Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты
Тыныштық Шаһризада Қайратқызы 1992 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласында туылған.
Астана қаласы Мемлекеттік Академиялық Филармониясының солисті (2014 жылдың қыркүйек айынан бастап).
2013/2014 – Санта Чечилия Консерваториясында “академиялық мобильділік” мемлекеттік бағдарламасы бойынша Италияның Рим қаласында білімін жетілдірді.
Қазақ Ұлттық Өнер Университеті “вокалдық өнер” кафедрасында профессор Р.Р.Тленчиеваның сыныбынан 2016 жылы бітірді.
2018 жылы Қазақ Ұлттық Өнер университеті «Вокалдық өнер» кафедрасында өнертану ғылымдарының магистрі атанды.
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты.
Дауыс классификациясы – толық диапазондағы лирикалық сопрано.
Жетістіктері:
2010 жыл – VI Республикалық Дельфийлік ойындары (Павлодар, Қазақстан, ІІ орын, күміс медаль)
2011 жыл – XXXII Республикалық жас орындаушылар байқауы (Алматы, Қазақстан, І орын)
2012 жыл – І Халықаралық оперетта жас орындаушыларының байқауы (Қарағанды, Қазақстан, арнайы диплом)
2013 жыл – Республикалық студенттер олимпиадасы (Алматы, Қазақстан ІІ орын)
2013 жыл – ІІІ Халықаралық Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» саз фестивалі (Астана, Қазақстан, І орын)
2014 жыл – V Халықаралық Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» байқауы (Астана, Қазақстан, І орын)
2015 жыл – V Халықаралық Ахмет Жұбанов атындағы «Жұбанов көктемі» фестивалі (Ақтөбе, Қазақстан, Бас-жүлде)
2015 жыл – XVIII Халықаралық «Қазақ романсиадасы» байқауы ( Шымкент, Қазақстан, II орын)
2015 жыл – XVIII Халықаралық «Шабыт» фестивалі ( Астана, Қазақстан, Бас-жүлде)
2017 жыл – IV Респуликалық М.Төлебаев атындағы «Кестелі орамал» вокалистер байқауы (Талдықорған, Қазақстан, I орын)
2019 жыл – IX Республикалық К.Байсеитова атындағы вокалистер байқауы (Алматы, Қазақстан, ІІ орын)
2019 жыл – VI Халықаралық Н.Тілендиев атындағы «Өз елім» саз фестивалі (Астана, Қазақстан, Бас жүлде және әкім кубогы)
2019 жыл-Б.Төлегенованың халықаралық вокалистер байқауы (Алматы,Қазақстан,ІІ орын)
«Қыз Жібек пен Сансызбай» музыкалық- театрландырылған койылымында Жібектің рөлін сомдады.
Ғ. Жұбанованың «Құрманғазы» операсының концерттік қойылымында Әуес партиясын және Ж. Оффенбахтың «Сказки Гофмана» операсында Антония партиясын орындады.
Мастер-класстар:
2014 жыл – Милан консерваториясының профессоры, Милан қаласы “Giacosa di Ivrea” театрының көркемдік жетекшісі және қоюшы-режиссері Паоло Бозизионың 2-9 қыркүйек аралығында “Опералық драматургияның тарихы және өзгешелігі”, “Джузеппе Верди опералық персонаждарын интерпретациялау” тақырыбында өткізген мастер-классына қатысты.