Астананың мәдени өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – қала күніне арналған дәстүрлі Philarmonia Fest музыкалық фестивалі басталды.
Фестивальдің алғашқы күнінде филармония ұжымдарының салтанатты шеруі мен қазақ музыкасының көрнекті өкілі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған концерт өтті.

Бұл — ұлттық өнер мен руханиятты дәріптейтін, тыңдарман мен көрерменге шабыт сыйлайтын ерекше мәдени мереке.

Алда – бірнеше күнге жалғасатын мазмұнды бағдарлама мен жарқын концерттер. Барша өнер сүйер қауымды филармонияға шақырамыз!