыканты только вернулись из масштабного турне по четырем крупнейшим городам Бразилии.

14/12/2022

Толығырақ
Обряды Великой степи

В Государственной академической филармонии имени Е. Рахмадиева презентован театрализованный хоровой спектакль «Тал бесіктен – жер бесікке…».

Повседневная жизнь казахов испокон веков наполнена различными традициями и обрядами – семейными, бытовыми, свадебными, от рождения и до заката жизненного пути. Все вместе они создают сложную и уникальную этническую культуру народа, что отразилось и на его духовной жизни. Современное хоровое искусство опирается на традиции народной музыки и национальной классики.

– «Тал бесіктен – жер бесікке…» – это хоровой спектакль по мотивам казахских традиционных обрядов. В представлении драматургически выстроен самобытный комплекс обрядов и обычаев, которые раскрывают мудрость, открытость и гостеприимство казахского народа, его философию и мировоззрение. Артисты хора в национальном одеянии, стилизованных национальных декорациях дек­ламируют стихи, исполняют хоровые обработки казахских народных песен и произведений казахстанских композиторов, такие как «Қамажай», «Қосалқа» Даулеткерея (обработка Е. Корабейниковой), «Қуырмаш» (обработка А. Абдинурова), «Келші, келші, балашым» Е. Хасангалиева, «Балбырауын» Курмангазы (обработка Е. Абылая), «Он алты қыз» (обработка Ғ. Берекешова) и другие, – сообщила пресс-служба филармонии.

В концерте участвовали солисты Камерного хора Жубаныш Зетова, Индира Айтберген, Абылай Ерболат, Еркебұлан Әбдіқалыков, Мәди Айтасов, Бахытгуль Шәкім, Ғазиза Жүсіпбекова, артисты отдела народного пения – «Мәдениет саласының үздігі» Данияр Мұқан, Саулежан Тақзия, Өзгеріс Шерікбай. Партию жетыгена исполнила «Мәдениет саласының үздігі» Қарагоз Гасимова, музыкант ансамбля народной музыки «Сарыарка».

Театрализованный спектакль «Тал бесіктен – жер бесікке…» впервые был представлен год назад в честь 30-летия Независимости РК и вызвал широкий резонанс и высокие оценки публики и музыкальных критиков.

08/12/2022

Толығырақ
Ел еркесі – Еркеғали

Ертең Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония мекемеге белгілі композитордың есімін беру құрметіне арнап салтанатты концерт ұсынады. Концертке шығармашылық ұжымдар мен солистер қатысады.

Биыл музыка қауымы КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, қазақтың көрнекті композиторы, педагог, қоғам қайраткері Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 90 жыл толуын атап өтуде. Оның «Дайрабай» және «Құдаша-думан» симфониялық күйлері, «Қамар сұлу», «Алпамыс» және «Абылай хан» опералары, романстар мен әндері, жалпы көптеген шығармалары ұлттық композиторлық мектеп үшін ерекше туындыларға айналды.

Маэстроның шығармашы­лық қызметі 2004 жылдан бастап елордамен тығыз байланысты болды. Еркеғали Рахмадиев өмірінің соңғы күндеріне дейін өзінің талантын, тәжірибесі мен білімін айналасындағылармен қуана бөлісіп отырды.

Оның есімінің Жеңіс даң­ғылы бо­йында орналасқан, Қазақ ұлттық өнер университетінің Үлкен залына және былтыр елорданың Мемлекеттік академиялық филармонияға берілуі қаланың маңызды оқиғаларының біріне айналды. Осы айтулы оқиғаға орай филармонияның ұжымы мен орындаушылары салтанатты мерекелік концерт ұсынады.

Кеш барысында маэстроның ең танымал туындылары, соның ішінде опералардан үзінділер, симфониялық күйлер және т. б. орындалады. Концертке қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, камералық хор, «Шалқыма» халық би ансамблі, Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, «Қорқыт» этноансамблі және жеке орындаушылар – Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ, Светлана Айтбаева, Арайлым Рахымқызы, сондай-ақ Фируза Рахметова, Алтынбек Әбілда және т. б. қатысады.

02/12/2022

Толығырақ
«Дарынды» алып дараланды

Ғылыми, шығармашылық, қоғамдық жемісті қызметі және спорттағы жоғары жетістіктері үшін жыл сайын жастарға берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының биылғы иегерлері анықталды. Олардың арасында Астана қаласы әкімдігіне қарасты мәдени ошақтардың өнерпаздары, еңбегімен ел және елорда мәдениеті мен өнерінің өркендеуіне үлес қосып жүрген дарындар бар.

«ЖІБЕКТІ» ЖАРҚЫРАТТЫ

Астаналық «Жастар» театрының ­актрисасы Назерке Серікболова 2018 жылы «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығының «Үміт» аталымында топ жарды. Енді «театр және кино» аталымы бойынша «Дарынды» алып, дараланып отыр.

Бастапқыда музыка мектебінің «қобыз» сыныбында оқыған ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжін бітіріп, «музыкалық театр ­актрисасы» мамандығын алды. Содан кейін аталмыш академияда «эстрада әртісі (мюзикл)» мамандығы бойынша профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақып­байдың шеберханасын тәмамдады. Ұстазы жас өнерпазды өзі негізін қалаған «Жастар» театрына қабылдап, содан бері Назерке осы руханият ордасында өнерге қызмет етіп келе жатыр.

Содан бері ондаған спектакльде кейіпкерлерді сомдады. Арасында басты рөлдері де аз емес. Биыл Нұрқанат Жақыпбай Ғ.Мүсіреповтің «Жібек» мюзиклін қойғаны үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты иеленсе, Жібекті сахнада жарқыратып сомдаған Назерке еді.

Актриса, театрдан бөлек, Диснейдің әлемге әйгілі мультфильмдерін қазақ тілінде сөйлетуге үлкен үлес қосуда. Атап айтқанда, «Күлше қызда» – Дризелла, «Рапунцельде» – Рапунцель, «Өрмекші адамда» – Эм-Джей, «Мұзды өлкеде» – Анна, т. б. анимациялық фильмдер кейіпкерлерін дыбыстап шықты.

АҚБОТАНЫҢ ТАҒЫ БІР АСУЫ

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің әншісі Ақбота Құснадиннің жас та болса өнердегі жетістігі аз емес. Қазақ ұлттық өнер университетінің «эстрадалық вокал» бөлімінің Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмидинова сыныбында оқып, оқу орнын үздік дипломмен аяқтаған әнші үш жылдан бері астаналық филармония­да еңбек етіп келе жатыр.

Ақбота бала жасынан республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, көбінесе жүлделі орындардан көрініп жүр. Атап айтқанда, «Боз­торғай» балалар байқауында бас жүлде, «Дельфий ойындарында» және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Рамазан Таймановтың І рес­публикалық «Қазақ қызы» байқауында, XXXIII республикалық орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленді. Грузияның Поти қаласында өткен «Фазиси» халықаралық байқауында Қазақстанның намысын қорғап, гран-приді алды. Биыл ғана белгілі әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновтің 60 жылдығына арналған «Отан-ана» республикалық әншілер конкурсында бас жүлдені жеңіп алды. Ақботаның сыйлықтар қорына енді «эстрада» аталымында «Дарын» түсіп отыр.

Бұлардан басқа «Дарынды» «спорт» аталымы бойынша жас шахматшылар Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік, «театр және кино» аталымында ­Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академия­лық музыкалық-драма театры әдеби және ғылыми қор бөлімінің басшысы, театртанушы, өнертану магистрі Мирас Әбіл, «әдебиет» аталымында жас ақындар Шерхан Талап пен Файзолла Төлтай иеленді. «классикалық музыка», «халық шығармашылығы», «дизайн және бейнелеу өнері», «журналистика», «қоғамдық қызмет» және «ғылым» аталымдары бойынша жастар сыйлығының иегерлері анықталды.

02/12/2022

Толығырақ
«Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК мәдениет басқармасының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін бірлескен іс-шара семинар өткізілді
Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК (Мекен-жайы Астана қаласы, Кенесары көшесі, 32) 2022 жылғы 5 қазанда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы  ӘМ, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК  Астана қаласы мәдениет басқармасының және бағынысты ұйымдардың қызметкерлері үшін «Зияткерлік меншік объективі арқылы шығармашылық салалар» тақырыбына семинар бірлескен іс-шара өткізілді.
Спикерлер сөз сөйледі:
«ҰЗМИ» РМК зияткерлік меншік құқықтары орталығының бас сарапшысы Аружан Асылбекқызы Ұлханова (ашылу, кіріспе сөзі);
«ҰЗМИ» РМК Авторлық құқық басқармасы басшысының орынбасары Саят Асанұлы Шидербеков (Авторлық құқық объектілерін қорғау. Өз туындысына авторлық құқықты тіркеу);
«ҰЗМИ» РМК Өнеркәсіптік үлгілерді сараптау басқармасының басшысы Ляззат Қанатқызы Салкен (Өнеркәсіптік үлгілерді құқықтық қорғау);
«ҰЗМИ» РМК Зияткерлік меншік құқықтары орталығының бас сарапшысы (IPR Сenter)  а Аружан Асылбекқызы Ұлханов (авторлық құқықты қорғау).








03/11/2022

Толығырақ
Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің "мемлекеттік академиялық филармония" МКҚК-да "Халық заңгері"бірлескен іс-шарасы басталды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК  ғимаратында (Нұр-Сұлтан қаласы Кенесары көшесі 32 мекен-жайы), 2022 жылғы 16 қыркүйек күні халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыруымен zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарымен «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы бірлескен іс-шара басталды.

Акцияның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Азаматтар еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алды. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және т. б. қатысты.







06/10/2022

Толығырақ
Елордада Ескендір Хасанғалиевті еске алу кеші өтеді
29 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Мемлекеттік академиялық филармониясы Үрлемелі оркестрінің Халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған «Сағындым сені» атты XXI концерттік маусымының ашылу концерті өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл ретте ұйымдастырушылардың басты мақсаты – өмірін өнерге арнап, ұмытылмас есті әндерді дүниеге әкелген әнші-композитор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан КСР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевті еске ала отырып, оның әндерін көрермендер назарына ұсыну.

Кеште Үрлемелі оркестрмен бірге ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ильясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, Арайлым Рахымқызы, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Бибигүл Тыныштық, Айдын Жұмабаев, Нұрбол Балапанов, Әйгерім Ораз, Талғат Аллабиринов, Ақбота Кұснадин, Әкімхан Маженов, Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов және «ALEM» эстрадалық би ансамблі, Ұлттық ұланның «Құрмет» қарауыл ротасы өнер көрсетеді.


Елорда филормониясының әншісі халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда
Башкұртстан астанасы – Уфа қаласында бастау алған халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасына еліміздің намысын қорғап, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филормониясының классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің әншісі – Маженов Әкімхан қатысуда.

Халық әні «Екі жиренді» шырқап, үш бірдей қазыдан жоғары деңгейде баға алған жерлесімізді келесі кезеңнің бірінде башқұрт тілінде ән салу күтіп тұр. Бұл жобаға қатысуға 8000 мыңнан астам адам өтініш білдіріп, соның 52 - сі ғана кастингке өтті. Әр кезең сайын кіл мықтылар ғана іріктеліп, соның ішінен бір ғана үміткер жеңімпаз атанып, қомақты ақшалай сыйлықпен бірге әйгілі татар және башқұрт әншісі - Элвин Греймен шығармашылық жұмыс жасайтын болады. Бұл жобаның басты мақсаты – халықтар арасында мәдени музыкалық байланыс орната отырып, жас таланттарды анықтау. 

Өзге елде ел намысын қорғап жүрген жерлісімізге сіздердің қолдауларыңызбен ыстық ықыластарыңыз өте қажет. Филормония ұжымы және барша қазақстандықтар атынан Әкімханға сәттілік тілейміз!

Елордалық филармонияның «Айбынды ардагерлер» акциясы
Ел үшін жанын қиған батырлардың даңқты ерліктері мен майдандағы отпен оқтың ортасындағы күрестерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен батырларға үлкен құрметпен шексіз алғыс ретінде, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері арнайы автобуспен шығып, «Айбынды ардагерлер» акциясын өткізді. 

