Skip to main content

Нұрай Танабаевтың «Сезім серенадасы» атты шығармашылық кеші өтті.

31 мамыр күні Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық залында көрнекті әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты – Нұрай Танабаевтың «Сезім серенадасы» атты шығармашылық кеші өтті.

Кеште көрермен қауым әншінің жүрек тербер сырлы әуендерін, махаббат пен сағынышқа толы музыкалық көркем шығармалар тыңдады. Концерттің ерекшелігі — шынайы эмоция, кәсіби шеберлік және сахна мәдениетінің үйлесімділігі.

Кеш қонақтары қатарында Мәдениет саласының үздігі Қарагөз Гасимова және халықаралық конкурстардың лауреаты Азамат Умаров болды.

Кеш жоғары деңгейде өтті, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Келген көрермен дән риза болып,керемет кешті қимай қоштасты.