Skip to main content

Үрлемелі оркестрдің «Жасай бер, қазақ елі!» концерті Конституция күніне арналды

Елордадағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үлкен концерт залында Қайролла Жұмақанов атындағы үрлемелі оркестрдің «Жасай бер, қазақ елі!» атты мерекелік кеші өтті. Концерт Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналды.

Мерекелік бағдарламада халықтың жүрегіне жақын патриоттық әндер, сонымен қатар әлемдік және отандық классикалық туындылар мен эстрадалық шығармалар орындалды. Оркестрдің жоғары кәсіби деңгейі әрбір нөмірге айрықша рең беріп, көрермен ықыласын арттырды.

Залға жиналған көпшілік әрбір өнерпаздың орындауын зор қошеметпен қабылдап, ерекше әсер алғанын білдірді.

Конституция күніне арналған бұл концерт Ата Заңымыздың мәртебесін айшықтап, ел бірлігін нығайтуға, ұлттық рухты асқақтатуға үлес қосты.