Іс-шара аясында филармония әртістері қаламыздың көшелері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын тұрғын үйлерге барып, әрбір ҰОС ардагері үйінің алдында салтанатты музыкалық құттықтаумен үрлемелі оркестр әскери-патриоттық әндерді орындады. Бұл ардагерлер үшін ғана емес, елорданың барлық тұрғындары үшін ерекше сыйлық болды. 

«Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпашылықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға көпшіліктің, анығырақ айтқанда, бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз», – деп Елбасыда өзінің құрметін көрсетті. Отан үшін от кешкен майдангерлердің көрсеткен өшпес ерлігін, қаһармандық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналып, ерлікке – мәңгі тағзым жасаумыз қажет.

Сейтек сарыны
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрі «Астана» концерт залында күйші Сейтек Оразалыұлының 160 жылдығына арналған «Заман-ай» атты онлайн концерт өткізді.

Кештің мақсаты күйші Сейтек Оразалыұлының өмірі мен шығармашылығын жаңғыртуға, қазақтың күй өнерінде өзіндік айқын қолтаңбасын қалдырған өнер иесінің мол мұрасын насихаттау болды.
Сейтек Оразалыұлы – өз заманын күйлеріне арқау еткен көрнекті күйшілердің бірі. Кезінде оның күйлерін академик Ахмет Жұбанов, композитор Латиф Хамиди зерттеп, нотаға түсірді. Музыка зерттеуші Тмат Мерғалиев ол туралы «Жаңа заман жыршысы» атты еңбекті, жазушы Тәкен Әлімқұлов «Сейтек сарыны» хикаятын жазды. Концертте оркестрмен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі күйші Анар Мұздаханова оның күйлерін орындады.
Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының онлайн-концерттері жалғасып жатыр. Соңғы күндері өнер ошағы «Түркі әлемінің әуендері», «Тәуелсіздік – ұрпаққа аманат» және «Бела Барток белгісі аясында» атты музыканың әр жанрында үш концерт өткізді.
Алғашқы кеште аты айтып тұрғандай, түбі бір түркі ха­лықтарының шығармалары әуеледі. «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі ұсынған бұл концертте филармония солистері мен «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті. Соның ішінде қазақтың халық әндері мен күйлері, қазіргі композиторлардың шығыс стиліндегі туындылары, қураймен сызылтатын башқұрт әуендері, қырғыздың, татардың, түркіменнің, әзербайжанның, өзбектің музыкалық мұралары орындалып, Естай Мұқашев, Мұратбек Хайролда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева мен Арайлым Рахымқызы, Айдос Оңғарбай, Шаһризада Тыныштық секілді әншілер тамылжыта ән салды.
Екінші концерт тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы­на арналды. «Қорқыт» этно­ансамблі ұйымдастырған кеште Қазақ хандығы дәуірінен бері келе жатқан және одан кейін шыққан, қазіргі заманның рухты шығармалары шалқыды. Ал «Бела Барток белгісі аясында» атты кеште Ғ. Жұбанова атындағы ішекті квартет өнер көрсетті.
Елордада «Тәуелсіздік – ұрпақтарға аманат» атты онлайн концерті өтті
Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Қорқыт» этно ансамблінің Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ұрпақтарға аманат» атты онлайн концерті өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Концертте «Қорқыт» этно ансамблінің сүйемелдеуімен «Жұмыр қылыш», «Көк серке», «Заман-ай», «Алтын орда» сынды бірқатар күйлер күмбірледі. Сонымен қатар Алтынай Жорабаева, Айдос Оңғарбай, Арайлым Рақым сынды әншілер әннен шашу шашты.
Елордада «Түркі әлемінің әуендері» онлайн концерті өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің «Түркі әлемінің әуендері» атты онлайн концерті өтті, деп хабарлафйды Елорда Инфо.

«Сарыарқа» фольклорлық ансамблі ұлттық аспаптар мен күйлерді насихаттау арқылы түркі халқының мәдениеті мен музыкасын сипаттайды. Халыққа жаңа әндер мен шығармаларды паш еткен концертте филормонияның эстрадалық және дәстүрлі әншілері өнер көрсетті.


Жұрт естімеген әндер
Қазақтың дәстүрлі музыкалық өнерінде осы күні сирек орындалатын, жұртшылыққа жете қоймаған шығармалар бар. Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясы ұйымдастырған «Жаңғырған ән-күй» онлайн концертінде халық арасына тарамаған сондай туындылар орындалды.
Концертте қазақ даласындағы барлық музыкалық мектептер қамтылды десек болады. Соның ішінде көп айтыла бермейтін халық әндері мен халық композиторларының жиі шыр­қалмайтын туындылары әуелеп, жұрт ести қоймаған күйлер күмбірледі. Кеште филармонияның «Халық әні» бөлімінің әншілері, «Қорқыт» этноансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті.
Кешегі кер заман құрбандарының бірі Мәди Бәпиұлының «Үшқара» әнін халық сүйсініп тыңдайды. Алайда осы әннің екінші түрі барын көпшілік біле бермейді. Халық ақыны, әнші, композиторы Маясар Жапақұлының ән мұрасы қазір көп насихатталмайды. Кезінде белгілі музыкатанушы Тмат Мерғалиев Арқа жеріне, соның ішінде талай өнерпаз шыққан Қорғалжын өңіріне келіп, осы өлкенің ән мұрасын жинақтады. Нәтижесінде Құлтума Өтемісұлы, Үлебай Әнетұлы сынды халық композиторларының әндері жұртшылықпен қауышты.
Жетісудың жүйрігі Кенен Әзірбаевтың да жұрт­шылыққа жетпеген біршама әні бар. Батыстың кең тыныс­ты әндерін насихаттаған әйгілі әнші, ұстаз Ғарифолла Құрманғалиевтің композиторлық қыры да болды. Оның өз жанынан шығарған туындылардың бірі «Өзен» деп аталады. Кейінгі жылдары Алтайдың ар жағынан біршама әндер елімізге жетті.
Осындай әндерді филармония әншілері Секен Сыздық, Нұрай Танабаев, Берік Омаров, Күнсұлу Тұрлыбекова, Тельман Нұркенов, Данияр Мұқан, Жақсыгелді Маясаров, Сәулежан Тағзия, Өзгеріс Шерікбай, т.б. әншілер шырқады. Ұлт қазынасы – халық күйлері мен еліміздің шығыс өңірінде өткен Байжігіттің күйлері күмбірледі.
Елордада «Жаңғырған ән-күй» атты онлайн концерті өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясы  Астана концерт залында «Халық әні» бөлімінің «Жаңғырған ән-күй» атты онлайн концерті өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Концерт  «Қорқыт» этно ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблімен сүйемелденіп, тыңдармандарға халық әндерімен күйлері және танымал композиторлардың шығармалары ұсынылды. Тыңдармандарға таңдаулы туындыларды ұсынып, үздік орындаушылық шеберліктерін көрсеткен өнерпаздар алда әлі бірнеше концерт ұсынатын болады.



Ерлан Дакенов: Жаңалық ізденістен туады Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/260178-erlan-dakenov-zhanhalyq-izdenisten-tuady © egemen.kz
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының халықтық бай музыкалық мұрамыздың жаңа қалыпта, дәстүрде жаңғыру жолындағы еңбегі ересен. Бүгінде үлкен ұжым болып ұйысып отырған көрнекті концерттік ұйым өзіндік концепциясы мен көркемдік ұмтылысын көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның мәдени келбетін әлемдік деңгейде насихаттап келеді. Осынау мәдени орталықтың басшысы Ерлан Дакеновпен мереке қарсаңындағы әңгімемізді оқырман назарына ұсынамыз.

– Мәдени астанамыздың шығар­ма­­шылық және көркемдік өсу жолында осы бір көрнекті концерттік ұйым тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар қомақты. Осы дүниелерді рет-ретімен тарқатып айтып берсеңіз.

– Астанамыздың елорда атанғанына аттай 23 жылдың көлемі болып қалған екен. Бұл қалаға ертерек келгендігімнен бе, қала маған өте ыстық. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының қазіргі таңдағы аяқ алысы жаман емес. 11 ұжымның басын қосып отырған мәдени ұйым көптеген іс-шараға мұрындық болып келеді. Өйткені республика бойынша академия деген атымыз бар, екіншіден ұжым өте үлкен, 700-ге жуық адам қызмет етеді. Атап айтар болсақ, қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі оркестр, ішекті квартет, камералық хор, фольклорлық ансамбль «Сарыарқа», «Шалқыма» халық би ансамблі, «Қорқыт» этно-ансамблі, классикалық және эстрадалық вокал бөлімі, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі. Астана болып енді-енді қалыптасып келе жатқанда салтанатты жиындардың дені осы ғимараттың қабырғасында (бұрынғы Конгресс-холл) дүркін-дүркін өтіп жататын. Тарихи маңызы бар орын десек, артық айтқандық емес. Былтырғы жағдай қай жағынан болсын оңайға соққан жоқ, осындай сын сағатта біз де қарап қалмадық. Көптеген онлайн-концерт ұйымдастырып, оған да үйреністік. Жаз уағында айдынды Есілді пароходпен бойлай жүзіп, думанды концерт өткіздік. Жағадан, балконнан тамашалаған ел-жұрттың ыстық ықыласына куә болып, қызықты сәттерді бірге бастан кешірдік. Сондай-ақ Тұңғыш Президент – Елбасы күніне орай «Бағаналы ордам – басты ордам» атты түсірілім концерті еліміздің бас арналарынан берілді. «Тәуелсіздік – тұғырым» атты онлайн әзірленген концертімізді де көрермен қауым жылы қабылдады. Камералық хор мен симфониялық оркестрдің қосылуымен жаңа жылдық концертімізбен биылғы жылдың әдемі нүктесін қойғымыз келеді.

– Шығармашылық ізденіс аясы туралы айтып өттіңіз, осы орайда ха­лық жадында сақталған маңызды, ауқым­ды жобалар жайына да тоқта­лып өтсеңіз. 

– Қазақтың бас ақыны Абай атамыздың 175 жылдығына орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаевтың бастауымен эстафета­ны қолға алып, 700 адамның басын бірік­тіріп, үлкен сахнада «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқадық. Мұндай игі бастаманы еліміздегі және ресейлік филармонияларға жолдадық. Қазір де «Абай алдында» атты үлкен жобаның дайындық жұмыстарын пысықтап жатырмыз. Енді жағдай түзеліп жатса, көрерменмен жүзбе-жүз дидарласып, жыл басында өткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, ізденіс жұмыстары тоқтаған емес, сондықтан көрермен қауымнан жаңалықтарымыздан көз жазып қалмауын сұраймыз. Жаңалық ізденістен туады. Поэзия мен музыканы жарасымды ете отырып, хакімнің парасатты ой-толғанысын қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып,  ел назарына ұсынсақ дейміз.

– Алашқа Әсет, Шашубай, Манар­бек, Күләш сынды өнер саңлақтарын сый­лаған Ақтоғай өңірінің орны ай­­рықша. Әншілік, күйшілік мұра­мыз­дың көкжиeгiн кeңeйтугe жaсaл­ғaн iзгi қaдaмдар жөнінде айта отыр­саңыз.

– Арқаның айшықты Ақтоғайы – Алаштың арда азаматтары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев сынды ұлылардың мектебі. Шынында да, бізде ән салмайтын қазақ жоқ, өзіміз де бала кезімізден ән мен күйге талпынып, оның ішінде домбыраға деген қызығушылығым ерекше болды. «Әй, балам, жай отырмай әкеңнен домбыра үйренсеңші», деген шешемнің бір ауыз сөзі көңіліме қанат бітірді. Жыр-терме айтып жүрдік, бірте-бірте дәстүрлі ән, эстрада жағына ден қоя бастадым. Ақмолаға енді келген кезім еді, маңайдың бәрі орысшалау. Жүзі бөлек болса да, жүрегі бір жандар арамызда көп қой. Бірде режиссер Елена Высоцкая есімді замандасымыз «Сенің дауысың бар, ән айт» деп қолқалап жүріп, Таразда өтетін Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық конкурсқа жіберді. Бұл 1996 жылы болатын. Сондағы керемет әншілердің арасынан қалыс қалмай, біз де дипломат атандық. Сол кезде Алтынбек Қоразбаев ағамыз шынайы жанашырлық лебізін білдіріп, арқамнан қаққаны бар. Сол шақтардан бері ұлттық мәдениетіміздің дәpіптeлуi мeн нacихaтын биік бeлeскe көтepу жолында еңбектеніп келе жатқан жайымыз бар. Елбасының игі бастамаларының арқасында өтіп жатқан беделді шараларды ұйымдастыру жұмысына да атсалыса жүріп, бай тәжірибе жинадық. Халықаралық деңгейдегі театрлар фестивалі, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі тұсында да бірқатар жобаны атқаруға үлес қостық.

