2025 жылғы 24 мамыр күні сағат 18:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық залында Қазақстанның жетекші камералық ансамблі — Forte Trio тыңдармандарын “Summer Serenade” атты ерекше кешке жинады.

Концертте классикалық музыка әлемінің танымал шығармалары орындалып, көрермендерге шынайы рухани ләззат сыйлады. Шеберлік пен үйлесімділікті ұштастырған трио құрамында:
• Мақсат Жүсіпов (скрипка),
• Мұрат Нарбеков (виолончель),
• Тимур Урманчеев (фортепиано)
секілді дарынды музыканттар өнер көрсетті.
Кештің сәнін келтірген — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, сопрано Нұржамал Үсенбаева. Халық сүйіктісіне айналған әнші кеште вокалдық туындылармен көрермендерді тәнті етті.

Forte Trio ұжымы кезекті рет өздерінің кәсіби деңгейін, орындаушылық шеберлігін және көрерменмен терең байланыс орната алатын қасиетін дәлелдеді. Концерт көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ұзақ уақыт қошеметке ұласты.
Ұйымдастырушы: Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы