14.11.2024 ж. күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының қызметкерлеріне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында арнайы жиын өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға жемқорлықтың теріс салдары мен оның қоғамға тигізетін зияны туралы толық мәлімет беріліп, заңды сақтаудың маңыздылығы мен адалдықтың құндылығы атап өтілді. Сондай-ақ, қызметкерлерге арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, жемқорлыққа қарсы күрестің әрқайсымыздың ортақ міндетіміз екендігі түсіндірілді. Іс-шараға 24 қызметкер қатысты.