– Елордалық филармонияның мақтанышына айналған солистерден кім­дерді атар едіңіз?

– Негізінен жастарды қолдауға, оларға бағыт-бағдар беруге назар ауда­рып жатырмыз. Қазақстанның көр­некті музыка қайраткерлері Нұр­жамал Үсенбаева,  Майра Илия­сова, Ернар Мынтаев, Айтқали Жайы­мов, Айгүл Қосанова, Бибігүл Жан­ұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Ал­тынай Жорабаева, Гүлзира Бөкей­хан, Нұрай Танабаев, Арайлым Ра­хым­қызы, Күнсұлу Тұрлы­бекова сынды өнер майталмандары филармония қабырғасында еңбек етіп келеді. Жастар – кемел келешегіміздің тірегі десек, Рүстем Жүгінісов, Данияр Мұқанов, Өзгеріс Шерікбай сынды талантты жастар қатарымызға қосылып жатқаны көңіл қуантады. Әншінің өнерін өрістетін нәрсе толыққанды ер­кіндік пен алаңсыз дайындық болса керек. Сондықтан осындағы әр өнер адамының жағдайын қолдан келгенше жасап, жан-жақты қолдау көрсетілуі үшін барымызды саламыз.

– Филармонияның әлеуметтік әлсіз топтарға арналған көптеген қайы­­рым­дылық шара өткізіп жүр­­гені­нен хабарымыз бар. Соның ішінде әйел­дердің тең құқықтары мен мүм­кін­діктерін ескеру қалай жүзеге асырылады?

– Жыл сайын Қарттар үйінде, Бала­лар үйінде, балаларды оңалту орта­лық­тарында, емханаларда және түзеу мекемелерінде концерт беріп келеміз. Филар­монияда зейнеткерлер мен мүм­кіндігі шектеулі жандарға тегін кіруге рұқсат етіледі. Біздің ұжымның басты қасиеті ауызбіршілігі мықты, қандай жағ­­дай болса да бірге бас қосып, ізгілікті бас­­тамаларға ұйытқы болып жүреді. Ка­рантин кезінде де ерікті түрде көп көмек көрсетілді. Ал әйелдер рөлін аттыру мен олардың  тең  құқығын қарастыру үнемі назарымыздан қалыс қалған емес. Фи­лар­мония қабырғасында қызмет етіп келе жатқан әйелдер қауымы біздің ұжым­­ның қозғаушы күші деп айта аламын.

– Өнерсүйер жұртшылықты қуан­тар жаңалықтарыңызбен бө­лісіп, келешек жоспарлар ретін айтып өт­сеңіз.

– Халықаралық шығармашылық ынтымақтастық бағытында да атқарылып жатқан жұмыстар бар­шылық. 2019 жылдың қыркүйек айын­да «Әлемдік қалалар фестивалінде» тарихымызда алғаш рет елордалық симфониялық оркестр өнер көрсетті. Еліміздің айшықты мерекелері назарымыздан ешуақытта тыс қалған емес. Биылғы ең басты мерекеміз Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына байланысты дайындық жұмыстарын бастап кеттік. Мәдениет және спорт министрлігімен біріге отырып, Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, өнер көрсетуді мақсат етіп отырмыз. Тәуелсіздік – қазаққа оңай келе салған дүние емес, қастерлі, қадірлі күн. Жыл сайын мейрамға қызу дайындық жасалады, биыл да әзірлігіміз ерекше.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Ая ӨМІРТАЙ,

«Egemen Qazaqstan»


Елордада «Тәуелсіздік таңындағы патриоттық әндер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясында «Тәуелсіздік таңындағы патриоттық әндер» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Іс-шара барысында Тәуелсіз Қазақстан жылдарында дүниеге келген патриоттық әндердің мәселесі көтерілді. Бұрынғы композиторлардың әндерімен салыстыра келе, екі дәуірде шыққан әндердің тыңдарман құлағына сіңімдісі сараланды.

Аталған тақырыпқа қатысты пікір білдіруге ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Парасат», «Құрмет» орденінің иегері – Майра Ильясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет»орденінің иегері – Алтынай Жорабаева,  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Бағдат Сәмидинова, Құрмет орденінің иегері Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, айтыскер ақын, сазгер – Серікзат Дүйсенғазин, Қазақстан жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры – Дәулеткерей Кәпұлы, әнші-сазгер, актер, ақын, драматург – Қанат Жүнісов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор – Медет Салықов, «Қазақ радиолары» ЖШС директоры – Ернұр Бурахан, «Қазақ радиолары» ЖШС Стратегиялық дамыту қызметінің жетекшісі – Мұхамедияр Рашай т.б сынды қонақтар қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселені қолға алып, қазақ өнерінің жанашырларын бір арнаға тоғыстырып, еліне деген патриоттық сезімі арқылы  өнерпаздардың санасын рухани құндылыққа толтырған жоба  ұйымдастырушысының алғысөзі жас ұрпақтың санасын оятары сөзсіз.

«Бүгінгі жиынның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында шыққан патриоттық әндерді жас ұрпақ құлағына сіңіру, насихат жолын қарастыру. Елін сүйетін ұрпақты тәрбиелеу. «Тәуелсіздік таңындағы патриоттық әндер» мәселесі көптің көкейінде жүрген сұрақтардың бірі. Жас ұрпақтың дүниетанымына, және өнегелі дамуына ықпал ететін елдердің, халықтардың тарихын өнерімен байланыстыру, әлемді тұтастай көркем бейнеде көруге мүмкіндік береді. Өнердің жарқын эмоциялық сезім тудыратыны жасыратын емес. Ол көңіл күйге әсер етеді. Әлеуметтік, патриоттық сезімге, ізгілікке, сонымен қатар қарапайымдылыққа, борыш, құрмет сияқты сезімдерге тәрбиелейді. Қоршаған ортада әсемдікке деген қарым-қатынас қалыптастырады. Музыка өнерінің анағұрлым кең тараған түрі — ән орындау өнері. Ол ел тарихының ғана емес, белгілі тұлғалардың өмір жолдарының куәгері, әрі қатысушысы. Ән халықтың жаны ғана емес, оның өмірлік айнасына айналғаны ақиқат. Еліміз егемендігін алғаннан кейін де патриоттық әндердің рөлі өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Патриоттық әндер үлкен күшке ие. Ол адамның рухын оятып, ерлікке жетелейді. Жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілігін ұялатады», – деді  Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры.

Дөңгелек үстелде жиналғандар арасында  тиянақты ой мен парасаттылықты ұштастастыра отырып, қазіргі таңдағы қазақ өнеріндегі, соның ішінде қазақ композиторларына қатысты сыни пікірді жүйелі жеткізген тұлғалар сөзі бүгінгінің шындығына айналуда.

«Біз тыңдарманның деңгейін өзіміз түсіріп алдық. Туындылардың сапасы төмен. Жеңіл болсын, түсінікті болсын деген мақсатта мәтін жазатындар ән іздейді, орындаушылар сөз іздейді. Қазақтың әндерін жазған кезде қазақ композиторлары тыңдарман деңгейіне төмен қарайтын болды. Халық түсінбей қалады. Біз халыққа түсінікті етіп жазуымыз қажет. Тыңдаушының қабылдау өресі әрқилы. Не себепті кез келген ақын, кез келген композитор биігін ұстап тұрып, керісінше тыңдарманды өзіне тартуы керек. Біз осы тұрғыдан ақсап жатырмыз. Өйткені қоғам кітап оқудан қалып, көркем әдебиет насихатталмағаннан соң біздің ойлау жүйемізде көркемдік төмендейді. Қазіргі таңда тек ауызекі тілде мәтін жазылып кетті. Ол үлкен қасіретке әкеліп соғады», – деді Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы.

Ұйымдастырылған шараға қатысқан қазақ эстрадасындағы әншілердің саз әлеміне, сөз өнеріне бейжай қарамайтыны байқалды.

«Бүгінгі мәселе дер кезінде қолға алынып жатыр. Негізінде патриоттық әндер жоқтың қасы. Ақындар мен әншілердің қарым-қатынасы аз. Патриоттық әндерге келер болсақ, Латиф Хамидің «Отан» әні, Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әні, Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекені» әндерінің қайсысы болса да мәнді, мағыналы. Қазір патриоттық әндер жазатын композиторлар саусақпен санарлық»,- деген ой білдірді «Құрмет» орденінің иегері  Майра Ильясова.

«Көш жүре келе түзеледі». Қазіргі таңда сазгерлердің арқасында жазылған патриоттық әндер жоқ емес. Дегенмен де әскери әндерді көбейту керек деген ой білдіргім келеді. Келесі мәселе, балаларға арналған патриоттық әндер неге аз? 4-5 нотадан тұратын ән оңай сияқты көрінгенмен оларға ән жазу қиынырақ. Себебі, баланың тазалығына, баланың жан дүниесін сезіп ән жазу қиын жағдай. Олардың аппақ көңілмен шырқайтын әндеріне жауапкершілікпен қарауымыз керек», – деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Медет Салықов.

Жиынға қатысып, өз ойын ашық білдірген айтыскер ақын, сазгер Серікзат Дүйсенғазин осы сынды тақырыптағы дөңгелек үстелдерге Ақпарат министрлігі мен Мәдениет министрлігінің өкілдерін қатыстыру керектігін және олардың қазақ әндеріне қатысты мәселелерге бейжай қарамауын атап өтті.

Шараға жиналғандар алдағы таңда қозғалған тақырыпты одан ары дамытып, қазақ ән өнеріндегі қателіктерді ескеріп,  осы сынды жиындарды жиі ұйымдастырамыз деп уағдаласты.

