Skip to main content

«Нұр-Zhamal» симфониялық кеші

2025 жылғы 4 маусым күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында ерекше симфониялық кеш – «Нұр-Zhamal» өтті. Музыка сүйер қауым бұл кештен үлкен рухани әсер алып, классикалық өнердің биік шыңына куә болды.

Кештің басты кейіпкері – Қазақстанның және Татарстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әлемге әйгілі опера әншісі Нұржамал Үсенбаева. Әнші Чехиядан арнайы шақырылған баритон Филип Банджакпен бірге өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.

Кеш дирижері – АҚШ-тан келген маэстро, Солт-Лейк-Сити филармониясының жетекші дирижері Ян Пеллант болды. Концертте симфониялық оркестр жоғары деңгейдегі орындау шеберлігімен танылды.

Музыкалық кештің көркемдік жетекшісі – ҚР халық әртісі, филармонияның көркемдік жетекшісі Абзал Мұхитдин. Бағдарламада классикалық және заманауи туындылар орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.