26 маусым күні елорда тұрғындары мен қонақтары үшін PHILARMONIA FEST – 2025 аясында есте қаларлық мәдени оқиға өтті. Атақты неміс композиторы Карл Орфтың әлемдік деңгейдегі туындысы — Carmina Burana орындалды.
⠀
Бұл кеш – көрерменге классикалық музыканың қуатын, хор және оркестр үндестігінің биік деңгейін сезіндірген өнер мерекесі болды.
⠀
Шығарманы орындаған ұжымдар:
– Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі мен камералық хоры
– Ақан Сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының камералық хоры
– Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының камералық хоры
⠀
Дирижер — Диан Чобанов (Болгария)
Солистер — Фируза Рахметова, Азамат Жылтыркөзов, Талғат Аллабириннов

⠀Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, классикалық өнердің құдіреті тербеді. Көпшілік көрермен өнерпаздарға зор қошемет көрсетті.