Қараөткелдің ән базарын жаңғыртты
Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының «Халық әні» бөлімі онлайн форматта «Ән базары – Қараөткел» атты концерт өткізді. Кештің бұлай аталуы да тегін емес. Кешегі Қараөткел, бүгінгі елорда ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басына дейін үлкен сауданың ғана емес, ән-жырдың да орталығы болған. Әйгілі әнші, халық композиторы ­Балуан Шолақ ғашығы Ғалияны қазіргі «Астана» концерт залының орнында қымыз сатып тұрған жерінде алғаш көріп, ынтыққан деген дерек те бар. Филармония әртістері Қараөткелдің ән базарын жаңғыртып, асыл мұраға айналған әндерді шырқады.
Академик Ахмет Жұбановтың «Замана бұлбұлдары» еңбегінде Арқа әнінің бір биігі Қосымжан Бабақовтан жазылып алынған тарихи дерек кездеседі. Соны сөйлетсек, 1915 жылы Ақмоланың атақты көпестері Қосшығұловтар үздік әнге бәйге жариялап, осы жерге Арқаның әр атырабынан әншілерді жинайды. Бәрі әнші әрі ақын Ғазиз Файзоллаұлының шаңырағында бас қосады. Осы жерде кеңесіп, ән шырқайды.
Олардың арасында «Қанатталды» әнінің авторы Сәтмағамбет, Қапаш, Тұрсынбай, Сәлкен, Кәкімжан, гармоншы Қарақас, Ахмет, Исабай сынды сол заманның үлкен әншілері болады. Жиырма жасқа енді толған Қосымжан да сол ортадан табылып, Біржан салдың «Айтбай», Жаяу Мұсаның «Көгаршын», Ғазиздің «Шалқыма» әндерін айтады.
Жалпы бұл басқосуда Ақан сері, басқа да халық композиторларының туындылары әуелейді. Бертінде осы әндерді Жүсіпбек Елебеков, Мәдениет Еше­кеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, т. б. өнер саңлақтары іліп әкетіп, өз шәкірттеріне үйретті. Бұл кеш сағындырған дауыстарды естіртіп, дәстүрдің сабақтастығы үзілмегенін көрсетті.
Мәселен, Жәнібектің шәкірті Секен Сыздық «Ғазиздың әніне» салды. Қайрат әнге баулыған Нұрай Танабаев «Шәмсиқамарды» әуелетті. Бұған қоса, Берік Омаров, осы кештің тізгінін ұстаған «Халық әні» бөлімінің көркемдік жетекшісі Тельман Нұркенов, Данияр Мұқанов, Күнсұлу Тұрлыбекова, Жақсыгелді Маясаров, Перизат Тұрарова, Сәулежан Тағзия, Айнұр Қонысбаева, Айбала Бейсенова, басқа да әншілер шабыттана шырқап, ән базарын қыздырды. «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі кештің әрін кіргізді.
«Алқоңырдан» «Алай көкке» дейін
«Астана» концерт залында Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Перизат Тұрарованың «Алқоңыр» атты онлайн-концерті өтті.
Талантты әншінің репертуарында халық әндері мен халық композиторлардың, қазіргі белгілі сазгерлердің сан алуан туындылары бар. Өз концертін осы кешке атау берген әнмен бастаған ол Сыр бойының саңлағы Нартай Бекежановтың «Өздерің білер Нартаймын» термесімен жалғастырды.
Жалпы осы кеште әнші Арқа, Жетісу сияқты әншілік мектептеріне жататын туындыларды қамтыды. Алтайдың арғы жағынан елге жеткен әндерді де сызылта шырқады.
Ұлы Абайдың әндері де кеш бағдарламасынан тыс қалған жоқ. Әнші хакімнің Пушкиннен аударып, әнге айналдырған «Евгений Онегин» шығармасындағы «Татьянаның хаты» туындысына салды.
Перизаттың орындауында өзіміз жиі тыңдайтын әндердің бірі – әнші, композитор Тұрсынғазы Рахимовтың ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Аягөз ару» шығармасы. Бұл жолы да осы ән орындалды. Әншіні арасында «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі ­сүйемелдеп отырды.
«Сарыарқаның» ауылға сағынышы
Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі онлайн форматта «Ауылым – алтын бесігім» атты концерт өткізді. Кеште өнер ошағының әншілері ансамбльдің сүйемелдеуімен баршаға таныс, жүрекке жақын әндерді шырқады.
Көрнекті композитор Теміржан Базарбаевтың ақын Жабайыл Бейсенов­тің өлеңіне жазылған «Ауылым» әнін білмейтін қазақ жоқ шығар. Сол сияқты музыка мэтрі Нұрғиса Тілендиев пен ардақты ақын Тұманбай Молдағалиевтің бірлестігінен туған «Сағындым ғой» әнін де білмейтіндер кемде-кем. Концертте осы қатарлы белгілі композиторлардың туындылармен бірге жас сазгерлердің әндері де айтылды. Атап айтқанда, Толқын Нұртасқызының «Сағынышым – ауылым», Рахметолла Хамитұлының «Ауылым – алтын бесігім» әндері шырқалды. Филармонияның жетекші әншісі Данияр Мұқан «ән патшасы» атанған Әбілахат Еспаевтың «Туған ел» әнін жаңғыртты.
Белгілі композитор Жақсыгелді Сейілов ақын Сайлаухан Нәкеновпен бірге «Туған жер» әнін жазды. Кейіннен тыңдаған жұрт «Бұл ән – Ұлытаудың әнұраны ғой» деген соң, бұл туынды «Ұлытау» аталып кетті. Кеште осы әнді мәдениет саласының үздігі Нұрай
Танабаев тамылжыта шырқады.
Мемлекеттік академиялық филармонияда «Ұмытылмас әндер» атты концерт өтті

2020 жылдың 20 қазаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің «Ұмытылмас әндер» атты маусымашар онлайн концерті өтті, деп хабарлайды Kaznovosti.kz

Концерттің мақсаты әрқайсысы бір төбе болатын, арттарынан өшпес із қалдырған осындай ұлы тұлғаларымыздың шығармаларын насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізу болғаны сөзсіз. Өз замандарының дүлдүлдеріне айналған, кейінгі ұрпақтың жүрегінен әсем әуезді әндерімен орын алған, біртуар тұлғалар: Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әбілахат Еспаев, Еркеғали Рахмадиев, Кеңес Дүйсекеев, Ескендір Хасанғалиев сынды композиторлардың туындылары жанды дауыста шырқалып, төбемізде ән қалықтады.

Жанды дауыста шырқалатын онлайн концертте ұлт өнерінің тарихи саңлақтарының ұмытылмас әндерін тыңдалып, көрермендер әсем әнмен сусындады!

Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл: Елордалық филармония онлайн кеш өткізді
ҚазАқпарат – Ақын Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ оркестрінің ықшамдалған шағын құрамы онлайн әдеби-музыка кешін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Көрермендер бұл жолы тікелей эфирден, «Мен – қазақпын» поэмасының авторы, жауынгер ақын Жұбан Молдағалиевтың шығармашылық мұраларын тыңдап, жарқын лебіздерімен бөлісті. «Биыл ақынның дүниеге келгеніне 100 жыл толып отыр. Осыған байланысты онлайн әдеби-музыка кешін өткізіп, ақынның рухына тағзым етуді парыз санап отырмыз. Қиын заманда жасқанбай, «Мен – қазақпын» деп қасқайып, елінің рухын көтерген ақынның есімі халық жадынан ешқашан өшпейді», - дейді филармония ұжымы.


Елорда филармониясы ұлы тұлғаларды ұлықтап, атаулы мерекелерді дәріптейтін онлайн кештерді өткізуді жалғастыратын болады. Жұбан Молдағалиев (1920-1988) - ірі эпик ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы 1920 жылы Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан обл.) Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келді. Жетіжылдық мектепте, Орал ауыл шаруашылығы техникумында, әскери-саяси курстарда білім алды. 1940-1947 жылдары әскер қатарында болып, соғысқа қатысты. Тұңғыш өлеңдер жинағы Жеңіс жырлары атымен жарық көрді. Соғыстан кейін баспасөзде, Қазақстан Жазушылар Одағында басшылық қызмет атқарды. КСРО Министрлер Кеңесінің Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі коллегиясының мүшесі болды. Алғаш 1939 жылы газет бетіне басылған өлеңінен бергі жылдар ішінде алпыстан астам кітабы жарық көрді. «Кісен ашқан», «Қыран дала», «Сел», «Мен – қазақпын» поэмалары үшін ең жоғарғы Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, монгол тілдеріне аударылған. 1986 жылы Жазушылар одағында Г.В.Колбинмен өткен кездесуде басын қатерге тіге отырып, жастар қозғалысын қолдады. Ақын қазақ халқының тарихы туралы «Мен – қазақпын» атты толғауында халқының атынан мінбеге шығып сөйлей отырып, тарихи шындықты, халықтың эпикалық өмірін кестеледі. Сан түрлі тақырыптағы лирикалық шығармаларында туған жер, Отан, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, қазақ тілі, оның тағдыры, ана, әйел, махаббат, соғыс және бейбітшілік, замандастар бейнесін арқау етті.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhuban-moldagalievtyn-tuganyna-100-zhyl-elordalyk-filarmoniya-onlayn-kesh-otkizdi_a3707398

Елордалық филармонияның маусымашар кеші өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Інжу-маржан» атты дәстүрлі маусымашар кеші өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Кеште ғасырлар бойы сақталып келе жатқан халқымыздың музыка мұрасы насихатталып, қазақ жанының ғасырлар көшінде шаң баспаған сырлы айнасына айналған әндері шырқалды.

Қазақтың жаны мен бітім болмысынан жаралған өнер кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері Айгүл Қосанова, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Айнұр Қонысбаева, Перизат Тұрарова, Жақсыгелді Маясаров, Мәдениет саласының үздігі Секен Сыздық, белгілі әнші Сәулежан Тағзия, талантты жас әнші Өзгеріс Шерікбай сынды өнер иелерімен бірге «Қорқыт» этно ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетті.

Домбыра тек қана киелі аспап емес, ол ұлтымыздың ұлы шежіресі – Ерлан Дакенов
Домбыра қазақтың жаны, қаны, тегі, өткені мен бүгінгісі, кешегісі мен келешегі. Домбыра тек қана киелі аспап емес, ол ұлтымыздың ұлы шежіресі. Себебі, домбыра қай кезде де қамкөңіл қазаққа жұбаныш, думанды күндерде қуаныш бола білді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры  Ерлан  Дакенов айтты. Оның сөзінше біздің ұлы тұлғаларымыз домбыраның қоңыр үні арқылы көңілінің қылын шертіп, жүрегінің мұңын ақтарған. Олардың туындыларын терең зерттей алсақ, талай-талай тоңалған тарихымызбен, жоғалған жылдардың шындығын ашылмақ. «Қазіргі таңда ғалымдардың күй, домбыра төңірегінде жазған еңбектері арқылы біз көне өнердің қыр-сырын танып, біліп келеміз. Мәселен, Ақселеу Сейдімбек ағаның «Күй шежіре», «Қазақтың күй өнері» сияқты еңбектерін әрбір қазақ баласы оқуға, оқығанда жай емес, мейлінше мазмұнына терең бойлауға тиісті деп есептеймін. Осы сынды еңбектерді мектеп қабырғасынан оқушының санасына сіңірген абзал. Өйткені, ұлттық өнерін ұлықтаған ұрпақтың болашағы қашанда жарқын болмақ. Құрманғазының «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Кішкентай», Тәтімбеттің «Сарыжайлау», «Былқылдақ», «Бес төре», «Көкейкесті» сынды күйлерін естіген қазақтың өне-бойы шымыр ете қалары ақиқат! Бұл қазақ пен домбыра егіз деген ұғымды білдірсе керек-ті. Қазақтың қадірлі ақыны Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» – деген қанатты сөзі, тұтастай өлеңі әрбір қазақтың ұранына айналу керек деп ойлаймын», – деді Ерлан  Дакенов.
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде домбыра үйрену пәнін енгізу бастамасын қолдайтынын айтып, оқулық әзірлеуді тапсырған болатын. Енді мектептерде «Домбыра» пәні енгізілмек. «Осыған ел болып, қолдау көрсету керек. Оқушыларға ғалым, домбырашы, күйші, композиторлар дәріс оқып, шеберлік сағаттарын өткізіп тұрса нұр үстіне нұр болар еді. Білім, ғылым, техниканың дамыған заманында шалғайдағы мекендерге онлайн дәріс өткізуге болады. Бүгінгі, елдегі жағдай осыған көзімізді толықтай жеткізді. Сонда оқушыларға, жалынды жастарымызға қол жетпестей боп көрінетін тұлғалармен тілдесу мүмкіндігі туар еді. Сосын аға буын мен жас буын арасындағы байланысты, дәстүр сабақтастығын үзбеуіміз керек. Тұлға тәлімін таныған ұрпақтың болашағы айқын болары хақ», -деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры. Сондай-ақ, ол біз ұлттық домбыраны ұлықтай отырып, қазіргі заманның Құрманғазысын, Тәтімбетін, Сүгірін, Динасын, Төлегенін, Нұрғисаларын шығаруымыз керектігін айтты. «Дара шапқан дарабоздардың есімін әспеттеп, қоңыр үнді домбырамызды әлемдік брендке айналдырсақ, ұтарымыз көп болмақ деп пайымдаймын. Төл өнерсіз, ұлттық рухани құндылықсыз ел болмайды. Біздің барлық қуаныш, қайғымыз, бүтіндей болмысымыз осы домбыраның киелі үнінде жатыр. Домбыра даламыздың үні, бабамыздың сыры! Оны дәріптеу, насихаттау сіз бен біздің, жүрегі қазақ деп соққан азаматтардың ортақ парызы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлттық домбыра күнін» белгілеуі, Рухани жаңғырудың жарқын үлгісі болды. Шындығында біз домбыраны үйрену, оның тарихын, табиғатын зерттеп, зерделеу арқылы, ұлтымыздың ұлы өнерін ұлықтаймыз! Ұлттық өнері ұлық елдің қашанда мерейі үстем болмақ!», – деді  Ерлан  Ерғазыұлы. Естеріңізге салайық, шілденің  бірінші жексенбісі елімізде Ұлттық домбыра күні. 2018 жылы алғаш рет  Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен аталып өтілді.



