29 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Мемлекеттік академиялық филармониясы Үрлемелі оркестрінің Халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған «Сағындым сені» атты XXI концерттік маусымының ашылу концерті өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Кеште Үрлемелі оркестрмен бірге ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра Ильясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Алтынай Жорабаева, Маржан Арапбаева, Арайлым Рахымқызы, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Бибигүл Тыныштық, Айдын Жұмабаев, Нұрбол Балапанов, Әйгерім Ораз, Талғат Аллабиринов, Ақбота Кұснадин, Әкімхан Маженов, Мұратбек Хайролда, Нұрбол Балапанов және «ALEM» эстрадалық би ансамблі, Ұлттық ұланның «Құрмет» қарауыл ротасы өнер көрсетеді.