1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ерекше танымдық дәріс-концерт — «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» өтті.
Кешті «Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі, күйші-композитор, Мәдениет саласының үздігі — Тоқжан Жахин жүргізді.

Концерттің басты мақсаты — жас буынға қазақтың ұлттық музыка аспаптарын таныстыру және олардың үнімен жақынырақ таныстыру болды. Кеш барысында домбыра, қобыз, шертер, жетіген, сазсырнай секілді ұлттық аспаптарда орындалған туындылар көпшіліктің назарын аударды.
Балаларға арналған бұл концерт тәрбиелік, танымдық маңызға ие болып, ұлттық өнерге деген қызығушылықты оятты.