Ерекше форматтағы «ҚҰТТЫҚTIMES ASTANA» мерекелік концертін ұсынамыз

2020 жылдың  25 маусым және 3-4 шілде күндері 18:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен қала күніне арналған «ҚҰТТЫҚTIMES ASTANA» мерекелік концерті өтеді. Мейрамды өзгеше форматта атап өту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы қайталанбас концерттік бағдарламаны ұсынып отыр. Осыған сәйкес артистер үш күн бойы екі қабатты автобуспен елорда көшелерін аралап, Есіл жағалауындағы кеме үстінде жүзіп тұрғындар мен қала қонақтарын естен кетпес әсерге бөлейтін болады.

Мұндай форматтағы жайдарлы кешті Симфониялық оркестр Э. Элгардың «Salut d'amour», А. Дворжактың «Юмореска», Франц Шуберттің «Серенада», И. Брамстың «Вальс» атты классикалық композицияларымен және Карлос Гардельдің «Запах женщины» фильміндегі тангосымен ашпақ.

Осы күндер аралығында мерекелік концертке сәйкес Үрлемелі оркестрдің орындауындағы Нат Макинтоштың «New blood», «Weather Report» тобының «Birdland», Пол Кларктың «Dance like no one's watching», т.б. сияқты әндер шырқалады. Екі қабатты автобус Нұр-Сұлтан көшелерін аралай отыра, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Ал кеме үстінде өтетін концертте ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Естай Мұқашев; Мәдениет саласының үздіктері: Күнсұлу Тұрлыбекова, Арайлым Рахым; Халықаралық байқаулардың лауреаттары: Көркем Шолошова, Алтынбек Әбілда, Бибігүл Тыныштық, Жақсыгелді Маясаров, Саулежан Тақзия, Айдын Жұмабай, Ақбота Құснадин, Әкімхан Маженов, Дәстүр Асылхан, Дихан Ильяшев, Диана Май; Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Нұрбол Балапанов; әнші «Дос»; «Қазақстан дауысы» ІІІ тележобасының жеңімпазы Мұратбек Хайролда; «Жұлдыз-2019» Гран при иегері Бахтияр Ақылбек өнер көрсетеді. Осылайша олар мәртебелі музыка тыңдармандарын шоқтығы биік шығармалармен және танымал әншілердің әсем әндерімен сусындатпақ.

Көк аспанның астында музыканттар кәсіби шеберліктерін шыңдай отыра, Елорда күнін одан сайын шырайландыра түсетіндері сөзсіз.

 

25/06/2020

Толығырақ
Балаларға арналады

1 маусым күні сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Халықараралық балаларды қорғау күніне орай өзінің кішкентай көрермендеріне онлайн-концертті тарту етті. 

Кеш бағдарламасына сай астаналық филармонияның бірнеше ұжымдары кәсіби композиторлар жазған балалардың сүйікті музыкаларын орындады. Концерттің ерекше сипаты ретінде Үрмелі оркестрдің "Оскар" номинациясына ие "Toy story" мультфильміндегі музыканы және әйгілі "Буратино" балалар фильмінің түпнұсқалық диксилендін ойнап беруін айтуға болады. 

Классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің солистері елімізге танымал "Крылатые качели", "Серенада Трубадура", "Ничего на свете больше нету", т.б. әндерді шырқап берді. 

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат" орденінің кавалері Айтқали Жайымовтың басқаруымен Қазақ оркестрі отандық авторлардың заманауи музыкаларын (Е. Иманбаевтың "Әлди әуен", Ш. Қорғанбектің "Бала махаббаты") орындады. Симфониялық оркестрдің өнерпаздары көрермендер алында "Моана" мультфильмінің саундтрегін шырқаса, Дәстүрлі халық әні бөлімінің солистері "Бесік жырымен" тамсандырған. Сондай-ақ, Лаура Мукаеваның жетекшілігімен "Әлем" эстрадалық би ансамблі кештің көркін асыра түсті.

Үрлемелі оркестрдің онлайн концерті көрерменді баурап алды

Көрермен қауым концерт залдары есіктерінің қайта ашылуын, залдың көрерменге лық толып, сахнада керемет музыка орындалғанын, әртістердің өнер көрсетуінен кейін «Тамаша!», «Жарайсыңдар!» деп ду қол шапалақ соғатын сәтті тағатсыз күтіп жүр. Қазір сахнада әуен естіледі, бірақ залда әзірге көрермен жоқ. Тек онлайн көрсетілімдер өтіп жатыр.

30 мамыр күні астаналық филармонияның үрлемелі оркестрінің концерті өтті. 2001 жылы құрылған, астананың бірде-бір маңызды іс-шарасы осы ұжымсыз өтпейтін үлкен музыкалық ұжым шағын құраммен өнер көрсетті. Ол  – Dixiland Big band тобы. Үрлемелі оркестрдің концертіне көрермен ерекше ықыласпен келеді. Өйткені ұжым репертуарында қызықты бағдарламалар бар. Олар «Музыка кино», «Музыка Нового Света», Soundtrack,  JazzTime, «Планета Голливуд», «Легенды рока» және т.б. Dixiland Big band онлайн концертінің бағдарламасы да қызықты болды. Кеште танымал джаз шығармалары, үрлемелі оркестрге өңделген белгілі әндер орындалды. Онлайн концертте атақты Weather Report тобының репертуарындағы Birdland джаз-аспаптық әні шырқалды. 1977 жылы шыққан джаз фьюжн ерекше коммерциялық табысқа қол жеткізді және джаз үлгісіне айналды. Бұл композиция радио мен теледидарда хит болды. Бір қызығы, Birdland әнінің өзі «Грэмми» сыйлығын алмаған. Бірақ кейіннен көптеген әртістің репертуарына еніп, оның нұсқалары осы сыйлықпен үш рет марапатталды. Нью-Йорктағы Birdland джаз клубы Birdland «Құс» лақап атымен танылған джаз саксафоншысы Чарли Паркердің құрметіне аталған.

Сондай-ақ ресейлік орындаушы Антон Игумновтің  Astronomia атты композициясы орындалды.  Astronomia композициясы 2010 жылы шығарылды. Ал 2020 жылдың ақпан айында осы композицияның ремиксі жергілікті дәстүрге сәйкес, жерлеу рәсімі кезінде Ганалық билеп жүріп табыт көтергендер арқылы танымал болды. Онлайн концерт америкалық композитор Говард Роудың Calipso bob туындысыменбритандық Adele репертуарынан Hello әнінің аспапты нұсқасымен, Paul Clark Dance like no one’s watching, Robert W. Smith Can You Feel the beat шығармаларымен жалғасын тапты. Концерт соңында Диксиленд Бэнд америкалық композитор Stevie Wonder  Medley туындасын орындады. Stevie Wonder – XX ғасыр музыкасының дамуына үлкен ықпал еткен әлемдегі ең танымал әншілердің бірі, соул-әнші, пианиношы, қоғам қайраткері. Музыкант-мультиаспапшы Стиви Уандер 2 000-нан астам ән жазып, «Грэммидің» 25 сыйлығын алып, рекорд жасаған.

Әрине, зал көрерменге толы болса, тыңдаушылардың көңілі көтеріліп, ду қол шапалақ соғып отырары сөзсіз еді.

Филармония әртістері балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады
Мәдениет қызметкерлерінің ортақ үйіне айналған І.Жансүгіров 4/3 мекенжайының кішкентай тұрғындары, бұл жолы күндерін әдеттегіден өзгеше бастады. Елорда филармониясының «Alem» эстрадалық би ансамблі балаларды қорғау күніне орай, жатақхананың балапандарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Дене қимылдарымен, сергіту сәтімен басталған таңғы жаттығу қызықты ойындарға жалғасты.

Салауатты өмір салты - бала болашағының жарқын кепілі. Ансамбль артистері (бишілер) кішкентай достарына спорттың маңызын, өміріміздегі орны бөлек қағида екенін ұғындырып қана қоймай, мереке қарсаңында жатақхана алаңын балалардың риясыз күлкісі мен қуанышына бөледі.

Дене жаттығулары саулық пен сымбаттылықтың кепілі болса, түрлі ойындар ой қабілеті мен көрегендікке, ақылдың дамуына апаратыны баршаға белгілі. Филармония артистері балалық шаққа саяхат жасап, бүлдіршіндермен ойындар ойнап, жағымды энергетикаларымен іні-қарындастарын баурап алды.

Балапандардың ризашылығы шексіз. Қазақтың бас ақыны Абай «адамның бір қызығы - бала...» дейді бір өлеңінде. Өміріміз ұрпағымызбен мәнді, ел болашағы да - балалар. Мереке қарсаңында кішкентай достарына шаттық сыйлап, сыйлықтар үлестіріп, бал дәурен бақыттың ұшқынын сыйлаған өнерпаздарымыздың игі бастамасы - ізгіліктің бастауы деп білеміз.


Елордалық әртістер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

Жазықсыз құрбан болғандарға құрмет көрсету үшін Қуат Ежембек Естеу Нүсіпбековтің «Қуғын-сүргін құрбандарының кесенесінде» өлеңін оқыды. Зобалаң уақыт құрбандарын еске алу барысында елордалық филармонияның бас директоры Ерлан Дакенов саяси қуғын-сүргін жылдарының тарихтың қайғылы беттері болғанын атап өтті.

«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні − ел тарихындағы ерекше күн. Біз қатігез тоталитарлық жүйеден зардап шеккен адамдарды, ұлттық интеллигенцияның өкілдері - жазықсыз қаза тапқан Әлихан Бөкейханов, Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин және т.б. құрбандарды мәңгі есте сақтауымыз керек», - деді ол.

Ерлан Дакенов біздің халқымыздың басына түскен барлық қиындықтарға қарамастан, қазақстандықтардың қонақжай екенін атап өтті.

«Біздің жеріміз, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген халықтар үшін құтты мекенге айналды. Біз тарихымыздың қайғылы беттерін еске түсіре отырып, тәуелсіз Қазақстанның болашағын жасай аламыз. Мәңгілік тыныштық болсын!», - деп толықтырды.

«Ел іші – өнер кеніші» концерті өтті

Карантинге байланысты көптеген мәдени шаралар көпшілікпен бір алаңда тойланбаса да, заманауи технологиялардың көмегімен онлайн түрде көрмендері мен тыңдармандарына тарту етілуде. Салтанатты кеште филармония ұжымы барша үзеңгілес әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, жырдан шашу шашты.

– Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс, өнер. Сондықтан өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Бүгінде мәдениет қызметкерлері – айналасын думанға бөлей білетін сан қырлы талант иесі және жан дүниесі бай, нағыз өз ісінің майталман шебері ретінде өнерге берілген азаматтар. Мерекеге орай өткізген думанды кешімізді барша қазақстандықтарға арнаймыз, – деді ансамблтдің көркемдік жетекшісі Тоғжан Жахин. 

Кеште Құрманғазының «Балбырауыны» асқақтап, Н. Тлендиевтің «Аққуы» мамырлады. Сонымен бірге Ш. Қалдаяқовтың «Студенттер әні», К. Күмісбаевтің «Биші қайыңы», Ә.Бейсеуовтің «Шақырады Көктем» әні шырқалып, әнсүйер қауымның көңіліне қанат бітірді.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ең сенімді валюта – адамның еңбегі, мұны есте сақтау керек» деген болатын. Тарихымыздың өткені мен бүгінін сабақтастыра біліп, келешекке рухани-мәдени мұрамызды жеткізіп, одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп жүрген ортаның бірі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы. Мәдени ошақ 11 бағыттағы шығармашылық топты қамтиды.  Қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі оркестр, ішекті квартет, камералық хор, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі , «Шалқыма» халық би ансамблі, 75 шығарманы үзіліссіз орындап, «Гинннес»рекорттар кітабына енген – «Қорқыт» этно-ансамблі, классикалық және эстрадалық вокал бөлімі, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі елімізге танымал өнер майталмандарынан құралған.  

Онлайн концертті екі есе көп көрермен тамашалады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы «Ел іші – өнер кеніші» мерекелік онлайн концертін өткізді. Филармония ұжымы барша үзеңгілес әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, өз өнерлерін тарту етті.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – туған жеріміздің рухани дамуына және бай мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосып жүрген жандарды біріктірген шығармашылық адамдарына деген айрықша құрметтің белгісі, әрбір мәдениет қызметкері үшін ерекше күн.

