2025 жылғы 19 мамырда Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту болды.
Жиын барысында филармония директоры Ерлан Дакенов ұжым мүшелерін жемқорлықтың кез келген түріне мүлдем жол бермеуге шақырып, бұл бағыттағы жауапкершілік әрбір қызметкердің азаматтық ұстанымымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар жиынға қатысқан филармонияның комплаенс-офицері Жандаулет Сүлейменов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жолдарына тоқталып, қызметкерлерге құқықтық талаптар мен ішкі бақылау тетіктері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараға филармонияның түрлі бөлімдерінен 20 қызметкер қатысты.
Филармония ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді ұстаным танытып, әділдік пен ашықтық қағидаттарын берік сақтауды жалғастырады.