Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Симфониялық оркестрі, Камералық хоры, «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы, классикалық вокал бөлімі мен филармонияның дәстүрлі әншілері көрнекті композитор Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына арналған «Мұқанның мәңгілік мұрасы» атты сазды кешін ұсынды.
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы Симфониялық оркестрінің концертінде «Қазақстан» симфониялық поэмасы, «Менің Қазақстаным», «Бақыт вальсі», «Тос мені тос», «Кестелі орамал», «Толғау», «Мереке би», «Той» симфониялық картинасы, «Біржан сал» операсынан Сараның ариясы және басқа да туындылары орындалады. Кеш солистері – халықаралық байқаулардың лауреаттары Шахризада Тыныштық, Қуаныш Біләл, Сәулежан Тағзия, Алмат Ізбамбетов, Әйгерім Аманжолова, Алтынбек Арыстанбек, Талғат Аллабиринов, Азамат Жылтыргөзов. Кештің дирижері Симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі Әділ Бестембеков болды.