Өнер мен мәдениет – егіз ұғым. Тарихымыздың өткені мен бүгінін сабақтастыра біліп, келешекке рухани-мәдени мұрамызды жеткізіп, одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп жүрген ортаның бірі – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы. Мәдени ошақ 11 бағыттағы шығармашылық топты қамтиды. Қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі оркестр, ішекті квартет, камералық хор, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі , «Шалқыма» халық би ансамблі, 75 шығарманы үзіліссіз орындап, «Гинннестің рекорттар кітабына енген – «Қорқыт» этно-ансамблі, классикалық және эстрадалық вокал бөлімі, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблінде елімізге танымал өнер майталмандары қызмет етеді.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне соғыс жылдарындағы әндер шырқалды
Елорда әкімдігі мен мемлекеттік академиялық филармония Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ерекше музыкалық сый жасады. Төтенше жағдай режиміне байланысты оларға арнап басқосу ұйымдастыру мүмкіндігі болмаған соң, әртістер қарттарды жеке-жеке құттықтап шығуға шешім қабылдады. Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі аспаптар оркестрінің музыканттары ардагерлердің аулаларында әскери әндер шырқады. Оркестр менеджері Юлия Зайчиковскаяның айтуынша, құттықтау мұндай форматта алғаш өтуде. «Менің ойымша, бұл мұндай жағдайда ойлап табылған ең жақсы жоба. Жалпы, бізде Ұлы Отан соғысының 44 ардагері бар. Бірақ бүгін бар болғаны 34-іне барамыз, өйткені кейбірі үйлерінде жоқ», – деп түсіндірді Ю.Зайчиковская. Шара көрермендері – ҰОС ардагерлері көзіне жас алып, музыканттарға алғыс білдірді. «Бүгін маған осындай мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңызға үлкен рахмет. Жеңіс біздің көпұлтты халқымызға қандай қиындықпен келгенін білесіздер. Соғыс барлық отбасына әсер етті», – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Бабичев. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай Нұр-Сұлтанда 3688 адам біржолғы ақшалай төлем алды. Төлемнің жалпы сомасы 180,9 млн.теңгені құрады. 44 соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне 1 млн.теңгеден, соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген 410 адамға 75 мың теңгеден берілді. Сонымен қатар жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілген (қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары), сондай-ақ тыл еңбеккерлеріне – 3234 адамға 32,5 мың теңгеден төленді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/22697
«Бестөре» күйі немесе бес бұрау
Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік академиялық филармониясына қарасты қазақ оркестрінің дирижері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, күйші, композитор Нұрлан Бекеновтің онлайн лекция-концерті қазақтың күй өнеріне арналды. Шараның бір ерекшелігі, онда күй аңыздары қамтылып, күйлер бес бұрауда – оң, теріс, шалыс, қалыс және тел бұрауларда тартылды.
баяндаманы өткен ғасырдың отызыншы жылдары ғалым Құдайберген Жұбанов жасады. Оның туған інісі Ахмет Жұбанов қазақ музыка өнерінің зерттелуіне сара жол салып берді. Құрманғазы оркестрін құрды, – дейді Н.Бекенов.
«Шыңырау» халық күйі­мен концертін бастаған өнерпаз бұл күйді күй өнерінің зерттелуіне өлшеу­сіз үлес қосқан шертпе күй шебері, композитор, ұстаз Уәли Бекенов жеткізгенін айта кетті. Әрі қарай Тәттімбеттің «Бестөре» күйінің аңызын әңгімелеп, осы күйді шертті.
– «Бестөренің» екі нұсқасы бар. Соның біріншісін Әбікен Хасенов, екіншісін Мағауия Хамзин жеткізді. Бұл күйдің шығу төркіні туралы кезінде Ахмет Жұбанов пен Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбек жазды. Күй Көкшетау округінің аға сұлтаны Шыңғыс Уәлиханов, Қарқаралы округінің аға сұлтаны Құнанбай Өскенбайұлы, Ақмола округінің аға сұлтаны Ыбырай Жайықбаев, Атбасар округінің аға сұлтаны Ерден Сандыбайұлы және Баянауыл округін басқарған Мұса Шорманұлына арналған деп айтылады, – дейді өнерпаз.
Концертінде күй атасы – Құрманғазының күйлерін, Раздықтың «Аңшының зары», Асанқайғының «Желмая» күйлерін, «Қос келіншек» халық күйін, «Сағыныш», «Ақжарқын ақжелең», таяуда өмірден озған алғашқы ұстазы Жанғазы Жексенбаевтың рухына арнап «Қысқа ғұмыр» атты өзінің төл туындыларын әртүрлі бұрауда тартты.
– Осы күні ән-күйлеріміздің 80-90 пайызы оң бұрауда орындалып жүр. Қазақстандағы барлық оркестрлер мен ансамбльдер домбыраларын осы бұрауға келтіріледі. Ал теріс бұрауда оркестрде бірен-саран ғана күйлер орындалып, көбінесе жеке домбырада тартылады. Тел бұрау, шалыс бұрау, қалыс бұрау көне бұраулар болып есептеледі. Бұл бұраулар дамымай қалғандықтан, санаулы ғана күйлер қалған, – дейді бұраулар мәселесін көптен бері зерттеп жүрген Н.Бекенов.
Қазақта «қалақ домбыра», «тұмар домбыра», «қозықұйрық домбыра» деп аталатын, домбыраның басқа да түрлері кездеседі. Өнерпаз осы туралы да айтып, қолындағы домбыралар коллекциясын көрсетті.
Елорда филармониясының «Қорқыт» этно ансамблі Рамазан айымен құттықтап бейнеролик жолдады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы, қазақстандықтарды айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айының келуімен құттықтады, деп хабарлады aikyn.kz порталы.

«Жақсылық пен мейірім, жылулық пен сабырлылық – адам баласының ең жоғары, ең бағалы асыл қасиеттері. Көркем мінез қалыптастырып, жүректі тазартатын қасиетті айда ел ниеті мен тілегі  қабыл болғай. Жаман індеттен тезірек құтылып, бір-бірімізбен аман-есен жүздесуге жазсын. Рамазан айы баршамызға берілген үлкен мүмкіндік деп білеміз. Халқымыз үшін, жер бетіндегі барша адамзат үшін тілек-дұғамызды жаудырайық. Алланың бізге берген сыйы – жеріміз мың сан қауіп-қатерден аман болып, әр күніміз үмітпен, жақсылықпен жарқырап ата берсін! Қасиетті Рамазан айында елімізде құт-береке, қуаныш орнасын. Осынау ұлы мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, елорда филармониясының «Қорқыт» этно ансамблінің бейнеролигін жолдаймыз. Қабыл алыңыздар, әлемді жақсылық пен мейірім билесін…»

«Қорқыт» ансамблі «Битлз» тобының «Yesterday» әнін өзгеше шырқады
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі карантин кезінде аты аңызға айналған «Битлз» тобының танымал «Yesterday» әніне импровизация жасады.

Ансамбль құрамындағы әртістер қобыз, қыл қобыз, нарқобыз, домбыра, сырнай, мүйіз сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, саз сырнай, бас домбыра, сыбызғы, су ағаш, тоқылдақ және тағы басқа қазақ халық аспаптарында ойнайды. Ұжымның көркемдік жетекшісі, мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек: «Бұл кавер қазақтың дәстүрлі аспаптарының поп-арт өнерімен үйлесімділігінде бірегей болады» деп атап өтті.

Шолпан Қорғанбектің айтуынша, «Yesterday» әні қазақстандықтардың сүйікті әні және оны осындай ерекше орындауда тыңдау өте қызықты болады. Ұжым жетекшісі көркемдік міндеттерден басқа, түскен қаражат денсаулық сақтау жүйесіне – пандемиямен тікелей күресетін адамдарға көмекке жұмсалатынын және әйгілі британ музыканты Пол Маккартнидің ауқымды қайырымдылық акцияларын қолдайтынын атап өтті:

– Біз де ортақ іске өз үлесімізді қосамыз. Музыка осы бір қиын кезеңде бәрімізді біріктіреді және бізге үміт береді, – деп бөлісті Шолпан Қорғанбек.

Еске сала кетейік, көктемде «Қорқыт» ансамблі 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енген болатын.

Елордалық филармонияның симфониялық оркестрі әртістерінен және олардың әртүрлі елдердегі достарынан дәрігерлерге арнау

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің кезекті композициясы дәрігерлерге арналған: музыканттар әлемнің барлық медицина қызметкерлеріне Леонард Коэннің "Hallelujah" әнін арнады. 

Симфониялық оркестр әртістері мен әртүрлі елдердің орындаушылары скрипка, виолончель, фортепиано, гобой, флейта, фагот, валторна, контрабас және басқа да музыкалық аспаптарда атақты әуенді ойнады: кавер осылайша күтпеген ерекше музыкалық түске боялды.

Музыкалық арнау жазбасына «біздің Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Үндістан, Нидерланды, Украина, Қытай, Франция, Италиядағы музыкант-достарымыз қатысты», - деп атап өтті елордалық филармонияның музыканттары. Акцияны виолончельші Готье Герман және оның отбасы (Франция), флейташы Ли Зи-Енг (Оңтүстік Корея), скрипкашы Джианг Ти (Қытай), кларнетші Бахтияр Дооранов (Қырғызстан), валторнашы Ханс ван дер Зинден (Нидерланды), контрабаста ойнаушы Джиакомо Банелла (Италия), скрипкашы және виолончельші Рису Висак, қазақстандық отандасымыздың студенті Кенжегүл Акшекина (Үндістан), фаготист Алексей Емельянов (Украина), фаготист Алексей Емельянов (Украина) және т.б. қуана қолдады.

Осылайша, музыканттар науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, күні-түні ауыр ауыртпалықты көтеріп, COVID 19-бен күресте алдыңғы қатарда тұрған барлық азаматтарға үлкен алғыстарын білдірді және «Біз біргеміз!» бірегей науқанының қатысушылары «Сіздің еңбегіңіз баға жетпес», – деп үн қосты.

Бейне жазба әртістердің дәрігерлер атына әр тілде жазылған шынайы сөздерінің арқасында ерекше әсерлі болды, пандемиямен жалпы күрес адамдарды біріктірді. Осы бір қиын кезеңде тек бір-біріне деген сүйіспеншілік пен көмек беру арқылы ғана жеңіске жетуге болады – бұл әлем музыканттарының басты сәлемі. Елордалық филармония ұжымы ақ халатты абзал жандарға өз алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, күш-жігер және батылдық тілейді!

ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БАСТЫ ҚАРУЫ – БІРЛІГІ МЕН ЫНТЫМАҒЫБарлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз https://turkystan.kz/article/102093-hal-ymyzdy-basty-aruy-birligi-men-yntyma-y гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.
Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі», – деп нақты жазылған. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын қабылдап, барлық өңірде бұрын болмаған жүздеген заманауи ауруханалар мен емханалар салдық. Елордада әлемдік деңгейдегі ең озық техникалармен жарақталған аса ірі ғылыми-медициналық орталықтар ашып, оның мамандарын әлемнің ең дамыған елдерінде тәжірибеден өткіздік және «Болашақ» бағдарламасы аясында оқыттық. Осылай алдын ала қамданудың нәтижесінде ұлт денсаулығына қатер төндірген бүгінгідей қиыншылық заманда жұқпалы дерттің дәл диагностикасын жасау, оның алдын алу, науқасты емдеу сияқты тиісті шараларды біздің дәрігерлеріміз жоғары кәсіби деңгейде атқаруда". Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында айтылған үзік ойдың үзіндісі. Шындығында да, әлемге тарап, біздің елімізге табан тіреген қауіпті індетті жеңу үшін қаншама сындарлы кезеңдерде сан соқпақты еңсерген халқымыздың қажырлы қайраты, бірлігі мен ынтымағы басты қаруы. Біздің бойымызда сан қиындыққа мойымай өз мақсатына қол жеткізген текті бабаларымыздың қаны, қасиеті бар. Елбасының үндеуінде айтылған маңызды мәселелер де ұлт ұстыны бірлік пен сабырлық екенін аңғартады. Елбасының егжей-тегжей айтқан сөздері бүгініміз, болашағымыз үшін маңызды. Ел болып тізе қосып, қауіпті індетті жеңіп шығуға ынтымақты арттыру елдігіміздің айнасына айналары хақ. Береке-біргеміз арта берсін, Қазақ елі! Айбек Әрімбек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының​ ​​ «Қорқыт» этно ансанблінің домбырашысы, концертмейстері
БІРЛЕСЕ БІЛГЕН ЕЛ БӘРІН ЖЕҢЕДІ
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы халық әні әншісі, Республикалық конкурстардың лауреаты
Айдос Оңғарбай :
Сәрсенбінің сәтті күнінде еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарға терең ойлы, толғанысқа тұнып тұрған мақаласын жариялады. «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деп аталатын мақалаға Нұрсұлтан Әбішұлы 30 жылдағы Қазақстанның жеткен жетістіктерін атап өтіп, ел болашағы – жастарға тағы бір мәрте сенім артқан.
Иә, Тәуелсіздік алған жылы дүние есігін ашқан жан 30 жасқа толады. Кемел елдің толағай табыстарын осы бір ғана адамның өсіп-өнуімен салыстырсақ, көп істің тындырылғанына көз жеткіземіз.
Яғни, бүгінгі 30 жастағы жігіт Тәуелсіздіктің арқасында мектепке барды, жетік білім алды. Кейін жоғары оқу орнына түсіп, «Болашақ» бағдарламасымен шетел асып, білім жинап, ғылымды меңгерді. Оның саулығы үшін «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында бой көтерген заманауи ауруханалар, әлемдік деңгейдегі ең озық техникалармен жабдықталған медициналық орталықтар керегіне жарады. Елбасының әлем елдерімен тереземізді теңестіру үшін қабылданған, ұсынылған стратегиялық шешімдері бейбітшілікте өмір сүруіне кепіл болып жатыр.
Сол 30 жастағы жігіттің табысты жұмыс істеуіне де барлық жағдай жасалуда. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасымен ашылған талай кәсіпорын, зауыттарда қызмет атқарып, кәсіп иесі атануға мол мүмкіндік берілген. Бір сөзбен айтқанда, тамағы тоқ, көйлегі көк. Ал оның уайымы Тұңғыш Президент атап өткендей, жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылу. Үлкенге – ізетті, кішіге – қамқор, бір-біріне дос болу. Және Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген өсиетін естен шығармай, аянбай еңбек етіп, тер төгу.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «қазіргі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда ауызбіршілікте, ынтымақтастықта болып, пандемияны бірлесе еңсереміз» дегені көңілге сенім ұялатады. Менің де айтпағым, кералаң заманды бастан өткерген Қазақстан халқы дағдарыстан да, пандемиядан да аман-есен шығады. Біз әрдайым біргеміз!
Дәрігерлерге арнап ән жазылды
Коронавирус пандемиясына байланысты бүгінде еліміз сын сағаттарын бастан кешуде. Төтенше жағдай кезінде, әсіресе ақ халатты абзал жандардың еңбегі мол екеніне көзіміз жетті. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері дәрігерлердің өлшеусіз қызметін, ерлігін жырға қосып «Дәрігерлер» әнін жазды.

Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазған. Қуат Ежембек бұл туындысымен науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, бастарын қатерге тігіп жүрген жандарға ризашылығы мен алғысын білдірген екен. Әннің авторы Шолпан Қорғанбек те аталмыш оқиғадан қатты әсер алып, эмоционалдық ықыласы мен сезімін музыкамен жеткізуге тырысқанын айтты. Әнде дәрігерлердің батылдығы мен ерліктері һәм қазақстандықтардың бұл сынақтан да өтіп, өздеріне құнды сабақ беретіні туралы баяндалады.

«Дәрігерлер» әнін жазуға Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Естай Мұқашев, Бибігүл Жанұзақ, халықаралық байқаулардың лауреаты А.Құснадин ат салысқан. 

Елордалық филармонияның әртістері дәрігерлерге ән арнады

Елордалық филармонияның әртістері Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, Бибігүл Жанұзақ, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин ақ халаты абзал жандарға ән арнады, деп хабарлайды Елорда Инфо.Короновируспен алдыңғы қатарда күресуде өз уақытын өз-өзіне немесе жақындары мен туыстарына емес, науқастарға арнай отырып, үлкен ерлік пен батылдық танытқан қазақстандық дәрігерлер де болды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері ақ халатты абзал жандардың ерлігін жырлап «Дәрігерлер» әнін жазды және оны дәрігерлерге арнады.

Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын Мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты күні-түні аянбай көтеріп жүрген жандарға ризашылығы мен алғысын білдірді. Шолпан Қорғанбек те бұл оқиғаның өзінің эмоционалдық ықыласы мен сезімін музыкаға білдіру ниетіне себеп болғанын айтты.

Әнде дәрігерлердің батылдығы, олардың ерліктері және қазақстандықтардың бұл сынақтан өтіп, өздеріне құнды сабақ беретіні туралы айтылады. «Дәрігерлер» әнін жазуға Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, Бибігүл Жанұзақ, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин атсалысты. Елордалық филармония ұжымы қазақстандық дәрігерлерге алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық және күш-жігер мен ерлік тілейді.

Елордалық филармонияның өнерпаздары ақ халатты абзал жандарға ән арнады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері ақ халатты абзал жандарға арнап «Дәрігерлер» атты ән шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық дәрігерлер короновируспен алдыңғы қатарда күресуде уақытын өзіне немесе жақындарына емес, науқастарға арнай отырып, үлкен ерлік пен батылдық танытты. Жаңа әннің мәтінін Қуат Ежембек, музыкасын мәдениет қайраткері, «Қорқыт» этно ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек жазды. Қуат Ежембек осы шығармашылығы арқылы науқастар палатасында ұйқысыз түндер өткізіп, ауыр ауыртпалықты күні-түні аянбай көтеріп жүрген жандарға ризашылығы мен алғысын білдірді. Шолпан Қорғанбек оқиғаға байланысты эмоциясын музыкаға айналдырды», - деп хабарлайды филармонияның баспасөз қызметінен. Әнде дәрігерлердің батылдығы, олардың ерліктері және қазақстандықтардың бұл сынақтан өтіп, өздеріне құнды сабақ беретіні туралы айтылады.

«Дәрігерлер» әнін жазуға Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, Мәдениет қайраткерлері Естай Мұқашев, халықаралық байқаулардың лауреаты Ақбота Құснадин атсалысты. «Елордалық филармония ұжымы қазақстандық дәрігерлерге алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық және күш-жігер мен ерлік тілейді!» - деп сәлем жолдады дәрігерлерге филармония ұжымы.


Карантинде шырқалған әнұран
Күні кеше кешқұрымнан соң Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының үрлемелі оркестр музыканттары Мемлекеттік Әнұранды орындап, үйде отырған халыққа рух беріп, халықты үрлемелі аспаптың сиқыры мен әсем сазына куә қылды.
Жақында ғана оркестр мен ансамбль өнерпаздары бірігіп, күмбірлеген күйді тұрғынүй балкондарынан төгілте орындап, елорда тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй тарту еткен болатын. Өз үйлерінің балкондарына шығып, аула тұрғындарының көңілін бір сәтке болсын қуанышқа бөлегені - өнер адамдарының елді жігерлендіруге қосқан үлесі деп білеміз.
Чайковский шығармалары шырқалды
1 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрі (көркемдік жетекшісі Берік Батырхан, дирижері Ернар Нұртазин) «Біз біргеміз» акциясын қолдап, онлайн режимінде әйгілі композитор, дирижер, музыка сыншысы П.И.Чайковскийдің №5 симфониясын, «Аққулы көлін», және «Щелкунчик» шығармаларын классикалық музыканы сүйсіне тыңдайтын көрермендерге тарту етті.​​

Аталмыш туындыларды симфониялық оркестрдің музыканттары, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Мирас Есмұхан, Салтанат Орынбаева, Қалқаман Дүйсембаев, Әлихан Жиганшин, Ильмира Ардашева, Айша Сырымбаева, Гүлназ Жолданова орындап, әлеуметтік желіде көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. ​

Естеріңізге сала кетсек, Елорда филармониясының симфониялық оркестрі музыка өнерінің кемеңгері, ұлы тұлға П.И.Чайковский атындағы Халықаралық фестивалін өткізбек ниетте болатын. Бірақ, жер-жаһандағы және елдегі төтенше жағдайға байланысты кейінге шегерілген-тін. Дегенмен филармония ұжымы халықтың еңсесін көтеру мақсатында, мұндай ізгі істі қолға алып, өзінің дайындығын тағы бір пысықтап алды. ​

Иә, адамзат тарихындағы музыка данышпаны, мәңгілік мұрасымен өшпес із қалдырған классик П.И.Чайковский фестивалінде бейбіт күнде жолығатынымызға кәміл сенеміз.

BizBirgemiz акциясын қолдайды (видео)
Бүгінгі коронавирус індеті меңдеген қысылтаяң шақта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері әрдайым елмен бірге екендіктерін өз өнерлерімен білдіріп, рухани қолдау көрсетті.

Шығармашылық ұжым #BizBirgemiz республикалық акциясын қолдап, қазақстандықтардың амандығына жасалып жатқан, қауіпті індетке қарсы қолға алынған шараларға барынша үлес қосуда. Іспен үлгі болып, өнермен халықтың рухына дем беріп келеді. Соның айқын көрінісі – филармония әртістері әртүрлі орында, әртүрлі уақытта орындаған «Атамекен» әні. Бір қызығы, орындаушылар музыкалық шығарманы бірінен соң бірі жалғастырып шырқайды.

Қазақтың жүрегіне айналған ән әрбір адамның бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, жігерлендіреді. Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің әні – бар қазақтың аузында жүрген туынды. Қазіргідей сын сағатта бәріміз бірігіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруымыз қажет. Ұлтымызды шабыттандыратын осындай әнмен рухымыз берік болса игі. Талай қиыншылықты бастан өткерген Қазақстан бұл ауыр сынаққа да төтеп береді. 

24 жастағы өнерпаз «Алтын Орда» күйін шығарды
Таяуда ғана Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енген «Қорқыт» этно-ансамблінің өнерпаздары қазақтың өнер қоржынын домбыраның күмбірімен үндескен тағы да бір туындымен толықтырды. Күй – тарихи сипатқа ие болғандықтан, оның авторы мен орындауы да шығармашылық топ үшін айтарлықтай жаңалыққа айналары сөзсіз.

Жиырма төрт жастағы домбырашы, әрі топтың концертмейстрі Айбек Әрімбек ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын өткізу туралы халыққа жария еткен соң, мерейтойға арнап күй шығару туралы ой келгенін айтады. Домбырамен қатар шаңқобыз, сыбызғы аспаптарын да жақсы меңгерген күйшінің айтуынша, алғашқы туынды бір аптаның ішінде туған.

«Күй өте жылдам темппен орындалады. Бұдан қазақ батырларының бейнесін көруге болады. Жалпы, жастарға патриоттық рух беру мақсатында шығарылған. Үш бөліммен тұратын күйдің ұзақтығы шамамен екі минутқа созылады», дейді Айбек Кенжебайұлы.

Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына ену үшін Елорда төрінде өткен шарада «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы «Алтын Орда» күйін тұңғыш рет орындады. Топ жетекшісі Шолпан Қорғанбек жас таланттың туындысын жоғары бағалап, ансамбльге лайықтап өңдеп шыққан. 

Бұған дейін қазақстандық және шетелдік туындыларды орындап, өнер көрсетіп жүрген жас дарынның дебюттік шығармасының тұсаукесері 18 наурыз күні өтеді деп жоспарланған. Алайда шартарапты шарлаған коронавирусқа байланысты кейінге шегеріпті.

75 күймен рекорд жаңартты

«Қорқыт» дәстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек саз тобының әу баста 50 шығарма орындамақшы болғанын айта келе: «Бірақ 50 күйді кез келген ансамбль сахнаға алып шыға алады. Рекорд жаңартайық деп осындай қадамға бардық. Әрі 75 деген санның өзі символикалық мәнге ие. Алтын Орда хандығының 750 жылдығы аясында осы санға тоқтадық», деп өз ойын білдірді.

