×
Басты бет Афишалар
Тарихы Басшылық Серіктестер Байланысу Вопросы противодействия коррупции Комплаенс-служба Құжаттар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Комплаенс-служба
Ұжымдар Жетекшілер Дирижерлер Әртістер
Жаңалықтар Галерея
×
Іздеу нәтижесі
Басты бет / Біздің артистер / Шығармашылық ұжымдар / «ALEM» заманауи би балеті

«ALEM» заманауи би балеті

Ұжымның көркемдік жетекшісі - Бахыт Тажинов

«ALEM» заманауи би балеті – 2016 жылы құрылған елордалық филармония құрамындағы ең жас ұжым. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Бахытжан Тажинов.
Ансамбль құрамында күрделі хореографиялық тапсырмаларды орындай алатын кәсіби бишілер жұмыс істейді. Ансамбль әртістері өз концерттерінде хореографиялық өнердің сұлулығы мен байлығын көрсететін алуан түрлі би стильдерін меңгерген. Классикалық би, модерн стиліндегі заманауи би, жалынды хип хоп пен рок-н- ролл – жанрларының барлығы жас ұжымның репертуарына енген.
Қазіргі таңда «ALEM» заманауи би балетінің шығармашылық қорында 50-ден астам түрлі сипаттағы билер, әлем халықтарының билері, қазақстандық композиторлардың музыкаларына қойылған түрлі хореографиялық композициялар бар.
Ансамбль өзінің көрермендеріне көптеген бағдарламалар дайындады. Олардың қатарында «Күн шуақ», «Би әлемі», «Шаттану», «Би тербеген Астана» би нөмірлері бар. 2018 жылы 31 қазанда ұжым әртістерінің қатысуымен «Өнермен өрілген 50 жыл өмірім» атты үлкен мерекелік концерт өтті. Кеш Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, профессор, өнертану ғылымдарының кандидаты Тойған Ізімнің 50 жылдық шығармашылық мерейтойына арналды.
«ALEM» заманауи би балетінің әртістері эстрада жұлдыздарымен сәтті жұмыс істейді, олардың әндеріне хореографиялық көріністер қояды, сондай-ақ концерттерде өз нөмірлерімен өнер көрсетеді. Мысалы, «Ән шырқайық би билеп…» кеші тамаша би қозғалыстарымен әннің әуезді сұлулығын және музыкалық байлығын ашып көрсетті. Бишілер мен әншілер жарқырап өнер көрсеткен бұл шоу көрермендер үшін ұмытылмас концерт болды.
Ұжымның балалар би ансамбльдерімен ынтымақтас болуы өте қызықты, филармония әртістері жас таланттарға қолдау көрсетеді. «Астана» концерт залының сахнасында «ALEM» заманауи би балетімен бірге «Асылым», «Асыл мұра», «Рауан» және т.б. балалар би ансамбльдері өнер көрсетті.
2022 жылы ансамбльдің 5 жылдық мерейтойына орай «Boi» және «Sezim by» атты екі актіден тұратын «Inside» атты жаңа жоба ұсынылды. Жоба ұлттық нақыштағы заманауи хореографияның ұсынылуымен және әртістердің тек биші ғана емес, актер болуымен ерекшеленді. Кештің музыкалық сүйемелдеуінде отандық және шетелдік композиторлардың заманауи шығармалары орындалды. Әртістердің шыңдалған қимылдары мен нақты ырғақтық суреттерінде бояуға толы әлем ашылады, меланхолиялық тыныш мұңнан шынайы қуанышқа дейінгі көңіл-күйдің барлық түрлері би тіліне бағынады. Алтынбек Ермұқанның көз тартарлық сахналық костюмдері Анель Ислямова мен Лаура Мукаеваның шебер хореграфиясымен бірге «ALEM» заманауи би балетінің концерттеріне тек сән береді.