Skip to main content

30 мамыр күні «Өнерлі ұрпақ» атты концерт өтті.

30 мамыр күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Өнерлі ұрпақ» атты концерт өтті.

Шараға Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының жас орындаушылары мен тәрбиеленушілері қатысты. Балалар симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Оркестрдің бас дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты — Калман Дүйсебаев.

Концерт барысында домбыра, фортепиано, скрипка, виолончель, үрмелі және соқпалы аспаптарда өнер көрсеткен балалар көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

Мерекелік концерт жас өнерпаздардың болашағына үміт ұялатты және олардың сахналық тәжірибе жинауына үлкен мүмкіндік болды.