Аталған күй кешінде өнерпаздар домбыра, сырнай, қобыз, қылқобыз, нарқобыз, т.б. қазақтың ұлттық аспаптарында ойнады. Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізілген мәдени шарада күйшілер Қазақстанда алғаш рет non-stop режімінде музыкалық шығармаларды бір деммен жатқа орындап шықты. Өнерсүйер көрерменге Қорқыт, Сүгір, Қазанғап, Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиев, Әбдімомын Желдібаев сынды түрлі қазақ және шетел авторларының 75 шығармасы ұсынылып, астана аспанын құйқылжытар күйге бөледі.

75-ші күй – Бауыржан Ақтаевтың «Ғасырлар үні» орындалып болған соң «Қорқыт» дәстүрлі саз тобына Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы сертификат табыстады.

17/02/2020

Толығырақ
"Мәңгілік мұра"
2013 жылдан бастап Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, «Мәдениет қайраткері», Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі Гүлмира Құттыбадамова Мәскеу филармониясының камералық хорын басқарады, ол бүкіл әлемге ғана емес, сонымен бірге шетелде де танымал.

Ол өзінің бай және алуан түрлі репертуарымен танымал болды, ол қазақстандық авторлар мен композиторлардың 80% шығармаларынан және талантты және жас ұжымнан тұрады. Міне, бір ғана мысал: биыл Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хорының хор-шебері Ержан Сансызбаев ШЫҰ-ның Халықаралық жастар хорына - Халықаралық хор музыкасы федерациясының (IFCM) жаңа жобасына шақырылды. Оны арнайы комиссия сайлады, ол музыканттың жоғары кәсіби деңгейін бағалап, халықаралық хордың тенор партиясының хормастері болуға ұсыныс жасады. Бұл жыл камералық хор үшін кәсіби жеңістер үшін өте жемісті болды. Бұл туралы және тағы басқалары туралы Гүлмира Құттыбадамова, Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының көркемдік жетекшісі және бас дирижері.

28/08/2019

Толығырақ
«Нұр Сұлтан» филармониялық оркестрі Францияға гастрольден оралды

2019 жылдың 24-29 қыркүйек аралығында Францияда көркемдік жетекші Берік Батырхан мен бас дирижер Ернар Нұртазиннің жетекшілігімен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестріне гастрольдік сапары өтті.


Музыканттарды француз дирижері Филипп Юи «Дес оркестрлер Du Monde» халықаралық фестиваліне (Әлемдік қалалар фестивалі) қатысуға шақырды. Мәскеу филармониясының ұжымы осы шарада алғашқы отандық оркестр болды.


Музыканттардың шығармашылық қоғамдастығы 2017 жылы басталды: содан кейін Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің аясында Филипп Юидің жетекшілігіндегі симфониялық оркестр Сезар Франк пен Людвиг ван Бетховеннің шығармаларын орындады.


2018 жылы филармонияның дирижері мен музыканттары Жак Оффенбахтың «Хоффманның ертегілері» операсының концерттік қойылымын дайындады, ол Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған керемет музыкалық сыйлық болды. Филип Юйдің өзі отандық музыканттардың жұмысына риза болып, одан әрі қазақ-француз музыкалық тарихының жалғасын табуға өз үлесін қосты. Сұхбатында ол:


«Әр түрлі елдердің адамдарының бір-бірін жақсы білуі және жиі кездесуі өте маңызды».


Биылғы жылы ұлттық музыкалық мәдениетпен танысу эстафетасы біздің музыканттарға берілді: қазақстандық композициялар шырқалды ХХ және ХХІ ғасыр композиторлары.


Концерттік бағдарламада дәстүрлі әнді домбырамен ұсынған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Айгүл Қосанованың орындауындағы жарқын музыкалық нота болды. Берік Батырханның қыл қобыздағы ойыны қызықты әрі есте қаларлық болды.


Тыныс алмаған тыңдармандар қазақтың ұлттық музыкасын қабылдады және ұзақ уақыт бойы музыканттарды сахнадан жібергісі келмеді. Берік Батырханның айтуынша, фестивальдің бір концерттік бағдарламасы әлемдегі қазақстандық мәдениетті насихаттау үшін әртүрлі дәуір композиторларына арналған. Мұндай кеш 24 қыркүйекте Монтуир де Британи тұрғындарын күтті.


Барлығы, фестиваль аясында Мәскеу филармониясының музыканттары 3 концерт және 2 концерт-променада берді. Қазақстандық және француздық музыканттардың шығармашылық тандемі 28 және 29 қыркүйек күндері филармония «Des 2 monde» оркестрімен «Нұр сұлтан» симфониялық оркестрінің бірлескен концерттерімен біріктірілді.


Бағдарламада Ғазиза Жұбанованың «Мерекелік көшіру», скрипка, виолончель мен фортепианоға арналған үштік концерті және Людвиг ван Бетховеннің №5 симфониясы Густав Махлер. Дирижер консолінің артында Франция мен Қазақстанның дирижерлері Филипп Юи, Берік Батырхан және Ернар Нуртазин тұрды. Сол халықаралық композицияны солистер ұсынды: Ернар Нуртазин (фортепиано), Уго Борсарелло (скрипка) және Гаутье Герман (виолончель). Залдағы толық үй және қатты шапалақтау музыканттар үшін лайықты сый болды.


Берік Батырхан Францияға сәтті сапар Филип Юидің, Мәскеу филармониясының бас директоры және көркемдік жетекшісі Сәкен Абдрахмановтың, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартин мырзаның, Нұр Сұлтан Француз Одағы мен оның атқарушы директоры Динара Оразбаеваның арқасында мүмкін болғанын атап өтті. .

04/10/2019

Толығырақ
Ақмола облысындағы симфониялық оркестрдің қайырымдылық концерттері
2019 жылдың 2 қарашасында Нұр Сұлтан Әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі елордадан тыс жерде алғаш рет үш қайырымдылық концертін берді.

     Музыканттар алғашқы концертін «Нұр-Сұлтан» әкімдігінің «Қамқор» әлеуметтік қызметтер орталығында өткізді. Симфониялық оркестрдің екінші және үшінші концерті Урюпинки кентіндегі және Ақколи қаласындағы балалар үйлерінде өтті. Бұл іс-шаралар балаларға үлкен қуаныш әкелді: оқушылар музыкалық аспаптардың тарихын білуге ​​және оларды өз көздерімен көруге қызығушылық танытты. Жас көрермендер бағдарламаны шетелдік және қазақстандық композиторлардың - Құрманғазы, Абай, И.С. Бах, Л. ван Бетховен, И. Брахм, Ф. Шуберт және басқалар.

    Балалардың көпшілігі алдымен 42 әртістен тұратын осындай үлкен музыкалық топты көрді. Концерттен кейін балалар үйінің тәрбиеленушілері музыканттарға шын жүректен ризашылықтарын білдіріп, олардың тағы да келулерін өтінді. «Біздің қамқорлығымызда әрдайым мұндай концерттерді көруге мүмкіндік бола бермейді. Сізге шын жүректен алғыс айтамыз, - деді Юлия Сергеевна Алдажарова, Ақкөл ауданы, Урюпинкі ауылындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 аралас үйінің директоры.

     Концерттердің бастамашылары топтың көркемдік жетекшісі және бас дирижері Берік Батырхан мен Ернар Нұртазин болды. Олар мұндай іс-шаралар көрермендерге көптеген эстетикалық қуаныш әкеледі деп шешті, олар үшін алғашқы симфониялық оркестр «тірі».

      Музыканттар оралуға уәде берді. «Мен балаларға осындай эмоцияларды жиі бергім келеді және олардың көздеріндегі қуанышты көргім келеді», - деп бөлісті симфониялық оркестрдің әртісі Майя Медетбек. Тағы бір суретші Альмира Калипенова: «Мұндай балалар мен жастардың өміріне жарық пен қуаныш сыйлау жақсы нәрсе. Бүгін біз музыканың көмегімен олардың жүректеріне жақсылық дәндерін отырғыздық. Бұл сапарлар біз үшін өте маңызды ».

      Симфониялық оркестрдің қойылымдары студенттер үшін нағыз музыкалық мерекеге айналды, жұмыс күндерін ерекше әсермен толықтырды. Ұжым басшылығы мұндай қайырымдылық концерттерін үнемі өткізіп тұруға шешім қабылдады. «Бұл біздің оркестріміздің жақсы дәстүріне айналуы керек», - деді Берік Батырхан. «Біз осындай музыкалық мерекелерді ерекше мұқтаждарға табыстаймыз», - деді Ернар Нұртазин.

04/11/2019

Толығырақ
Challenge Record # Абай175: 700 Мәскеудің әртістері «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады
NUR-SULTAN - Нұр-Сұлтан Әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының 700-ден астам әртісі қазақстандық # Абай175 флеш-мобына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат филармонияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысты жаңалықтар
Абай шығармаларының жолдары қазақ телеканалының бағдарламаларында пайда болады.Абайдың кеші Баку университетінде өтті, Әуежай мен Семейдегі мектеп Абай есімімен аталады, Бейжіңде Абаев оқулары өтті.

Бүгін бұл Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған ең үлкен іс-шара: танымал сұраныстың заманауи дәстүрін жалғастыра отырып, елордалық команда қатысушылар саны бойынша өзіндік рекорд орнатты.

Флешмоб өткізу идеясын әртістер мен Нұр Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының басшылығы қуана қолдады. Бүгінгі таңда Қазақстан астанасының филармониясы қаладағы жетекші концерттік және оқу орындарының бірі болып табылады, онда 11 шығармашылық топ жұмыс істейді: қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі аспаптар оркестрі, ішекті квартет, камералық хор, «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі, «Шаламы» халықтық би ансамблі, топ. «Қорқыт» дәстүрлі музыкасы, Классикалық және эстрадалық вокал бөлімі, Дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі.

Мәскеу филармониясының мақтанышы - солистер, Қазақстанның көрнекті музыкалық қайраткерлері: Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұржамал Үсенбаева; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Майра Ильясова; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Айтқали Жайымов (сонымен қатар «Парасат» орденінің рыцарьлары), Айгүл Қосанова («Урмет» орденінің рыцарьлары), Ернар Мыңтаев, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Зылтыргузов, Алтынай Жорабаева, Гүлзира Бөкейхан; «Ермет» орденінің иегері Абдурасул Есекеев; мәдениет қайраткерлері Нұрай Танабаев, Нұрлан Бекенов, Шолпан ҚорҚанбек, Арайлым Рахымқызы және т.б.

Мәскеу филармониясының солистері мен топтары Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» капелласын орындады. Бас директор Ерлан Дакенов қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абайдың мерейтойын атап өту маңыздылығын атап өтіп, ұжым атынан ұжымның атынан Қазақстан мен Ресей филармонияларына эстафетаны табыс етті.

 

Еске салсақ, Абайдың 175 жылдығына орай оның өлеңдерінен үзінділер оқу қиын болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Шырай-Шыра» лицейінің 9-сынып оқушысымен бірге эстафетаны қабылдады.

Президент Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Көшербаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Ресей Федерациясының Елшісі Эстафетаны Тасмағамбетов, облыс әкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, әнші Димаш Құдайберген, композитор, Ресейдің халық әртісі Игорь Крутой қолдады.

«ҚазАқпарат» ІІМ қызметкерлері Абайдың «Қазымның қарасы» әнін қазақ, ағылшын, орыс, қытай, өзбек тілдерінде орындады. «ҚазАқпарат» командасы эстафетаны «Татар-информ» ақпарат агенттігіне, Қырғызстанның «Хабар» ұлттық ақпарат агенттігіне, Tengrinews порталдарына және NUR.KZ.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқуға арналған сынақ Әзірбайжан, Татарстан, Қырғызстан, Қытай, Жапония, Өзбекстан, Иорданияда қолдау тапты

Франция. Поэтикалық марафонға Франция мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілері де қосылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 26 ​​сәуірінде Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласының зиялы қауым өкілдерімен кездесу барысында Президент тарихи күн - Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығын лайықты деңгейде атап өту керектігін атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың туған жері - Жидебай трактатын аралап, қазақ халқының көрнекті ойшылына құрмет көрсетті.

«Бұл қасиетті орынға жоғары мәртебе берілуі керек, оны Ресейде Пушкиннің туған жерінде, Ұлыбританияда - Шекспир, Германияда - Гете сияқты жасаған қажылықтың танымал орны», - деп атап өтті ол.

2019 жылдың 30 мамырында Мемлекет басшысы «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу туралы» Жарлыққа қол қойды.

15/11/2019

Толығырақ